Бизнес-процестердің аудиті бойынша Жол картасы жасалды

Дулати университетінде бизнес-процестердің аудиті бойынша Жол картасы жасалды. Осы бағыттағы жұмыс тобы құрылып, алдағы жоспар айқындалды. Соған сәйкес 16-20 маусым аралығында цифрлық университет құрылымын дамыту жөніндегі құрылымдық бөлімшелермен, профессорлық-оқытушылық құраммен және ғылыми қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Университеттің цифрлық қызмет жүйесі, бизнес-жобалар реинжирингісін талқылаған жиында басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев жұмыс процестеріндегі цифрлық жүйенің аясын кеңейтудің маңыздылығын айтып өтті. Ал басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова жұмыс процестерінің алгоритімдерін құру жолдары бойынша түсіндіріп берді. Бұл жүйе бүкіл университеттің жұмыс сапасы мен тиімділігіне әсер ететінін айтты.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жұмыс процессі  барлық қызметтің цифрлық экожүйесін құруға бағытталған. Бизнес-процестердің аудиті бойынша Жол картасы да соған байланысты жасалып отыр. Ендігі міндет –  жұмыс тобын мен нақты жұмыс процестерінің алгоритмдерін құру.

Еңбек жүйесі осыған көшкенде бүкіл университеттің жұмысының сапасы едәуір жақсара түседі. Барлық деректер, ақпарат және құжаттар ағындары электроды жүйеде көрсетіліп тұратын болады. Керекті ақпарды алу қолжетімді бола түседі. Ал бұл университетте тұтас цифрлық жүйенің құрылуына әкеледі.

Бизнес-процестерді қайта құрудағы негізгі мақсат – білім алушылардың университеттен күтетін өзгерістеріне қарай қызмет жүйесін қалыптастыру. Барынша студенттердің қалауын жүзеге асыруға ұмтылу – университеттің оң имиджіне әсер етеді. Бұл ретте университеттің жалпы стратегиясы, қолданылатын технологиялары, процесті ұйымдастыру, сондай-ақ жалпы университетті басқару тактикасы сәйкесінше өзгереді.

2

3

4

Прочитано 690 раз
Top