Super User
«Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі
2023 жылдың 2-4 маусымы аралығында Тараз қаласында өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шет елдерден келген өнер шеберлері мен жергілікті қолөнершілер арасында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасымен «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өткізілуде.
Көрмеге алыс-жақын шет елдері қолөнершілерімен қатар, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтар, халықаралық сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысуда.
Көрмеге «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Шебер» ғылыми-оқу-өндірістік бөлімшесінің «Басқұр» технологиясымен тоқылған бұйымдары және кафедраның зертхана меңгерушісі Бурдеева С.Н. киізден және былғарыдан қолдан жасалынған бұйымдары ұсынылып, кафедраның оқытушылары Рахманова Ж.С., Маханбеталиева К.Т., Касымова Ғ.А., Сарыбаева Э.Е., Тулендиева Г.О. және «Инновациялық текстиль» БББ студенттері белсенді қатысты.
Түлектер 50 жыл бұрынғы факультет деканымен кездесті
Жарты ғасырға жалғасқан жолдастыққа себепкер болған – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде түлектер 50 жылдық кездесу өткізді.
Бұрынғы Жамбыл ирригация-құрылыс институтының 1973 жылы бітірген түлектері мұндай кездесулерді әр 10-15 жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Қонақтар Дулати университетінің музейін аралап, ескі кездерді естеріне алды.
50 жылдан кейінгі осы бір басқосуда 30-дан астам түлек келіп, өздерінің студент кезінде сабақ беріп жол көрсеткен деканы Генадий Постуховпен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.
Марс Үркімбев атындағы Жастар сарайы, Гидрокешеніндегі оқу кабинеттері мен өздерінің құрдасы Жүніс Бектасовтың құрметіне ашылған оқу аудиториясын аралап көрді.
Кеш соңында университет басшылығымен бірге еркін микрофон форматында студенттермен сұхбат жүргізіп, өздерінің студенттік кездеріндегі қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында 1973 жылғы түлектер атынан университет ұжымына «ЕЖЕЛГІ САҚ ҰРПАҚТАРЫ» атты картинаны сыйға тартты.




ХІІІ летняя «Универсиада-2025» пройдет в Таразе
Таразский региональный университет им. М. Х. Дулати получил разрешение на проведение ХІІІ летней Универсиады среди студентов высших учебных заведений.
Об этом стало известно на церемонии открытия ХІІ летней Универсиады, которая проходит в Актау. На официальном мероприятии открытия «Универсиады-2023» команду одного из фундаментальных учебных заведений страны – Dulaty University – возглавил первый казахcтанский чемпион мира по боксу по версии IBA, четырехкратный победитель РК Марат Мазимбаев.
Университет Дулати, принявший эстафету проведения летней Универсиады от университета Есенова, является трехкратным бронзовым призером летней Универсиады в общекомандном зачете.
Напомним, в Актау проходит ХІІ летняя Универсиада среди студентов вузов страны. Более трех тысяч атлетов принимают участие в 20 видах спорта. Гонка спортсменов за медали продлится в течение следующего месяца. Особенность Универсиады в этом году в том, что соревнования проходят в одном городе, как и на Олимпиаде.






Пресс-служба
Университета Дулати
ХІІІ жазғы «Универсиада – 2025» Таразда өтеді
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылатын ХІІІ жазғы универсиаданы өткізу мәртебесін жеңіп алды.
Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан ХІІ жазғы универсиаданың ашылу салтанатында белгілі болды. «Универсиада-2023»-тің ашылу салтанатында 70 жылға жуық тарихы бар, еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі – Дулати университеті құрамасын Азия ойындарының қола жүлдегері, бокстан IBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, ҚР төрт дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев бастап шықты.
Есенов университетінен жазғы универсиаданы өткізу эстафетасын қабылдап алған Дулати университеті – жалпыкомандалық есепте жазғы универсиаданың үш дүркін қола жүлдегері.
Еске сала кетсек, Ақтауда еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы универсиада ойындары өтіп жатыр. Жарыс алдағы бір ай бойы жалғасады. Онда үш мыңнан астам атлет спорттың 20 түрінен бақ сынайды. Биылғы доданың ерекшелігі – жарыстар олимпиадағыдай бір қалада өтеді.






Дулати университетінің
баспасөз қызметі
ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУҒА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ.
1 маусым күні Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен арнайы барған философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Баярисов Режеп Уразбаевич та қатысты. Салтанатты жиынды мектеп-гимназия директоры Эльмира Серікқызы Қойлыбаева сөз сөйлеп, ашып берді. Келесі сөз кезегі салтанатты жиынға арнайы келген қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбековке берілді. Бақытжан Әмірбекұлы 11-ші сынып түлектерін мектепті бітіріп жатқандарымен құттықтай отырып, қаладағы мектеп түлектерінің жетістіктеріне шолу жасап өтті және және №5 мектеп-гимназия түлектерінің алдағы уақытта өмірде өз орнын тауып, жақсы жетістіктерге жете берулеріне тілек білдірді. Одан кейін 11-ші сынып түлектері өздері дайындаған концерт бағдарламаларын көрсетіп, ән айтып, би биледі. Салтанатты жиын соңында мектеп түлектері гимназия директоры мен қала әкімін және жиынға арнайы келген қонақтарды ортаға алып, естелікке суретке түсті.
Ардагер оқытушы облыстық байқауда 2-орынды иеленді
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесі ұлттық салт- дәстүрлер мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттау мақсатында «Батамен ел көгерер » атты байқау ұымдастырылған болатын.
Өскелең ұрпаққа, бата беру дәстүрін дәріптеу, үлкендерді құрметтей білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның ғибраттарын ұрпақ бойыңна сіңіруді көздеген байқауға 60 жастан асқан аға буын өкілдері қатысты.
Байқауда аудандар және Тараз қаласынан қатысқан 11 үміткер бақ сынады. Олардың бірі тараздық Исан Тілегенов – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Үздік оқытушысы».
Байқау қорытындысы бойынша Жайлаубек Қалиев 1-орынды жеңіп алып, 200000 теңге сыйақы иеленді. Ал университеттің ардагер оқытушысы Исан Тілегенов 2-орынды олжалады. Еңшісіне бұйырғаны – 150 000 теңге сыйақы. 3-орыннан көрінген Орынбай Рысбаевка 100000 теңге сыйақы табысталды.
Бас жүлде иегері – жуалылық Сейтқазы Медетбековке 400000 теңге сыйақы берілді.




Дулати университетінің ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ардагерлер кеңесінің отырысы өтіп, университет басшылығы мен аға буын оқу орнының алдағы даму жоспары туралы ой бөлісті.
Жиында университет ректоры Мұхтар Байжұманов алдыңғы толқын – ардагерлердің тәжірибесі оқу-тәрбие процесінде үлкен рөл атқаратынын айта келе, жарты жылдықта атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті.
Сонымен қатар, Мұхтар Қазыбекұлы 2024 жылы М.Х Дулати университетінің базасында Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылатынын жеткізді. Ал химия өнер кәсібінде аталған университет, «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлескен ТМД дағы алғашқы желілік кампус бойынша «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлер қабылдау басталатынын атап өтті.
Жиын барысында Мәдениет және өнер кафедра меңгерушісі Айгүл Қабиева ардагерлер кеңесі төрағалығына Сағатбек Мырзашұлын ұсынып, кеңес мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді.
Жиын соңында ардагер ұстаздар Болат Үсенбаев, Билібай Мүслімовке шапан жауып, сый-қошемет көрсетілді.



МАМАНДАР МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН БІРГЕ ДАМЫТУДЫ КӨЗДЕЙДІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Медиация институтын дамытудағы психология қызметінің рөлі» тақырыбында облыстық «Formatted» семинары өтті.
Семинар жұмысына мемлекеттік органдар, үкімет емес ұйымдар, аудан мен қала білім бөлімдерінің басшыларының орынбасарлары, мектеп психологтары, медиаторлар қауымдастығының мүшелері қатысты.
РОЛЬ ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО ОБОРУДОВАНИЯ В ПРОЦЕССЕ ПРОИЗВОДСТВА
Производственное оборудование предприятия составляет часть его материально-технической базы, рост и совершенствование которой является важнейшим условием увеличения объемов товарооборота, прибыли и повышения их технической оснащенности. С этой целью 01.06.2023 г. в конференц-зале имени 25-летия Независимости был проведен научный семинар с участием д.т.н., профессором кафедры «Технологические машины и оборудование» Казахского агротехнического исследовательского университета им. С. Сейфуллина Шеровым Карибек Тагаевичем.
ӨНДІРІС ПРОЦЕСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдығы оның материалдық-техникалық базасының бір бөлігі болып табылады, оның өсуі мен жетілдірілуі тауар айналымының көлемін, пайданы ұлғайтудың және олардың техникалық жарақтануын жақсартудың ең маңызды шарты болып табылады. Осы мақсатта 01.06.2023 жылы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атындағы мәжіліс залында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Халықаралық машина жасаушылар Одағының мүшесі, Шеров Карибек Тагаевичпен ғылыми өтті.
