Super User

Super User

Понедельник, 21 июня 2021 11:15

ТЕХНИЧЕСКИЙ ОСМОТР

В период с 18 по 19 июня 2021 года отделом военной полиции Таразского гарнизона был проведен технический осмотр механических транспортных средств военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати. Замечаний нет.

Ел арасында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөбересін әлпештей өсіріп, шаңырағынан шаттық лебі ескен өнегелі отбасылардың көптігі көңіл қуантады. Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың рөлі зор. Ата-ана өмірлік тәжірбиелері арқылы балаларына қалай өмір сүруге, берілген жағдайда қалай әрекет етуге болатындығын үйретеді. Үлкендердің кеңесін басшылыққа ала отырып, жастар өздерінің болашақ өмір жолын таңдайды.

Бүгінде жанашыр жар, үлгілі әке, қамқор ата атанып отырған керегесі кең, шаңырағы шаттықтыққа толы, көпке үлгі болар отбасының иесі – техника ғылымдарының докторы, Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі ғылымдарының академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы, Дулати университетінің су ресурстары кафедрасының профессоры, Диссертациялық кеңестің төрағасы – Сейтхан Қойбақов.

Ол Ұлы Отан соғысы жыдарында жанкештілікпен, ерлікпен аман қалған жандардың отбасында дүниеге келеді. Қойбақовтар әулетінде 13 бала болған. Бірге өсіріп, тәлімі мол тәрбие берген анамыз – 94 жаста, 32 немересі, 31 шөбересі және 5 шөбшегі, яғни бес ұрпағы бар. Пандемияға дейін Сейтхан Қойбақовтың жанұясы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мерейлі Отбасы-2019» байқауының қалалық кезеңіне қатысып, Гран-приді жеңіп алды.

Сейтхан мырза отбасындағы тәрбиені басты орынға қою керек деп балаларына үнемі айтып отырады. «Менің кішкентай болсын жеткен жетістігім ата-анамның бойыма сіңірген тәрбиесінің нәтижесінде деп білемін. Бағымызға орай әкем соғыстан аман-есен оралған екен. Тағдыр оны қаталдыққа, қайтпас қайсарлыққа, темірдей тәртіпке үйреткендіктен болар бізге мейірлене көп қарамайтын. Бала кезімізден еңбексүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке, тәуелсіздікке, жауапкершілікке, жақсы оқуға деген ұмтылысқа үйретті. Әкеміз жұмыс күндері, демалыс күндері болсын, бізді таңертең не оқуға, не үй шаруасына көмектесуді әдетке айналдыруға баулыды. Көпбалалы отбасы болғандықтан, анамыз үй шаруасымен айналысты. Өз бақшамыз бен төрт түлігіміз болды. Үйде бауырларыммен бос уақытымызда демалыс күндерімізде жұмыс істедік. Біз жаздың аптап ыстығына қарамай шөп орып, оны жинаушы едік. Қазіргідей техникамен емес барлығы қолмен жиналатын. Сосын,  азық-түлік өнімдері - картоп, көкөніс, бидай дайындаумен айналысқанбыз. Үй жұмыстарынан басқа, сапалы кірпішке тапсырыс бойынша жұмыс істедік. Табылған ақшаға қажетті киім мен аяқ киім, оқу құралдарын сатып алатынбыз. Бала кезімізден еңбекке көп араласқындақтан, өмірдегі кейбір сәтсіздіктер бізді қынжылтып, құлата алмады. Қазір айтып отырып тек күліп аламыз. «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп үлкендер бекер айтпаған екен. Қазір осы күніміз үшін ата-анаға тек алғыс айтамыз» - дейді   Сейтхан Мелдеханұлы.

Бүгінгі күні балаларына ғана емес, университет ұжымы мен студенттеріне ағалық ақылын айтудан еш жалықпайтын ағамыздың әулетінде ғалымдар, мұғалімдер және әскери қызметкерлер шыққан. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Бауыржан Қойбақов, генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының академигі Сейітжан Қойбақов, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Елизавета Койбакова, кандидат Ерлан Қойбақов. Адам ұрпағымен мың жасайды, сол үшінде бала тәрбиесіне, оның қоғамдағы алар орнына ерекше мән берген отбасының бастауы болған ата-анасы балаларын адамгершілік қасиеттерге баулып, әрқайсысының өмірдегі дара жолдарының қалыптасуына дұрыс бағыт көрсете білді. Тамыры тереңге жайылған, биік бәйтеректей бүгінгі отбасының ұрпағы елдің барлық аймақтарында тұрады.

Сейтхан Қойбақов мырза бауырларының елдің ертеңі үшін туған азамат болғандырын мақтанышпен айтады. «Тағдыр таңдаудан тұратынын ескерер болсақ, біздің үйдең балалары ғылым жолын таңдап, өз еңбектерін келешек жастар үшін жазып қалдыра алды. Мәселен,  Бауыржан Қойбақов 60-тан астам ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды. Олар елімізде және шетелдерде жоғары бағаға ие болды. Өтпелі кезеңдегі елдегі суармалы егіншіліктің жай-күйін сипаттайтын, су мен ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың себептерін ашатын, нарықтық тәсілді қолдана отырып, оларды шешудің себептерін айқындайтын «Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ирригация» монографиясы жариялаған. Бауыржан Қойбақов тек қаланың қоғамдық өміріне ғана емес, сонымен бірге халық депутаттары Орталық аудандық Кеңесінің депутаты және аудандық атқару комитетінің мандат комиссиясының мүшесі болып сайланды, 2 Халықаралық ғылыми және экология және қоршаған ортаны қорғау проблемасына арналған техникалық конференцияларға қатысты. Академик Қойбақов Бауыржан Мелдебекұлы өзінің жоғары эрудициясымен, өзіндік талапшылдығымен, ғылымға адал қызметімен, қарым-қатынастың жоғары мәдениетімен өзі араласқан адамдар арасында лайықты беделге және құрметке ие болды. Атақты ғалым, Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигін мәңгілікке қалдыру мақсатында 1999 жылы 18 қарашада ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.  2000 жылы 14 қаңтарда Тараз қалалық мәслихаты мен қала әкімінің шешімімен бұрынғы Красин көшесі Бауыржан Қойбақов көшесі болып өзгертілді. Генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының академигі Сейітжан Қойбақов ұлттық қауіпсіздік жүйесінде қызмет етіп, тәуелсіздікті нығайтуға және конституциялық құрылысты қорғауға үлкен үлес қосты. Елизавета Қойбақова, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының кандидаты, Ерлан Қойбақовта еліміздің дамуына үлес қосты. Мен болсам, менің барлық өнертабыстарым гидротехникалық нысандарды әртүрлі табиғат құбылыстарынан қорғауға байланысты. Мен өзімнің барлық өнертабыстарымда элементтердің табиғи күшін жел немесе су болсын элементтерге қарсы күресте қолданамын.

Бұл өнертабыстарда жасанды энергияны ысырап етудің қажеті жоқ, егер табиғат дұрыс бағытталса, бәрін өзі жасайды. Алғаш рет теориялық тұрғыдан негізделген каналдар мен жол қазбаларының қарға төзімді профилі туралы түсінік берді. Осының негізінде КСРО мен Қазақстан Республикасының патенттерімен расталған қардың жиналуымен күресудің жаңа әдістері жасады. Ертіс-Қарағанды ​​каналында гидротехникалық тәжірибеде баламасы жоқ үлкен су айдындарындағы қалқымалы қоқыстармен (самосвал) дрейфтен авариялардың алдын-алудың принципиалды жаңа әдістерін ұсынды. Ол «Ирригациялық жүйелерді жаңарту кезінде су ресурстарын ұтымды басқару және пайдалану жүйесін құру», «Құрылыс бетонының сапасын қамтамасыз ету» ғылыми жобаларының жауапты орындаушысы болды. Қойбақовтар шаңырағы – көпке үлгі боларлық, тәлім-тәрбие аларлық қызыға қарайтын, ғылым жолында өз үлестерін қосып жүрген үлкен әулет.

Сейтхан Қойбақов ғылым жолынан бұрын, бастысы отбасы тәрбиесі екендігін айтты. Әке көрген оқ жонар, дегендей сіз балаларыңызға қатал болдыңыз ба деген сұрағымызға ағамыз «Әрине, отбасылық тәрбиеде алдымен ата-ана өзінен бастауы керек. Балалар ата-анасынан үлгі алады, олардың мінез-құлқын көшіреді. Балаларды еңбекке, тәртіпті болуға үйретуге тырыстым. Ең бастысы, олар өздеріне және айналасындағыларға адал болуы керек екендігін үнемі айтып отырдым. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер аса маңызды, ал қалғандарының барлығы қосымша болып табылады ғой. Егер адам принципсіз болса, онда мінез-құлық мәдениеті және оның іс-әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына алу мүмкіндігі жоқ болса, қанша жерден білімді, білікті, бай-қуатты болып тұрса да оған ештеңе көмектесе алмайды. Егер адам адал, әдепті, жауапкершілікті, саласының білімді және жақсы маманы, тіпті қарапайым жұмысшы болса, онда уақыт өте келе оның бәрі оны биік нәтижеге шығара алады.

Бақыт деген өсірген ұл-қызыңның биік шыңдарды бағындарғанын көру екен. Ата-ананың қуанышқа бөленуі өте оңай. Бақыт үлкен отбасыда бәріміз жиналып дастархан басында шүйіркелесіп әңгіме айтып отырғанда, Бақыт деген - балаларың жақсы болғанда, олардың жетістіктеріне қуанған кезде. Жұбайым Жанар екеуміз жеке және кәсіпқой болып өскен бес баланы тәрбиеледік. Балаларым ата-аналарының жолын қуып, ғылыми немесе әскери жолды таңдады. Бақтиярдың ұлдары - ҰҚК полковнигі, Дәурен ғарышты таңдады. Ол ЕҰУ-дің бакалавриат және магистратураларын бітірген. Гумилев «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша және осы бағытта «Қазақстан Карыш Сапары» Ұлттық компаниясы»АҚ-да жұмыс істейді. Бұл компания Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі мен жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Гүлнұрдың қыздары - қоршаған ортаны қорғау инженері, Асема - «Болашақ» бағдарламасының халықаралық құқық түлегі (Нидерланды) Сеулдегі магистратураны бітіргеннен кейін Нұр-Сұлтандағы қазақ-француз компаниясында жұмыс істеді, PhD докторантурасында оқиды. Қазірдің өзінде жеті немереміз бар.

Жалғандағы ең ыстық мекен – жанұя. Бала дүниеге келген сәттен бастап өзінің қамқорлығы мен мейіріміне бөлеп, оған әлемдегі сұлулықты, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуді бойларына сіңіруді үйреткен, барлық жағдайда әділетті де адал болу сынды адами қасиеттерді үйрете білген өз баласын ғана емес, талай жасты тәрбиелеген Қойбақовтар әулеті бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген мерейлі жандар!

 

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Доцент Университета Дулати, кандидат педагогических наук, член-корреспондент Академии педагогических наук Казахстана Керимбаева Рысты Калдыхановна приняла участие в республиканском конкурсе по созданию игровых макетов для детей дошкольного возраста по проекту идеологической платформы «Ulttyqtárbıe» Казахстанского института общественного развития «Руханижаңғыру» Министерства информации и общественного развития РК в рамках программы «Руханижаңғыру» и получила грант стоимостью 4 миллионатенге.

Керимбаева Рысты Калдыхановна - Победитель гранта Министерства образования и науки РК "Лучший преподаватель вуза-2019", обладатель нагрудного знака министра образования и науки РК "Ы. Алтынсарин", научный руководитель научно-педагогической экспериментальной работы на тему "Педагогические условия организации развития познавательных способностей воспитанников через проектную деятельность в детском саду», научный руководитель научно-педагогической экспериментальной работы на тему "Педагогические условия организации развития педагогико-психологических аспектов полиязычного воспитания в условияхдетского сада", автор более 200 научных трудов, в том числе 2 монографии («Формирование национального мировоззрения дошкольников через игры Асыка»-2021, Использование этнопедагогических проектов в формировании духовной личности поколения «Мәңгілік ел».- 2020 год); автор 12 учебно-методических пособий и патента на полезную модель передвижной учебной демонстрационной доски «Чудо-юрта», победитель международных, республиканских, областных конкурсов, квалифицированный учитель.

Уважаемая Керимбаева Рысты Калдыхановна!

Поздравляем вас с победой! Желаем здоровья, успехов в труде, благополучия в деле национального воспитания детей.

Главная цель проекта ученого-педагога Рысты Калдыхановны - привить детям любовь к национальным ценностям через элементы игры, через игру познакомить детей с предметами быта, музыкальными инструментами и продуктами питания казахского обряда, сформировать у детей чувство патриотизма.

Медиа-служба Университета Дулати

Дулати университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Керимбаева Рысты Қалдыхановна «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы жобасы бойынша  мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын макеттерін жасау бойынша республикалық байқауға қатысып, құны 4 миллион тұратын грантқа ие болды.

Керимбаева Рысты Қалдыхановна - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы-2019»грантының    жеңімпазы,  ҚР Білім және ғылым министрінің  «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, «Балабақшада жобалық іс-әрекет арқылы тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми-педагогикалық эксперименттік жұмыстың    ғылыми жетекшісі, «Балабақша жағдайында көптілдікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері дамытуды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы ғылыми-педагогикалық эксперименттік жұмыстың    ғылыми жетекшісі, 200-ден аса ғылыми еңбектің, соның ішінде 2 монография «Асық ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру»-2021, «Мәңгілік ел»  ұрпағының  рухани тұлғасын қалыптастыруда этнопедагогикалық жобаларды  пайдалану.-2020 жыл);  12 оқу әдістемелік құрал,  «Ғажайып киіз үй» жылжымалы оқу демонстрациялық тақтасының пайдалы модель патентінің авторы, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы, ұлағатты ұстаз.

Құрметті Керимбаева Рысты Қалдыхановна!

Сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз! Балаларға ұлттық тәрбие беру ісіңізге береке, еңбегіңізге табыс, деніңізге саулық тілейміз.

Ғалым-педагог Рысты Қалдыхановнаның жобасының басты мақсаты - жас жеткіншектер бойында ұлттық құндылықтарымызға деген сүйіспеншіліктерін ойын элементтері арқылы дарыту, ойын арқылы жас жеткіншектерге қазақ салтындағы тұрмыс құралдары мен музыкалық аспаптары және тағам өнімдерімен таныстыру, балалар бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру.

Дулати Университетінің
медиа-қызметі

Пятница, 18 июня 2021 04:48

ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАСЫҢ!

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, мамыр айының 26-30 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында таэквондодан ХI жазғы универсиада өтті. Таэквондо десе, бірден аяқ күшімен шайқасатын спорт түрі көз алдымызға келеді. Аталған универсиадаға «Менеджмент» мамандығының 4 курс студенті, аталмыш  спорт түрін серік еткендердің бірі - Құрманбеков Арманжан қатысты. Құрманбеков Арманжан - қайсар жігітіміз бұл жарыста да жүлдесіз қалмады. Университетіміздің намысы үшін бар күшін салып, 2 орын иегері атанды.

Четверг, 17 июня 2021 09:46

2021 ЖЫЛҒЫ ОҚУ ЖИЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілде мен 10 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының үшінші курс студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.

Оқу жиынының бастығы, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедраның цикл бастықтары мен оқытушыларына оқу жиынын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттарды және оқытудың техникалық құралдарын дайындауды тапсырды.

В соответствии с приказом Министра обороны Республики Казахстан  в период с 2 июля по 10 августа 2021 года спланировано проведение учебного сбора со студентами третьего курса военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати.

Начальником учебного сбора подполковником запаса Алибековым М.Ф. было дано указание начальникам  циклов и преподавателям военной кафедры подготовить учебную материальную базу, методическую документацию и технические средства обучения для организации и проведения учебного сбора.

"Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді", - деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, тілдің ұлт болашағы алдындағы киесі жоғары. Туған тілін қастерлеу, құрмет тұту - әрбір пенде баласының басты борышы. Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы.

Четверг, 17 июня 2021 09:14

ТІЛ ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ТУЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру  таяудағы жылдары атқарылатын негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтқан болатын.

Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени-рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ-технологиялардың дамуына жағдай жасайды. Қазақстанның бүкіләлемдік қауымдастықта аса ықпалды мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін күшті, экономикалық даму динамикасы үнемі өрлеу жолындағы ел болғаны ғана жеткіліксіз болмақ. Сонымен бірге, біз рухани-мәдени және дүниетанымдық тұрғысынан да өркендеуге тиіспіз. Ол үшін өркениеттіліктің ең бірінші сұранысы болып саналатын әліпбиіміз – латын қаріпімен болғаны дұрыс.

Страница 265 из 452
Top