Super User
ТарМУ ТАРИХЫ 1973-1992 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА
1973-1992 жылдар аралығында ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫН академик, техника ғылымдарының докторы МАРС ФАЗЫЛҰЛЫ ҮРКІМБАЕВ басқарды (Одақ көлеміндегі 33 жастағы ЖОО-ның ең жас ректоры болатын).
33 жастағы жас ғалым-ректор институттың өсіп-өркендеуіне, Кеңестер Одағында ғана емес, әлемдік аренада да танымал болуына үлкен үлес қосты. Еліміздің ауылшаруашылығы, экономика, гидромелиорация, құрылыс саласына қажетті бірнеше жаңа мамандықтар ашылды. Оқытушы-профессорлар құрамының әлеуеті артты. Жоғары оқу орнының рухани әлемінде де тың серпілістер пайда болды.
Академик Марс Фазылұлы сол күндерді: «Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтына алғаш ректор болған 1973-1974 жылдары күндізгі бөлімде 3-3,5-мыңдай кілең жігіттер оқитын. Біз өз студенттерімізге жақсы білім беру үшін ғана еңбек еткеніміз жоқ. Сонымен бірге басты мақсаттың бірі студенттер бойына адамгершілік сана мен мәдениетті қалыптастыру болды. Жоғарыда айтып өткенімдей өте күрделі жағдайдан шығу үшін біз мынадай екі жолды таңдадық. Біріншісі – спорт. Дәл осы жылдары біз талантты спортшы Серік Қонақбаевты, Сергей Громовты, Алмаз Мұсабековты таптық. Бұрын бокс секциясына 30-40 адам қатысса Серік Қонақбаев Нью-Йоркте әлем кубогін ұтып, артынша Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері атанғаннан кейін бокс секциясына 1300-1400 жастар қатысатын болды. Екіншісі, біз «Су шаруашылығының экономикасы» мамандығын ашып, оған көптеген әдемі және ақылды қыздар оқуға түсті. Сөйтіп құрылысшылармен, механиктермен, гидротехниктермен экономистер көңіл қосқан институтта жас отбасылар өмірге келді. Осы мақсатта біз №3 жатақхананы отбасылы студенттерге бердік» – деп еске алады. Әрине, бұл Марс Фазылұлының студенттер өміріне байланысты бір сәттік қана естелігі.
Студент жастардың бастамасымен «Өз институтымды – өз қолыммен», – деген ұраны аясында институт құрылысына студенттер жаппай кірісті. Сол жылдары институт студенттері жатақхана, оқу корпустарын салу құрылысына белсене араласты. М.Ф.Үркімбаев ғимараттың жанында орналасқан химиялық тыңайтқыштар қоймасын қайта жөндеуден өткізіп, сол кездегі заманауи зертханалық ғимаратына айналдырды, әскери кафедраға қарасты алаңды көркейтуге және СОКП Облыстық комитетінің қолдауына ие болып, «Гидрокешен» аймағының ғимараттары мен зертханалық базасының жобалауы мен құрылысын ұйымдастыруға күш жұмсады. Бүгінде бұл студенттер қалашығына айналған Гидрокешеннің негізі болатын.
ТарМУ ТАРИХЫ. 1962 ЖЫЛ.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың құрылуына негіз болған жоғары оқу орнының бірі – кезінде Кеңестер Одағына танымал ЖАМБЫЛ ГИДРОМЕЛИОРАТИВТІК-ҚҰРЫЛЫС ИНСТИТУТЫ.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институт 1962 жылы Қазақ ауылшаруашылығы институтының гидромелиоративтік факультеті негізінде ашылды. Институт өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, гидромелиорация, гидротехникалық құрылымдар және су электр стансалары құрылысы, сумен қамтамасыз ету және канализация мамандықтары, күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша мамандар дайындады.
Институттың алғашқы ректоры техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген гидротехник РАХМЕТ ЖАНҒАЗЫҰЛЫ ЖОЛАЕВ болды. Гидротехника ғылымы саласында белгілі ғалым Рахмет Жанғазыұлы өзі іргетасын қалаған жоғары оқу орнын 1973 жылға дейін жемісті басқарды.
ТарМУ ТАРИХЫ 1991-1998 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА
ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫН техника ғылымдарының докторы, профессор Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиев басқарған 1991-1998 жылдары білім ордасы заман талабына сай жаңаша даму кезеңін бастады. Институт ғылымы жан-жақты дамыды, бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары ашылып, институт ғалымдары ғылым үрдісінде бірқатар жаңалықтарға қол жеткізді. Материалдық-техникалық база заманауи жабдықтармен толықтырылды.
ТарМУ ТАРИХЫ 1987-1991ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА
1987 жылы баламалы сайлау жолымен ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ректорлығына техника ғылымдарының докторы ВЛАДИМИР ИОСИФОВИЧ МИЛЛЕР сайланды.
Бұл жылдары институттың мәртебесі өсе түсті. Институт бірнеше шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс орнатып, бірнеше ғылыми, ғылыми-көпшілік конференциялар, кездесулер өткізді.
ТарМУ ТАРИХЫ 1972-1987 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА
1972 жылы ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ректорлығына химия ғылымдарының кандидаты ТАСБОЛАТ МАРДЕНҰЛЫ МҰХАМЕТҚАЛИЕВтағайындалады.
Оқу орнын Тасболат Марденұлы басқарған жылдары институттың материалдық-техникалық базасы нығая түсті. Институтта бірден екі оқу корпусы, студенттер жатақханасы, 500 орындық асхана салынып. Дайындалатын мамандықтар саны артып, институт оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми әлеуеті өсті.
ТарМУ ТАРИХЫ – 1958 – 1972 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА
Тараз мемлекеттік университетінің негізі 1958 жылы облыс орталығында ашылған ҚАЗАҚ ХИМИЯ ТЕХНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ филиалынан бастау алады. Аталған жоғары оқу орны облыс орталығындағы қант, ет комбинаттары, «Жамбыл аяқ киім фабрикасы» сияқты жеңіл және тамақ өнімдері өнеркәсіптерін мамандармен қамтамасыз ету мақсатында өмірге келді.
Институт филиалы ашылған күннен бастап облыстың, оңтүстік өңірінің, тіптен республикамыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалының дамуына септігін тигізетідігін көрсетті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласында дайындалған мамандар еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет ете бастады. Жоғары оқу орны дайындайтын мамандарға республикамыздың әр аймағынан сұраныс көбейе түсті. Осыған байланысты 1963 жылы филиал ЖАМБЫЛ ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ИНСТИТУТЫ ретінде шаңырақ көтерді.
Институттың бірінші ректоры болып экономика ғылымдарының кандидаты, доцент ХАМЗА СЕЙІТҰЛЫ СЕЙІТОВ тағайындалды. Институтта 3 факультет, 114 оқытушы, 1600 студент болды. Бұл алғаш шаңырақ көтерген жоғары оқу орны үшін үлкен жетістік болатын.
УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ
| 1958-1972 жылдары |
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты |
С.Х. Сейітов |
| 1972-1987 жылдары |
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты |
Т.М. Мұхаметқалиев |
| 1987-1991 жылдары |
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты |
В.И. Миллер |
| 1991-1998 жылдары |
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институты |
О.К. Мәдиев |
| 1962 жылы |
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты |
Р.Ж. Жулаев |
| 1973-1992 жылдары | М.Ф. Үркімбаев | |
| 1992-1998 жылдары | Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты |
Ж.Т. Сүлейменов |
| Жамбыл университеті |
У.К. Бишимбаев |
|
| 1998-2001 жылдары |
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті |
У.К. Бишимбаев |
| 2001-2008 жылдары |
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті |
А.Е. Бектұрғанов |
| 2008-2012 жылдары |
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті |
А.С. Ахметов |
| 2012 - 2020 жылдары |
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті |
М.Н. Сарыбеков |
| 2021 жылы |
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті |
Е. Әмірбекұлы |
| 2021-2022 | М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті | Т.І. Ешенқұлов |
| 2022 ж 1-желтоқсаннан - бүгінгі күні | М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті | М.Қ. Байжұманов |
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
Магистратураға түсудің тәртібі
Dulaty University магистратурасының білім беру бағдарламалары
Dulaty University докторантурасының(PhD) білім беру бағдарламалары
Қазақстан Республикасындағы магистратураның барлық білім беру бағдарламалары
Қазақстан Республикасы докторантурасының(PhD) барлық білім беру бағдарламалары
Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай сақтануға болады?
БАКАЛАВРИАТ
Шетел студенттеріне
Оқуға түсу туралы ақпарат 
|
|
|
|
|
|
|
Әңгімелесу негізінде түсу |
Құжаттарды қабылдау: 20 маусымнан 25 тамызға дейін |
Құжаттардың түпнұсқалары, жеке куәлік (паспорт); |
6 фото 3х4 см; |
Медициналық анықтама «086-у»; |
Оқу ақысы: Бакалавриат –350 000, Магистратура – 357 000 Магистратура – 396 000 (1 год) |

Шетел азаматы келесі құжаттардың түпнұсқаларын университеттің қабылдау комиссиясына өзі тапсыруы тиіс:
Мектеп аттестаты немесе колледж дипломы Қазақ немесе орыс тіліне аударылып, қазақстандық нотариуспен немесе білім туралы құжат берілген елдегі Қазақстанның елшілігімен расталуы тиіс;
