
Super User
ӨНЕРЛІ ЖАСТАР ҰЛЫС КҮНІН ӘН-ЖЫРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Жаңғыру мен жаңарудың, татулық пен ынтымақтастықтың, ырыс пен молшылықтың белгісі болып саналатын Ұлыстың ұлы күнін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өнерлі жастары ерекше қарсы алды. Тоғыз күн аталып өтетін мерекенің төртінші күнін ән-күйге бөлеген «Өнер және спорт» кафедрасының студенттері арнайы концерт ұйымдастырды.
Бір атап өтетіні, бұл шарала ұлттық өнер көбірек ұлықталды. Концерттің шымылдығын кафедра оқытушысы, көркемдік жетекші Сәулебек Жантаев «Шыныаяқ» күйімен түрсе, жас ақындар Серікжан Нұрғали мен Мұқасан Қалдар жеңіл әзілмен сөз қағыстырып, жиылған жұртқа Наурыз жырын арнады.
Өнерпаздардың ұлттық киімдерімізді дәріптеп, сахнаның сәнін келтіргенін құба-құп көрді көрермен. Әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй ойнаған жастардың талабы қуантты. Жастар Ұлыс күнін келгенін паш етіп, шашу шашып, келгендерге Наурыз дәмнен татырды.
АЛЬЯНС ЖАСТАРЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ТАРТУЫ
Пандемия басталғалы карантиндік талаптар көп нәрсеге тыйым салғаны рас. Екі жылдан бері Ұлыс күнін шат-шадыман шаттықпен тойлай алмай, амалсыз тосылдық.
Көңіл көркейтер осынау мерекені тойлауды жұрт, әсіресе, жастар сағынып-ақ қалған екен. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Қазақстан студенттері альянсының» жастары Наурыз мерекесіне орай студенттерге ерекше тарту жасады. Арнайы концерт ұйымдастырып, әсем ән шырқап, жырдан шашу шашты.
Жастардың Ұлыс күніне арнаған концерттік бағдарламасының форматының өзгеше болғанын айта кету керек. Студенттердің таптаурын сценарийге сүйенбей, тыңнан түрен салуға ұмтылғаны қуантты. Кәсіби тұрғыда мюзкл жанрына жақын шағын сахналық қойылым барысында әсем ән де шырқалды, би де биленді. Арасында жастардың жарасымды әзілі де көрініс тауып жатты.
Альянс жастарының көрерменге ұсынғанын рас,толықтай мюзкл деуге келмес. Әйтсе де, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған сахнадағы өз қаламыздың шағын көрінісі көңілге жақын көрініп, әдемі әсерге бөледі.
МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫЙ СОДРУЖЕСТВО И СОГЛАСИЕ ЯВЛЯЮТСЯ СВИДЕТЕЛЬСТВОМ НАШЕГО ЕДИНСТВА
На кафедре «Химия и химическая технология» 15 марта 2022 года в ауд. 2.3.208 было организовано преподавателями кафедры «Химия и химическая технология» к.т.н., доцентом Х.Р. Садиевой, М.А. Дауренбек, Д.А.Кулбаевой круглый стол на тему «Межнациональный содружество и согласие» со студентами 2 и 3 курса образовательных программ 6В05314 – Химия и 6В07115 - Химическая инженерия и процессы, с участием ППС, также со специалистами учебно-воспитательного отдела университета. В ходе круглого стола разъяснялись смысл и сущность национальный дружбы, согласие и мира, обсуждая со студентами вопросы межнационального согласия, мира и дружбы. Также студенты танцевали туркменский народный танец, прославили дружбу народов. Также было показано видеоролик, посвященный дружбе народов.
ТАТУЛЫҚ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Татулық – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Алауыздық ауызбіршіліктен айырады. Берекенің өзі тыныштық пен ынтымағы асқан жерге үйір. Жастардың бойында толерантты мінез-құлық қалыптастыру үшін осы ұғымдардың мәнін түсіндіру қажет. Осы мақсатта 15 наурызда «Химия және химиялық технология» кафедрасының бірқатар оқытушылары доцент Х.Садиева, М. Дәуренбек, Д.Күлбаеваның «Ұлтаралық татулық және ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Өзекті тақырып төңірегінде келелі әңгіме қозғалған басқосуда кафедраның профессор оқытушылар құрамы, университеттің тәрбие бөлімінің мамандары, студенттер ой-пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде ұлтаралық татулық, бейбітшілік, достық туралы мәселелер талқыланып, ұлттық тәрбие мен татулықтың мән-мағынасы түсіндірілді.
ПОВЫШЕНИЕ РЕЛИГИОЗНОЙ ГРАМОТНОСТИ СРЕДИ МОЛОДЕЖИ
14 марта старший преподаватель кафедры «Химия и химическая технология» С. Мамешова и главный специалист Центра религиоведения Б. Алпысбаев совместно провели информационно-разъяснительную работу в сфере религии для студентов 2 курса образовательной программы «Химия». Целью встречи является формирование религиозной грамотности студенческой молодежи, профилактика и защита от влияния деструктивных религиозных течений.
Для профилактики идеологии деструктивных религиозных течений в обществе необходимо осуществлять воспитательные направления, основанные на национальных и духовных ценностях. Со стороны студентов были направлены различные вопросы, которые продолжались в виде вопросов и ответов.
ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ КЕТПЕСІН
Жастар жат ағымның жетегінде кетпесін десек, діни сауаттылықты арттыруда маңызды қадам жасауға тиіспіз. Бұл үшін әрине, кешенді жұмыс жүргізу қажет. Білім алуға, өмірді тануға ұмтылған өскелең ұрпақ адаспайды. Ал ол үшін білім беру жүйесіне өзгерістер керек.
14 наурызда «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С. Мамешова және Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаевтың студенттермен кездесу ұйымдастырудағы мақсаттары осы болды. Жастарға өмірлік білім алудың, яғни кәсіп иесі атанатындай мамандық алудың маңызы туралы айтылды. Студенттер спикерлерге әртүрлі сауалдар жолдап, еркін әңгіме өрбіді.
ҚР ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ТАНЫСТЫРУ
2022 жылдың 16-наурызында әскери кафедра студенттерімен Қазақстан Республикасының Әскери доктринасымен таныстыру сабағы өткізілді.
Цикл бастығы, запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерді ҚР Әскери доктринаның негізгі ережелерімен таныстырды.
ПРОВЕДЕНИЕ ЗАНЯТИЙ СО СТУДЕНТАМИ
16 марта 2022 года со студентами военной кафедры проведено занятие по ознакомлению с Военной доктриной Республики Казахстан.
Начальник цикла подполковник запаса Калилаев Д.Ж. довел до студентов основные положения Военной доктрины РК.
«ЖАСТАРДЫ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ЖҮРГІЗУ.
2022 жылдың 17 наурызында әскери кафедра студенттерімен «Жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеудің заманауи аспектілері» тақырыбы бойынша әңгіме жүргізу өткізілді.
Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П Наурызбаев тыңдаушылардың назарына патриоттық тәрбие берудің мақсаты – өз Отанын сүйетін, Отанына адал, оған бар ынтасымен қызмет ететін және оның мүдделерін қорғауға дайын патриотты тәрбиелеу екенін жеткізді.
ПРОВЕДЕНИЕ БЕСЕДЫ-РАССКАЗА НА ТЕМУ: «СОВРЕМЕННЫЕ АСПЕКТЫ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ МОЛОДЕЖИ»
17 марта 2022 года со студентами военной кафедры была проведена беседа-рассказ на тему: «Современные аспекты военно-патриотического воспитания молодежи».
Начальник цикла подполковник запаса Наурызбаев Ж.П. довел до слушателей, что целью патриотического воспитания является воспитание убежденного патриота, любящего свою Родину, преданного Отечеству, готового служить ему своим трудом и защищать его интересы.