Super User

Super User

Вторник, 30 ноября 2021 10:25

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ

2021 жылы 23 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының  6B05314 - Химия білім беру бағдарламасының 2 курс топ кураторы Мамешова Саят Әлішеріқызының ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қазіргі әлемдегі лаңкестік және діни экстремизмнің қауіпі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге 2 курс студенттері мен М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірдік университеті Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы - магистр Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар екендігін жастарға толық түсіндіру. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайтын, билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялататын, қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзатын ұйымдармен күресуде елімізде жасалынып жатқан жұмыстармен таныстыру. 

23.11.2021 года в онлайн режиме на платформе ZOOM было проведено расширенное заседание кафедры "Водные ресурсы" института «Водное хозяйство и природообустройство» Таразского регионального университета им.М.Х.Дулати. Тема заседания «Обсуждение и утверждение результатов обучения по направлению подготовки "Водное хозяйство"». В обсуждении темы приняли участие представители предприятий Водного хозяйства региона и члены профессорско-преподавательского состава кафедры «Водные ресурсы». Заведующий кафедрой поприветствовал гостей и членов ППС, и ознакомил с перечнем результатов обучения магистратуры и докторантуры по направлению подготовки 7M074 и 8D074 «Водное хозяйство».  Представители ЖФ РГП Казводхоз - зам.директора Зарубаева Г.Г., РГУ Шу-Таласской бассейновой инспекции КВР - зам.руководителя Ибраев Т.К., ТОО «КазНИИВХ» - зам.гендиректора – Ибраев Т.Т., ведущий специалист отдела «Мелиорации, экологии и водопользования» Джайсамбекова Р. высказали свои предложения и дополнения по обучению в магистратуре и докторантуре. После обсуждения были утверждены результаты обучения по направлению «Водное хозяйство».

23.11.2021 жылы онлайн режимінде ZOOM платформасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыстың тақырыбы "Су шаруашылығы" даярлау бағыты бойынша оқыту нәтижелерін талқылау және бекіту".

Тақырыпты талқылауға облыстың су шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері және "Су ресурстары" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелері қатысты.

Кафедра меңгерушісі қонақтар мен ПОҚ мүшелерін қарсы алды және магистратура мен докторантураны «Су шаруашылығы»  даярлау бағыты бойынша оқыту нәтижелерінің тізбесімен таныстырды

Қазсушар РМК - директордың орынбасары Зарубаева Г.Г., Шу-Талас бассейндік инспекциясының РММ - басшының орынбасары Ибраев Т.К. , ҚазСШҒЗИ ЖШС -  бас директорының орынбасары Ибраев Т.Т., "Мелиорация, экология және сумен жабдықтау" бөлімінің жетекші маманы Р. Джайсамбекова магистратура мен докторантурада кадрлар даярлау бойынша өз ұсыныстары мен толықтыруларын білдірді.

В рамках мероприятий, посвященных 30-летию независимости Республики Казахстан, кафедрой «Водные ресурсы» института «Водное хозяйство и природообустройство» Таразского регионального университета им.М.Х.Дулати 24 ноября 2021 года был проведен круглый стол на тему  «Проблемы и перспективы межгосударственного сотрудничества государств Центральной Азии и Казахстана в области использования трансграничных водных ресурсов».

Заведующий кафедрой «Водные ресурсы» Жолдасов С.К.  представил гостей и участников  круглого стола -  зам.директора ЖФ РГП «Казводхоз» Зарубаева Г.Г., зам.руководителя РГУ ШТБИ КВР МЭГиПР РК Ибраев Т.К., зам.гендиректора ТОО «КазНИИВХ» Ибраев Т.Т., ведущего специалиста отдела «Мелиорации, экологии и водоснабжения» Джайсамбекова Р., профессора университета Мичиган США Жанай Сагина, ППС кафедры «Водные ресурсы».

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтының "Су ресурстары" кафедрасы 2021 жылғы 24 қарашада "Орта Азия және Қазақстан мемлекеттерінің трансшекаралық су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастығының проблемалары мен перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Су ресурстары» кафедрасының меңгерушісі С.Қ. Жолдасов дөңгелек үстел қонақтары мен қатысушыларын таныстырды. Ол Қазсушар РМК - директордың орынбасары Зарубаева Г.Г., Шу-Талас бассейндік инспекциясының РММ - басшының орынбасары Ибраев Т.К. , ҚазСШҒЗИ ЖШС - бас директорының орынбасары Ибраев Т.Т., "Мелиорация, экология және сумен жабдықтау" бөлімінің жетекші маманы Р. Джайсамбекова, АҚШ Мичиган университетінің профессоры Жанай Сағин, «Су ресурстары» кафедрасының ПОҚ.

Студенттердің  ғылыми-зерттеу жұмысы кең мағынада бұрыннан бар білімді кеңейтуге, жаңа мәліметтер алуға, бар ғылыми болжамдарды тексеруге және табиғат пен қоғамдағы жаңа заңдылықтарды, құбылыстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет және оның нәтижесі болып табылады. Сондықтан бұл үрдіс студенттің университеттегі оқу жұмысын және рефераттар мен курстық жұмыстарды дайындауды ғана емес, сонымен қатар оның ғылыми үйірмелердегі, конференциялардағы сабақтан тыс жұмыстарын қамтиды.

«Техникалық физика» кафедрасы белгілі бір бағыттағы мамандарды ғана емес, ғылыми қызметке кадрларды да дайындауды мақсат етеді.

Исследовательская деятельность студентов в самом широком смысле - это работа, направленная на расширение существующих знаний, получение новой информации, проверку полученых научных гипотез и выявление новых закономерностей и явлений в природе и обществе. Поэтому в этот процесс входит не только учебная работа студента в вузе и подготовка рефератов и курсовых работ, но и его дополнительная деятельность в научных кружках, конференциях.

Кафедра «Техническая физика» нацелена на подготовку не только специалистов в определенных областях, но и кадров для научной деятельности.

В целях реализации приказа Министерства образования и науки Республики Казахстан от 19 июля 2021 года №349" об утверждении плана распределения численности иностранных ученых для привлечения к преподавательской деятельности в организациях высшего и послевузовского образования" Таразский региональный университет имени М. Х. Дулати пригласил профессора Мичиганского университета США (Канада) Жаная Сагина.  В период с 2 по 30 ноября 2021 года Жанай Сагин провел лекционные  и практические занятия для профессорско-преподавательского состава, магистрантов, докторантов и  студентов института «Водного хозяйства и природообустройства». Также профессор провел семинары для ППС кафедр института на тему «Международные научные проекты в рамках программы американского Совета UniCEN и USDTA».

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №349 бұйрығын іске асыру мақсатымен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті АҚШ (Канада) Мичиган университетінің профессоры Жанай Сагинды шақырды. Профессор Жанай Сагин «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының профессор-оқытушылық құрамы мен магистранттарына, докторанттарына, студенттеріне арнап 2021 жылғы 02 мен 30 қараша аралығында «Американдық кеңес UniCEN және USDTA бағдарламасы аясындағы халықаралық ғылыми жобалар» тақырыбында дәріс, семинар мен институт кафедраларының ПОҚ-н танысып, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, оқытушылармен пікір алмасты.

Понедельник, 29 ноября 2021 08:49

АШЫҚ ДИАЛОГ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің 7 тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі бойынша ашық диалог өтті.

Аталған іс-шараға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев, М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов, Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Алмаз Садубаев, унверситет профессор оқытушы құрамы, студент-жастар қатысты.

2

Ашық диалогта Елбасының «Елдіктің 7 тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі жан-жақты айтыла келіп, бұл мәселелерді сонау алғаш Президент болған күннен бастап үнемі көтеріп келгендігі сөз болды.

Сонымен қатар, іс-шарада әр адам рухани жаңғыруды өзінен бастау керектігі, балаға шыр етіп дүниеге келген күннен бастап дұрыс тәрбие беріп, ана тілін үйретіп, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңдіруіміз керектігі, табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде екендігі, ұлттық мәдениет, бірлік пен келісім - халықтың рухани тірегі екендігі жайында өзекті мәселелер қамтылды.

4

Іс-шараның мақсаты - тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек, прагматизм бағытындағы «Елдіктің жеті тұғырын» тиянақтау мен тұлғаландыру және жаңа буынға аманат ету, елін жерін сүйетін, бірлікті ту ететін, мәдениетті және оқыған намысты, жауапты азаматтарды қалыптастыру.

5

Осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жастың жетістікке жетуі мен қоғамға пайдалы адам болуына, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал ету.

Сонымен қатар, бұл іс-шарада Жамбыл облысының 1991 жылдан бері даму тарихы туралы көпсериялы бейнеролик көрсетілді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушы-профессорлары және студенттері (инклюзивті) марапатталып, студенттерге «Нұр Отан» партиясының билеттері табысталды.

Ашық диалог аясында М.Х.Дулати университетінің жастары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жария еткен «Елдіктің 7 тұғыры» қағидаттары бойынша Қазақстан жастарына үндеу жариялап, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студент-жастарына челлендж жолдады.

6

8

9

10

Страница 216 из 452
Top