Дулати университетінің ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ардагерлер кеңесінің отырысы өтіп, университет басшылығы мен аға буын оқу орнының алдағы даму жоспары туралы ой бөлісті.

Жиында университет ректоры Мұхтар Байжұманов алдыңғы толқын – ардагерлердің тәжірибесі оқу-тәрбие процесінде үлкен рөл атқаратынын айта келе, жарты жылдықта  атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті.

5Сонымен қатар, Мұхтар Қазыбекұлы  2024 жылы М.Х Дулати университетінің базасында Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылатынын жеткізді. Ал химия өнер кәсібінде аталған университет, «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлескен ТМД дағы алғашқы желілік кампус бойынша «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлер қабылдау басталатынын атап өтті.

Жиын барысында Мәдениет және өнер кафедра меңгерушісі  Айгүл Қабиева ардагерлер кеңесі төрағалығына Сағатбек  Мырзашұлын ұсынып, кеңес мүшелері бірауыздан қолдап дауыс берді.

Жиын соңында  ардагер ұстаздар  Болат Үсенбаев, Билібай Мүслімовке шапан жауып, сый-қошемет көрсетілді.

4

2

3

Прочитано 793 раз
Top