
Super User
TEX4FUTURE project
ERASMUS+ DULATY UNIVERSITY
Phone number: 8-705-733-5257
Address: Taraz, Tole bi str., 60
Official website of the project
National Erasmus+ office in Kazakhstan https://erasmusplus.kz/

ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan»
The goal of the project is to train highly qualified personnel for the textile and clothing industries of Uzbekistan and Kazakhstan, using the best practices of European countries through the introduction of educational innovations, the latest technologies in the textile and clothing industries of Uzbekistan and Kazakhstan. Also, the goal of the project is to strengthen the ties between education, production and business, which make up the knowledge triangle.
The TEX4FUTURE project “Strengthening the knowledge triangle for technology and innovation in the textile industry of Uzbekistan and Kazakhstan” will be essential for the development of textile companies in both countries through modernization:
- curricula of partner universities through the implementation of knowledge acquired at seminars and trainings;
- opening educational courses, master classes;
- conducting specialized training sessions for representatives of enterprises, small and medium-sized businesses.
As a result of the project, four Innovative Educational Centers will be created at partner universities: two in Kazakhstan and two in Uzbekistan.
The total amount of funding will be used for the equipment of educational centers and training sessions.
Educational centers will provide training services for textile and clothing companies in new technologies.
Project Coordinator Technical University of Crete, Greece
Duration: 01/02/2024- 31/01/2027
Financing: 790.985,00 EURO
PARTICIPATING COUNTRIES FROM EUROPEAN UNION
- Technical University of Crete (TUC), Greece https://www.tuc.gr/el/index.php?id=4992
- Panepistimio Dytikis Attikis (UNIWA), Greece https://www.uniwa.gr/en/
- “Gheorghe Asachi” Technical University of Iaşi (TUIASI), Romania https://www.tuiasi.ro/
- EGE University (EGE), Türkiye https://ege.edu.tr/eng-0/homepage.html
- Creative Thinking Development (CRETHIDEV), Greece https://www.crethidev.gr/
- Guru Services.Biz Idiotiki Kefalaiouxiki Etaireia (GURU), Greece
COUNTRIES PARTNERS
Kazakhstan
- M.Kh. Dulaty Taraz Regional University (DTSU)
- M.Auezov South Kazakhstan University (SKSU)
- Light Industry Association of the Republic of Kazakhstan (APLP RK) https://aplp.kz/
Uzbekistan
- Tashkent Institute of Textile and Light Industry (TITLI) http://titli.uz/
- Jizzakh Polytechnic Institute (JIZPI) https://jizpi.uz/ru/
- Knowledge triangle and innovation (KTI)
- Fergana State University (FSU) https://www.fdu.uz/
- O'zbekiston Savdo-Sanoat Palatasi (CCIU) https://chamber.uz/
Photo |
Name |
Position in the university |
Position in the project |
Contacts |
![]() |
Gulzira Dzhumabekova |
PhD, associate professor |
Local Coordinator / Manager |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Bekzhan Abzalbekuly |
PhD, associate professor |
Trainer |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Farhad Tashmukhamedov |
PhD, associate professor |
Trainer |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Assel Baidilddayeva |
Assistant |
Trainer |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Urzhamal Kelesova |
candidate of economic sciences, associate professor |
Technical staff |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Marzhan Omarbekova |
candidate of technical sciences, associate professor |
Technical staff |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Khalipa Sadieva |
candidate of technical sciences, associate professor |
Administrative staff |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Mukhamedzhan Shardarbek |
candidate of technical sciences |
Administrative staff |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Svetlana Burdeyeva |
Head of Laboratory |
Technical staff |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Yussupova Laura |
Lecturer |
Technical staff |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
TEX4FUTURE жобасы
ERASMUS+ DULATY UNIVERSITY
Телефон: 8-705-733-5257
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60
Жобаның ресми сайты
Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесі https://erasmusplus.kz/

ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan»
Жобаның мақсаты Өзбекстан мен Қазақстанның текстиль және тігін өнеркәсібіне білім беру инновацияларын, соңғы технологияларды енгізу арқылы Еуропа елдерінің озық тәжірибесін пайдалана отырып, Өзбекстан мен Қазақстанның текстиль және тігін өнеркәсібі үшін жоғары білікті кадрларды даярлау болып табылады. Сондай-ақ, жобаның мақсаты – білім үшбұрышын құрайтын білім, өндіріс және бизнес арасындағы байланысты нығайту.
«Өзбекстан мен Қазақстанның текстиль өнеркәсібіндегі технологиялар мен инновациялар үшін білім үшбұрышын нығайту» TEX4FUTURE жобасы келесі модернизация арқылы екі елдің текстиль компанияларын дамыту үшін маңызды болады:
- семинарлар мен тренингтерде алған білімдерін енгізу арқылы серіктес университеттердің оқу жоспарларын модернизациялау;
- мастер-класс, оқу курстарын ашу;
- кәсіпорындардың, шағын және орта бизнес өкілдері үшін мамандандырылған оқыту тренингтерін өткізу.
Жобаның нәтижесінде серіктес университеттерде төрт Инновациялық білім беру орталығы құрылады: екеуі Қазақстанда және екеуі Өзбекстанда.
Қаржыландырудың жалпы сомасы білім беру орталықтарын құрал-жабдықтармен жабдықтауға және оқу тренингтеріне бағытталады.
Білім орталықтары текстиль және тігін кәсіпорындарын жаңа технологиялар бойынша оқыту қызметін көрсететін болады.
Жоба үйлестірушісі: Крит техникалық университеті, Греция
Ұзақтығы: 01/02/2024- 31/01/2027
Қаржыландыру: 790.985,00 EURO
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕР
- Technical University of Crete (TUC), Грекия https://www.tuc.gr/el/index.php?id=4992
- Panepistimio Dytikis Attikis (UNIWA), Грекия https://www.uniwa.gr/en/
- “Gheorghe Asachi” Technical University of Iaşi (TUIASI), Румыния https://www.tuiasi.ro/
- EGE University (EGE), Түркия https://ege.edu.tr/eng-0/homepage.html
- Creative Thinking Development (CRETHIDEV), Грекия https://www.crethidev.gr/
- Guru Services.Biz Idiotiki Kefalaiouxiki Etaireia (GURU), Грекия
СЕРІКТЕС ЕЛДЕР
Қазақстан
- М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (DTSU)
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (SKSU) https://auezov.edu.kz/kaz/
- Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы (APLP RK) https://aplp.kz/
Өзбекстан
- Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты (TITLI) http://titli.uz/
- Джизак политехникалық институты (JIZPI) https://jizpi.uz/ru/
- Білім мен инновация үшбұрышы (KTI)
- Ферғана мемлекеттік университеті (FSU) https://www.fdu.uz/
- O'zbekiston savdo-sanoat palatasi (CCIU) https://chamber.uz/
Фото |
Аты-жөні |
Жобадағы қызметі |
Университеттегі қызметі |
Байланыс |
![]() |
Джумабекова Гульзира Балтабаевна |
PhD, доцент |
Жергілікті үйлестіруші / Менеджер |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Абзалбекұлы Бекжан |
PhD, доцент |
Тренер |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Ташмухамедов Фархад Рахмаджанович |
PhD, доцент |
Тренер |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Байдильдаева Асель Куанышевна |
оқытушы |
Тренер |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Келесова Ұржамал Сағымбековна |
э.ғ.к., доцент |
Техникалық персонал |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Омарбекова Маржан Тіріболсынқызы |
т.ғ.к., доцент |
Техникалық персонал |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Садиева Халипа Рыскуловна |
т.ғ.к., доцент |
Әкімшілік персонал |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Шардарбек Мухамеджан Шардарбекулы |
т.ғ.к. |
Әкімшілік персонал |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Бурдеева Светлана Николаевна |
Лаборатория меңгерушісі |
Техникалық персонал |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
![]() |
Юсупова Лаура Хамидовна |
Аға оқытушы |
Техникалық персонал |
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. |
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ АЙШЫҚТАРЫ: ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДА «ДУЛАТИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СЫНЫБЫ» АШЫЛДЫ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Педагогика» кафедрасы Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би атындағы орта білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативтіцифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында «ЖОО-МЕКТЕП кооллаборациясы: инновация, технология және әдістеме» атты Халықаралық Форум өткізді.
Халықаралық Форумға шетелдік және қазақстандық ЖОО-ның танымал ғалымдары, оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары, жаңашыл мұғалімдер, педагогикалық қауымдастық өкілдері және болашақ педагогтер қатысты.
Халықаралық Форумның мақсаты – ЖОО-МЕКТЕП коллаборативтіцифрлы білім беру ортасында жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердің ынтымақтастық байланысы негізінде педагог кадрларды дайындау сапасы арттыру, тиімді жолдарын айқындау, озық әдістемесін ұсыну, коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуде жаңашыл ұстаздардың инновациялық іс-тәжірибесін зерттеу, насихаттау және тарату.
Халықаралық Форумды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі Клара Жайдарбекқызы құттықтау сөзімен ашып, Жаңа Қазақстан жағдайында болашақ педагогтерді сапалы дайындау, жалпы орта білім беретін орта мектептің білім сапасын арттыру үшін ЖОО-МЕКТЕП ынтымақтастық байланысы негізінде ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлескен-коллаборативті зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына айрықша тоқталды.
Ресей Федерациясысының Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор Наталья Владимировна Скоробогатова «Болашақ педагогтерді дайындауда білім беру ұйымдары қатысушыларының өзара ықпалдастығы» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, Ресей Федерациясында болашақ педагогтерді дайындауда Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінінің инновациялық іс-тәжірибесіне тоқталып, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті «Педагогика» факультетінің деканы, PhD доктор, профессор Сулайманова Рахат Токтогуловна «Қырғыстан Республикасында заманауи педагогикалық кадрларды даындаудың ерекшеліктері» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұттық ғылыми-практикалық институты Ғылыми-әдістемелік бөлімнің жетекші ғылыми қызметкері Сағым Көпбайқызы Нағашыбаевна «Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық ұжымды басқару стилінің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбына баяндама жасап, білім сапасын арттыруда мектеп басшысының ұжымды басқару стилі маңызды болып табылатынын тілге тиек етті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының PhD докторы, аға оқытушы Жакупова Алтынай Жұмабекқызы «Тұрақты даму концепциясына бағытталған экоқұзырет» тақырыбына баяндама жасап, шебер-сынып өткізді.
Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би атындағы орта мектебінің директоры, Форум модераторы, табысты менеджер Джангарашева Ардак Толепбаевна «Нәтижеге бағытталған оқыту мен оқуды басқару арқылы білім сапасын арттыру аспектілері» тақырыбына баяндама жасап, мектептің соңғы 5 жыл жұмысына мониторингтік сараптама жасап, мектептің табысқа жетуде мектепті ғылыми менеджмент тұрғысынан басқарудың құпия сырларын жан-жақты ашып, өзі басқарып отырған мектептің инновацилық іс-тәжірибесімен бөлісіп, Форумға қатысушылар тарапынан зор қолдауға ие болды.
Форум аясында Дулати университеті мен Төле би атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті ынтымақтастығы негізінде дайындалған Клара Бузаубакова, Ардақ Джангарашева, Батима Досмамбетова, Салтанат Джумабаева, Гульжан Умирбекованың «Инновациялық кеңістікте білім сапасын арттырудағы Lesson study зерттеулері» оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері жасалынды.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Төле би атындағы орта мектебі арасындағы өзара ынтымақтастық жасау бойынша меморандумға қол қойылып, «М.Х.Дулати педагогикалық сыныбына» болашақ педагог мамандығын таңдаған оқушыларды қабылдау рәсімі салтанаты ұйымдастырылды.
Төле би атындағы орта мектебінің 28 оқушысы салтанатты түрде Ант қабылдап, Дулати университетінің «Педагогика» кафедрасына «Дулати педагогикалық сыныбына» қабылданды.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Айсулу Нұрдынқызы Тұрарова және Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Турар Мұхаметханұлы Дурманов «Дулати педагогикалық сыныбына» қабылданған жоғары сынып оқушыларына сәттілік тілеп, ақ тілектерін білдірді.
Халықаралық Форумның «Ашық микрофон» айдарында сөз алған мектеп басшылары өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға тұщымды жауаптар ала алғандарын айтып, Форумның мектеп басшыларына мектепті басқарудың нақты бағыт- бағдарын ұсынып, инновациялық ойға түрткі салғанын және алдағы жұмыстарына мотивация, әдістемелік көмек берген осындай форумдардың жиі ұйымдастыру қажеттілігін баса айтты.
Халықаралық Форум ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті ынтымақтастығы негізінде білім сапасының арттырудың тиімді жолдарын анықтау бойынша келелі міндеттерді шеше алды, ортақ цифрлы білім беру ортасын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
Бузаубакова Клара Жайдарбекқызы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д.
Бокстан халықаралық турнир
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 113 оқу взводының студенті А.Р. Өмірбеков 2024 жылғы 1 мен 5 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен Б.Б. Теміровке арналған ерлер арасындағы бокстан халықаралық турнирге қатысты. ІІ орын алып, дипломмен және медальмен марапатталды.
Международный турнир по боксу
Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати 113 учебного взвода Омирбеков А.Р. с 1 по 5 марта 2024 года участвовал в международном турнире по боксу среди мужчин посвященный Темирову Б.Б. в городе Атырау. Занял ІІ место, награжден дипломом и медалью.
СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ
Университеттегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және патриотизм мен азаматтық жауапкершілік сезімі бар бәсекеге қабілетті, интеллектуалды дамыған жас мамандардың кәсіби даярлық деңгейін арттырудың тиімді құралы болып табылады.
Университетте студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі:
- оқу үдерісі шеңберінде - ғылыми зерттеу элементтері бар зертханалық жұмыстар мен курстық жобаларды орындау, ғылыми баяндамалар, рефераттар, дипломдық ҒЗЖ және т.б. дайындау;
- оқу үдерісінен тыс-студенттік ғылыми үйірмелер (СҒҮ) құрамында орындалатын жұмыстар, студенттердің (топтармен немесе жеке-жеке) іздестіру-бастамашыл және шаруашылық келісімшарттық ҒЗЖ-ға қатысуы;
- СҒЗЖ нәтижелері бойынша ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шараларда – бұл әртүрлі деңгейдегі конкурстар мен конференциялар.
Студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бірінші курстан басталады және келесі курстарда үздіксіз жалғасады. Студенттерді СҒЗЖ-ға тарта отырып, ғылыми деректерді біртіндеп жинақтауға және ҒЗЖ нәтижелерін алуға мүдделі, ғылыми-зерттеу қызметіне неғұрлым бастамашыл және белсенді, қабілетті және ерекше қызығушылық танытатын тұлғалар анықталады.
Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және ғылыми-зерттеу қызметіне қабілетті дарынды жастарды анықтау біздің университеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Студенттік ғылымды дамытудың негізгі мақсаты ғылыми салада көшбасшылық позицияларға ие болу және әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі болып табылады.
СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТАР
Университет ғалымдары сыйлықтар, гранттар, атаулы стипендиялар алуға арналған түрлі конкурстарға белсенді қатысады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ҒЖБМ байқауында соңғы 3 жылда Дулати университетінің 6 оқытушысы жеңімпаз атанды.
2023 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары химия магистрі «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Р.Құдайбергенова және т. ғ. к. «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының профессоры М.Ш. Джунисбеков ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларының жетекшілері болып табылады. "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағына ие болған екі оқытушысының жүлде қоры - 13 800 000 тенгені құрады. Жалпы алғанда 2018 жылдан бастап біздің университеттің 26 оқытушысы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы"байқауының жеңімпаздары атанды.
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТХАНАЛАР
«Спектрофотометрия зертханасы»
«Инфрақызыл спектроскопия зертханасы»
«Хроматографиялық зертхана»
«Атом-эмиссиялық спектрометрия зертханасы»
Гранттық қаржыландыру есебінен ашылған зертханалар
«Тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу»
«Суды тазарту және материалдар»
«Оқытушы-зерттеуші» біліктілік санаты
ОҚЫТУШЫ-ЗЕРТТЕУШІ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ БОЙЫНША КОНКУРС
Жыл сайын оқытушы-зерттеуші біліктілігін беру бойынша конкурс өткізілетің болады. 2024 жылы байқау сәуір айында өтеді. Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 14 қарашадағы №5 хаттамасымен "оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын беру ережесі бекітілді. Конкурсқа қатысу үшін Ережеде көрсетілген талаптарға сай болу және қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
- "Оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын алған оқытушылар
- Оқытушы-зерттеушілердің есептері
- Оқытушы-зерттеуші" біліктілік санатын беру ережесі
- Өтініш берудегі құжаттар тізімі