
Super User
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
Магистратураға түсудің тәртібі
Dulaty University магистратурасының білім беру бағдарламалары
Dulaty University докторантурасының(PhD) білім беру бағдарламалары
PHD Докторантураға түсуші үміткерлеріне арналған емтихан сұрақтары
PhD докторантурасына түсу үшін әңгімелесу бағдарламасы
2024-2025 оқу жылының PhD докторантурасына түсушілерге арналған сұхбаттасу кестесі
Қазақстан Республикасындағы магистратураның барлық білім беру бағдарламалары
Қазақстан Республикасы докторантурасының(PhD) барлық білім беру бағдарламалары
Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай сақтануға болады?
БАКАЛАВРИАТ
Шетел студенттеріне
Оқуға түсу туралы ақпарат
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Әңгімелесу негізінде түсу |
Құжаттарды қабылдау: 20 маусымнан 25 тамызға дейін |
Құжаттардың түпнұсқалары, жеке куәлік (паспорт); |
6 фото 3х4 см; |
Медициналық анықтама «086-у»; |
Оқу ақысы: Бакалавриат –350 000, Магистратура – 357 000 Магистратура – 396 000 (1 год) |
Шетел азаматы келесі құжаттардың түпнұсқаларын университеттің қабылдау комиссиясына өзі тапсыруы тиіс:
Мектеп аттестаты немесе колледж дипломы Қазақ немесе орыс тіліне аударылып, қазақстандық нотариуспен немесе білім туралы құжат берілген елдегі Қазақстанның елшілігімен расталуы тиіс;
РЕКТОРДЫҢ ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУІ
ҚҰРМЕТТІ, ТАЛАПКЕР!
Сіз санаулы уақыттан соң үлкен өмірге аяқ басасыз! 11 жыл білім алған алтын ұя мектеппен қоштасып, өміріңіздің жаңа кезеңі – жоғары оқу орнының студенті атанасыз. Бұл өте жауапты әрі маңызды қадам. Қазірден «қай оқу орнына түсемін», «қандай мамандық таңдаймын?» деген сауалдар әрқайсыңызды мазалап жүргені анық.
Осы тұста Дулати университеті өңіріміздегі іргелі білім ордасы әрі ғалымдардың ғылыми ортасы екенін айтқым келеді. Мұнда өңірдің мәселелерін, оның ішінде жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық-экологиялық проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық база шоғырланған.
Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 ғылыми-зерттеу институтында, 10 орталықта, инженерлік зертхана мен университет кафедраларында шоғырланған. ҒЗЖ ҚР ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы, экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы бағыттар бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта 71 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.
2023 жылы университет ғалымдары ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын жалпы сомасы (2023-2025 жылдар) – 319,8 млн теңгеге 6 гранттық жобаны жеңіп алды.
2024 жылдың қыркүйек айында университетімізде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылмақ. Бұл да біздің студенттеріміз үшін жақсы мүмкіндік.
Дулати университетінің студенттері, оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде шетелдің жетекші оқу ордаларында оқып, тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдайды. Әрі шетелдік жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары біздің университетке келіп, дәріс оқып, сабақ береді.
Жас түлек, Сізді дұрыс таңдау жасайды деп сенемін. М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті атанып, ғылым мен білімді, шығармашылық пен өнерді, белсенді өмір мен спортты ту еткен жастардың қатарына қосыл!
Мұхтар Қазбекұлы,
М.Х. Дулати атындағы Тараз
университетінің Басқарма
төрағасы-ректор
Қабылдау комиссиясы
ЕРНІШЕВ ҚАЙРАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ, |
|
|
САДЫБАЕВ АБІЛХАН КИЛИБАЙҰЛЫ, |
ҰБТ өткізу қағидалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі және құжаттар тізімі
КЕШЕНДІ ТЕСТ СЫНАҒЫНА ҚАТЫСУҒА КЕРЕКТІ ҚҰЖАТТАР:
белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
аттестат немесе кәсіптік бастауыш немесе орта кәсіптік оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқасы);
086-У нысанындағы медициналық анықтама;
тест сынағына өткізуге қажетті ақыны төлегені туралы түбіртек;
3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттар қабылдау мерзімі: 1 маусымнан 20 маусымға дейін
Қайта кешенді тестілеуге құжаттар қабылдау мерзімі: 25 шілдеден 3 тамызға дейін
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
аттестат немесе кәсіптік бастауыш немесе орта кәсіптік оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқасы);
мемлекеттік сертификат (ҰБТ немесе КТ);
3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
086-У нысанындағы медициналық анықтама;-
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Құжаттар қабылдау мерзімі: 18 шілдеден 25 шілдеге дейін
АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҚАБЫЛДАНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
өтініш;
аттестат немесе кәсіптік бастауыш немесе орта кәсіптік оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқасы);
мемлекеттік сертификат (ҰБТ немесе КТ);
086-У нысанындағы медициналық анықтама;
3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;
келісім шарт 2 дана;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ИИН;
25% оқу төлем ақысын төлегені туралы түбіртек.
Құжаттар қабылдау мерзімі: 20 маусымнан 25 тамызға дейін
Шығармашылық мамандықтарға құжаттар 20 маусымнан 7 шілдеге дейін қабылданады.
Шығармашылық емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін өткізіледі
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу 20 маусым мен 14 тамыз аралығында жүргізіледі
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жоғары дәрежелі кәсіби маман болғың келсе, DULATY UNIVERSITY-не оқуға кел!
043 М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бағыттары |
Қызметкерлер |
Байланыс нөмері |
Қабылдау комиссиясы |
Балгинбаева Қасиет Абубакировна | 87780750843 |
«Кәсіптік бағдарлау жұмыстары» бөлімі | Call center |
87070430058 87780750866 |
Бағыттары |
Қызметкерлер |
Лауазымы |
Байланыс нөмірі |
“Педагогика және әлеуметтік ғылымдар” факультеті |
Сурабалдиева Бақыт |
Техникалық хатшы |
87780750848 |
“Филология және гуманитарлық ғылымдар” факультеті |
Сәрсембаева Айгул |
Техникалық хатшы |
87780750838 |
Технологиялық факультет |
Шрымбай Дана |
Техникалық хатшы |
87780750841 |
Экономика және құқық факультеті |
Құрманбаева Дамира |
Техникалық хатшы |
87780750828 |
“Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық” факультеті |
Турсынбеков Досжан |
Техникалық хатшы |
87780750859 |
“Жаратылыстану ғылымдары”факультеті |
Аманбек Әзиза |
Техникалық хатшы |
87780750844 |
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (Магистратура,Докторантура) |
Ташшабаев Нұрболат |
Техникалық хатшы |
87780750867 |
2024-2025 оқу жылына арналған Білім беру гранттарының тізімі (Бакалавриат)
2024-2025 оқу жылына арналған Білім беру гранттарының тізімі (Магистратура)
2024-2025 оқу жылына арналған Білім беру гранттарының тізімі (Докторантура)
Шығармашылық емтихан
Шығармашылық емтихандар өткізу бағдарламалары
Бакалавр
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
- ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);
- ҰБТ сертификат;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
- ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" білім беру салалары бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
- білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары басым құқық пен квота беруді растайтын құжаттарды қосымша ұсынады).
- әскери билеттің немесе әскери комиссариатқа тіркеу куәлігінің көшірмесі (ер балаларға, күндізгі бөлімдерге) (приписной);
- мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).
Ұлттық бірыңғай тестілеу
ҰБТ |
Өтініш қабылдау уақыты |
Өткізілетін уақыты |
1-ші ҰБТ |
20 желтоқсан 6 қаңтар |
10 қаңтар - 10 ақпан |
2-ші ҰБТ |
20 ақпан мен 10 наурыз |
1 мен 31 наурыз |
3-ші ҰБТ |
28 сәуір мен 14 мамыр |
16 мамыр мен 5 шілде |
4-ші ҰБТ |
15 - 30 шілде |
10 - 20 тамыз |
16 мамырдан - 5 шілде аралығында ҰБТ тапсырған тестіленушілер - (тестілеудің екі мүмкіндігінің ішіндегі ең жоғары ҰБТ нәтижесімен, Сіз білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса аласыз);
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
- шығармашылық емтихандарға 20 маусым 7 шілде аралығында;
- арнаулы емтихандарға 20 маусым 20 тамыз аралығында;
- конкурсқа 13 - 20 шілдеге дейін;
- студенттер қатарына 25 тамызға дейін.
Емтихандарды тапсыру мерзімі:
- шығармашылық емтихандарға 8 - 15 шілде аралығында;
- арнаулы емтихандар 20 маусым 20 тамыз аралығында.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Ескертпе: ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар талапкерлер жоғары оқу орнына (бұдан әрі - ЖОО) ақылы негізде қалаған білім беру бағдарламалар тобы бойынша 1 оқу жылы аяқталғанға дейін қабылданады. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуді шекті балл алғанша қаңтар-ақпан, наурыз, мамыр-шілде, тамыз айларында тапсыра алады;
Педагогикалық ғылымдарын таңдаған талапкерлер қосымша арнаулы емтихан тапсырады.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеттің барлық білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданған студенттер «Әскери» кафедрада білім ала алады.
Мекен жайымыз: Тараз қ. Төле би даңғылы 60,
Ұялы байланыс: 8(747)682-96-68
Инстаграм парақшасы: @dulaty_university, @dulaty_priemka
Фейсбук парақшасы: DulatyUniversity
Youtube каналы: Dulaty University