
Explore (9)
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің өкілдігі ашылды.
Ашылу салтанатына қала әкімі Бақытжан Орынбеков, РХТУ ректорының м.а. Илья Воротынцев, «Казфосфат» ЖШС бас директоры Пак Евгений, РФ Президенті жанындағы ғылым және білім саласындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Александра Глазкова, Дулати университеті ректорының м.а. Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Есімова және университеттің профессор-оқытушылар құрамы, БАҚ өкілдері . қатысты.
Университет базасында ашылған өкілдік туралы ақпарат беру мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі ұйымдастырылды. Д.И. Менделеев атындағы РХТУ ректоры Илья Воротынцев желілік білім беру бағдарламасының іске асырылуы және РХТУ өкілдігінің жұмыс жоспары туралы баяндап берді. Дулати университеті ректорының м.а. Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Есімова «Менделеев сыныптары» жобасының барысы туралы хабардар етті. Өз сөзінде білім берудегі халықаралық ынтымақтастықты дамытудың, химия саласында жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында Қазақстанда РХТУ филиалын ашу жөніндегі бастаманың маңыздылығын атап өтті.
Қала әкімі Бақытжан Орынбеков университет базасында РХТУ өкілдігінің ашылуы химия саласын өркендетуге бастайтын басты қадамның бірі екеніне тоқталды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін елімізде шетелдік жетекші университеттердің кемінде бес филиалын ашу туралы тапсырмасын айта отырып, бұл бастама Президент тапсырмасын орындауға бағытталған нақты жұмыстың нәтижесі екенін тілге тиек етті. Өз сөзінде еліміздің химиялық кластерін ұйымдастыру үшін Жамбыл облысын таңдау кездейсоқ емес екенін, өңірде минералдық шикізаттың ірі қоры барын атап өтті. Өндірістің қарқынын арттыру үшін жоғары білікті инженерлік, техникалық кадрларды даярлаудың маңызын баса айтты.
"Қазфосфат" ЖШС бас директоры Пак Евгений РХТУ базасындағы "Қазфосфат" қызметкерлері үшін қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ, үшжақты келісім нәтижесінде атқарылған жұмыстар өзінің оң нәтижесін береріне сенім білдірді.
Ресей Федерациясының Президенті жанындағы ғылым және білім саласындағы жастар ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі Александра Глазкова кадрлық әлеуетті одан әрі дамыту, жобаның нәтижелері мен даму жоспарлары туралы баяндады.
Дулати университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен және «Қазфосфат» ЖШС бірлесіп 2023 жылы 19 қаңтарда білім және ғылым саласындағы қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойды.
ТМД-да алғаш рет («2+1+1» форматында) бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша желілік кампус жобасы іске қосылды. Онда екі жыл Дулати университетінде, үшінші курс РХТУ-да (Мәскеу қ.) және төртінші курс «Қазфосфат» ЖШС оқиды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Дулати университетінің 7 студенті осы бағдарлама бойынша РХТУ-да білім алуда.
2023 жылы мамырда Алматы қаласында өткен РФ мен ҚР білім және ғылым жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысында 2024 жылы қыркүйектен бастап Тараз қаласында РХТУ филиалын ашу туралы шешім қабылданды. Аталмыш бастама аясында РХТУ филиалын ашу бойынша бірлескен жол картасы әзірленді.
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Тараз қаласында Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалы өз жұмысын бастайды. Алда химия саласында ғылыми-технологиялық және өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті халықаралық білім беру стандарттары деңгейінде мамандар мен ғылыми кадрларды даярлау міндеті тұр. Химия және химиялық технология саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарда бар.
Дулати университетінің баспасөз қызметі
Подробнее
Администрирование, управление и защита компьютерных систем и сетей
Администрирование, управление и защита компъютерных систем и сетей
Информация обрабатывается! Пожалуйста, зайдите позднее.
С уважением администрация.
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2021 жыл
«ПӘННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы З. Алтынбекова (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
«Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушылары Д. Жылысбаев (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
«Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушылары Э. Джакашова (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті Ғ. Алтыбаев, оқытушы Қ. Абдикаримов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК ФЛИПЧАРТ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті З. Қашқынбаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК АШЫҚ ОНЛАЙН КУРС» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының доценті З. Абдукаримова, аға оқытушы А. Қожахметова, аға оқытушы Т. Махан (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК МЕНЕДЖЕР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы А. Наурызбаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2020 жыл
«ПӘННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Филология және журналистика» кафедрасының доценті Ә. Нусупова, аға оқытушысы А. Иматаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушылары Ғ. Әбдіханова, А. Иматаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасының PhD докторы Б. Абзалбекұлы (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮШТІЛДІ АРНАЙЫ ТОПТАР АРАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы А. Мурзахметов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК АШЫҚ ОНЛАЙН КУРС» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Қ. Абдикаримов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2019 жыл
«ҮЗДІК МЕНЕДЖЕР» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын –- «Қолданбалы информатика және бағдарламалау» кафедрасының аға оқытушысы Ж. Доумчариева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК ФЛИПЧАРТ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын – «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы А. Саулебаева (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ПӘННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушылары Е. Мусинов, А. Мурзахметов, Қ. Абдикаримов, доцент Г. Боранкулова (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Физика» кафедрасының оқытушысы Б. Усербаев (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУ ЗЕРТХАНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы» кафедрасының аға оқытушылары А. Бауберикова, О. Шин, Б. Жұмағұлова, PhD докторы А. Газаев (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).
«ҮШТІЛДІ АРНАЙЫ ТОПТАР АРАСЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША:
І орын - «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Қ. Абдикаримов (М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті).