Super User
ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ SMART БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС-АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІН САЛЫСТЫРА МЕҢГЕРТУ
«Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр. Алда ғаламат жаңалық ашылары сөзсіз. Дегенмен адамзаттың ең ұлы жаңалығы – жазу. Жазудың пайда болуы-мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу қоғамды ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде ғылым, дін, мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді» – деген қазақ халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың ойын жалғастыра келе, жазу – халықтың өткені мен ертеңін байланыстырушы. Жазу – халықтың ой-пікірін ұзақ жылдарға, көптеген қашықтықтарға жеткізетін сызбалы немесе суретті таңбалар жүйесі. Адамның ұзақ жылдардағы басты табысына айналған жазу ешқандай уақыт пен кеңістікке тәуелді болмай, барлық салада қолданылып келеді. Қазіргі заманда орта, жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне тек білім беру, тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің интеллектуалдық капиталын инновациялық жұмыстар арқылы қалыптастыру да енеді. Білімнің, ғылымның және өндірістің үштұғырлы қағидалары қазақстандық оқу орындарының оқытудың зерттеу моделіне көшу жолдары арқылы жүзеге асырылады. Үштұғырлы тіл туралы идеяның негізі Қазақстанды бүкіл әлем халқы жоғары білімді мемлекет ретінде тану болса, осы бағытта балабақшадан бастап жоғары оқу орындарында, тіпті кейбір мемлекеттік, жекеменшік мекемелерде де үш тілде білім берудің тиімді жүйесін дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Информационный семинар на тему ««МЕЖДУНАРОДНЫЕ ФОНДЫ И ГРАНТЫ, ПРОГРАММЫ И ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ СТИПЕНДИИ»
26 июня 2023 года в 12. 00 часов в актовом зале Главного корпуса университета (ул. Сулейменова 7, 2 этаж), Управление международного сотрудничеста организует информационный семинар на тему ««МЕЖДУНАРОДНЫЕ ФОНДЫ И ГРАНТЫ, ПРОГРАММЫ И ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЕ СТИПЕНДИИ»
На семинаре представлены следующие презентации:
1. МЕЖДУНАРОДНЫЕ ФОНДЫ И ГРАНТЫ
2. ПРОГРАММА ФИНАНСИРОВАНИЯ ИССЛЕДОВАНИЙ И ИННОВАЦИЙ - ГОРИЗОНТ ЕВРОПЫ
3. ERASMUS + ПРОГРАММА ЕС ПО ПОДДЕРЖКЕ ОБРАЗОВАНИЯ, ОБУЧЕНИЯ, МОЛОДЁЖИ И СПОРТА В ЕВРОПЕ
Приглашаем директоров институтов, деканов факультетов, заведующих кафедрами и профессорско-преподавательского состава университета!
"Халықаралық қорлар мен гранттар, бағдарламалар мен зерттеу стипендиялары" тақырыбында ақпараттық семинар
2023 жылғы 26 маусымда сағат 12.00-де университеттің Бас ғимаратының акт залында (Сүлейменов көш. 7, 2 қабат) Халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен "Халықаралық қорлар мен гранттар, бағдарламалар мен зерттеу стипендиялары" тақырыбында ақпараттық семинар өтеді.
Семинарда ұсынылып отырған тақырыптар:
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН ГРАНТТАР
2. ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ-ЕУРОПА КӨКЖИЕГІ
3. ERASMUS + ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІ, ОҚЫТУДЫ, ЖАСТАРДЫ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕО БАҒДАРЛАМАСЫ
Университеттің институт директорларын, факультет декандарын, кафедра меңгерушілерін және профессор-оқытушылар құрамын шақырамыз!
Грек-рим күресінен палуандарымыз командалық есепте бірінші орында | XII Жазғы универсиада
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасындағы XІІ-жазғы Универсиадасында грек-рим күресінен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрамасы командалық бірінші орынды жеңіп алды.
«Өнер және спорт» факультетінің студентерінің грек-рим күресінен жүлдегерлері: 87 кг салмақта Бекназаров Ален бірінші орын. 97 кг салмақта Ерланов Ерзат бірінші орын.
63 кг салмақта Мухамадиев Асаухат бірінші орын.
82 кг салмақта Асан Нұржан екінші орын.
55 кг салмақта Ерғазы Рысбек үшінші орын
77 кг салмақта Әшірханов Талас үшінші орын.
Сонымен қатар еркін күресінен жүлдегерлері:
74 кг салмақта Куанышбай Елдос үшінші орын.
65 кг салмақта Қали Мағжан үшінші орын.
57 кг салмақта Айтанов Нұрданат үшінші орын.
61кг салмақта Альмухамедов Әділет үшінші орын.



Разработана дорожная карта по аудиту Бизнес-процессов
Таразский региональный университет имени М.Х.Дулати нацелен на построение цифровой экосистемы всей деятельности. В этой связи была составлена дорожная карта по аудиту бизнес-процессов, которая включает создание рабочей группы, построение алгоритмов реальных рабочих процессов, отображения потоков данных, информаций и документов, которые влияют на качество и эффективность работы всего университета, что в итоге приведет к системному выстраиванию цифрового университета.
Основная цель реинжиниринга бизнес-процессов заключается в том, чтобы максимально приспособить их к ожидаемым изменениям предпочтений потребителей образовательных услуг. При этом соответствующим образом меняется общая стратегия университета, используемые технологии, организация процесса, а также тактика управления университетом в целом.
В период с 16–20 июня 2023 года будет организована встреча со структурными подразделениями, профессорско-преподавательским составом и научными работниками по развитию структуры цифрового университета.



Бизнес-процестердің аудиті бойынша Жол картасы жасалды
Дулати университетінде бизнес-процестердің аудиті бойынша Жол картасы жасалды. Осы бағыттағы жұмыс тобы құрылып, алдағы жоспар айқындалды. Соған сәйкес 16-20 маусым аралығында цифрлық университет құрылымын дамыту жөніндегі құрылымдық бөлімшелермен, профессорлық-оқытушылық құраммен және ғылыми қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды.
Университеттің цифрлық қызмет жүйесі, бизнес-жобалар реинжирингісін талқылаған жиында басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев жұмыс процестеріндегі цифрлық жүйенің аясын кеңейтудің маңыздылығын айтып өтті. Ал басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова жұмыс процестерінің алгоритімдерін құру жолдары бойынша түсіндіріп берді. Бұл жүйе бүкіл университеттің жұмыс сапасы мен тиімділігіне әсер ететінін айтты.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмыс процессі барлық қызметтің цифрлық экожүйесін құруға бағытталған. Бизнес-процестердің аудиті бойынша Жол картасы да соған байланысты жасалып отыр. Ендігі міндет – жұмыс тобын мен нақты жұмыс процестерінің алгоритмдерін құру.
Еңбек жүйесі осыған көшкенде бүкіл университеттің жұмысының сапасы едәуір жақсара түседі. Барлық деректер, ақпарат және құжаттар ағындары электроды жүйеде көрсетіліп тұратын болады. Керекті ақпарды алу қолжетімді бола түседі. Ал бұл университетте тұтас цифрлық жүйенің құрылуына әкеледі.
Бизнес-процестерді қайта құрудағы негізгі мақсат – білім алушылардың университеттен күтетін өзгерістеріне қарай қызмет жүйесін қалыптастыру. Барынша студенттердің қалауын жүзеге асыруға ұмтылу – университеттің оң имиджіне әсер етеді. Бұл ретте университеттің жалпы стратегиясы, қолданылатын технологиялары, процесті ұйымдастыру, сондай-ақ жалпы университетті басқару тактикасы сәйкесінше өзгереді.



Әлеуметтік педагогика саласында өз әлеуетіңізді дамытыңыз!
Құрметті докторантураға түсушілер!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының бастамасымен «8D01801 - Әлеуметтік педагогика» - докторантура бойынша жаңа білім беру бағдарламасын (ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)) іске қосқанымызды қуана хабарлаймыз! Бұл білім мен тәрбиенің әлеуметтік аспектілерін зерттеуге, терең бойлауға ұмтылатын кез келген адам үшін бірегей мүмкіндік.
Әлеуметтік педагогика – бұл тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне әсер ететін білім. «8D01801 - Әлеуметтік педагогика» докторантура бағдарламасының аясында әлеуметтік педагогиканың терең мәселелерін зерттей аласыз және осы салаға өз үлесіңізді қоса аласыз.
