Super User

Super User

Жоғары оқу орнын бітіруші әрбір түлектің алдында – жақсы, беделді жұмыс табу бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жұмыс іздеп, кәсіп­орын­дар мен мекемелерге бару көп уақытты талап етеді және де жас мамандарды бос орындарға жұмысқа орналастыратын ұйымдар мен мекемелердің басшыларының қабыл­дауында болудың өзі өте қиын мәселе.  Сол себептен, бітіруші түлектердің жұ­мысқа орналасу мәселелерін жеңілдету мақ­сатын­да наурыз айының 3-і күні «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының ұйымдастырумен, онлайн форматта «Жас маман-2021» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты мақсаты-«Болашақ мамандарға өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға көмектесу, мемлекеттік қызмет саласындағы жұмыс берушілердің жас, талантты және бәсекеге сай кәсіби мамандарды жұмысқа шақыруына мүмкіндік беру.

2021 жылы 4 наурыз күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қашқынбаева Зағира Қожабергенқызы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне арналған «Қазақтың аяулы қыздары» атты тағылымдық дәрісін өтті.

Дәріске студенттер, оқытушылар және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты. Дәріс барысында қазақ халқының батыр, ер жүрек, ақын, жазушы, сазгер, ғалым қыздарының ел игілігі үшін атқарған, тарих бетінде қалған еңбектері мен өмір жолдары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар,  жерлесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын, сазгер, жазушы, ғалым-ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Айымгүл Меңжанованың өмірбаяны мен еңбектері жайында студенттерге жан-жақты мәлімет беріліп, өлең жолдары мен әндері айтылды. Ақын Айша Көпжасарқызы Меңжанованың 80 жылдық мерейтойына арналып жыр шумақтары ақтарылды.

WhatsApp Image 2021 03 05 at 12.31.20

АНАЛАРҒА ТАҒЗЫМ

Екі елді елдестіріп жақындастыратын, ұрпақ өрбітіп, шуағын шашатын, нұрын сеуіп, кең даланы әсем әуенге бөлейтін, бұлбұл құс ұялатып, тіршілік нәрімен сусындататын ол – Ана. Біздің өмірге келген күніміз, алғашқы қадамдар мен қызықтарымыз, бақытты балалық шағымыз, деніміздің саулығы, басымыздың амандығы, алғашқы қуанышты сәттеріміз, біздің жеткен жетістігіміз, алған асуымыз, шыққан биік шыңымыз үшін, аналарға қандай алғыс айтсақ та, қандай құрмет көрсетсек те, аздық етері сөзсіз. «Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деп, баласы үшін жан алысып, жан берісетін ананың еңбегі қашанда болмасын, қандай құрметке де лайық.

Сондықтан ақ жаулықты аналарды, әжелерді, әпке-жеңгелерді, сіңлілерді, құрбы-құрдастарды көктемнің жайма-шуақ мерекесі 8- Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, Төлеген Айбергеновтың мына бір өлең жолдарын арнағым келеді.

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?

Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,

Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!

Айжан Найзақұлова,

Жаратылыс ғылымдарының магистрі

АРУЛАР-АСЫЛ ЖАНДАР

Көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірі Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесіне санаулы ғана күн қалды. Мереке иелері әйелдер қауымы-бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жандар. Сондықтан көктерінен күн, құшақтарынан гүл, өмірлерінен күлкі кетпеуін тілеген көпшілік аяулы жандарға  гүл сыйлап, ерекше құрметке бөлеп, жылы сөздерін арнайды. Үлкен әжелеріміз бен аналарымыздың өз туған күнін осы мерекемен қатар атап өтуі де өмірімізге әбден ендеп кеткен үрдіс болды. Дегенмен мерекені дүбірлетіп атап өтсек те, осы күннің шығу тарихын көбіне біле бермейміз. Деректерге сүйенер болсақ, бұл мерекенің бірнеше шығу себептері аталады екен. Оның біріншісі- «Әйелдердің құқығы үшін күресу күні» болғандығы туралы  ресми нұсқа.

Бұл нұсқа бойынша тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресінде ынтымақтастық күні ретінде пайда болған бұл күннің тарихы сонау 1857 жылдан басталады. Сол жылы 8-наурызда Нью-Йоркте тоқыма фабрикаларының жұмысшы әйелдері бас көтеріп, шеруге шығады. Наразылық акциясын бастаған әйелдер 10 сағаттық жұмыс күнін, жалақыны ерлердің айлығымен теңестіруді талап етіп, өз құқықтары үшін алғаш рет көшеге шығып күрескен екен. Жұмысшы әйелдердің жанайқайынан кейін алғашқы әйелдер кәсіподағы құрылады.  1909 жылы Американың Социалистік партиясы ұлттық әйелдер күнін жариялайды да, бұл күн ақпанның соңғы жексенбісінде мерекеленіп келген екен.

1910 жылы Копенгагенде екінші Халықаралық социалист әйелдердің конференциясы өтеді. Онда неміс коммунисі Клара Цеткин қоғам назарын әйелдер проблемасына аударып, халықаралық әйелдер күнін бекітуді ұсынады. Халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихы жайлы сөз қозғалғанда, міндетті түрде Клара Цеткиннің есімі аталатыны да осыдан болса керек.

Тарихқа назар салсақ, 1911 жылдан бастап бірқатар елдің нәзік жандары Халықаралық әйелдер күні митинг ұйымдастырып, гендерлік теңсіздікті жоюды талап ететін болған. Халықаралық әйелдер күні бірнеше жыл бойы әр елде әртүрлі мезгілде аталып келген. Біздің елімізде алғашында бұл мереке «Халықаралық еңбекші әйелдердің құқықтарын қорғау күні» болып аталса, 1921 жылдан бастап КСРО-ның ресми мейрамдарының қатарына қосылған.

Екінші нұсқа бойынша тарихшылар мерекенің шығу себебін  еврей ханшайымын мадақтаумен байланыстырады. Аңызға сүйенсек, Персия билеушісі Ксеркстің сүйіктісі Эсфир өз сиқырымен еврей xалқын жойылудан сақтап қалған екен. Ксеркс барлық еврейлерді өлтірмекші болғанда, Эсфир оны еврей xалқын аман алып қалуға ғана емес, олардың барлық жауларын, тіпті Персиялықтардың өздерін қырып тастауға итермелеген. Бұл оқиға еврей күнтізбесі бойынша 13-Ард күні (бұл ай ақпанның соңы мен наурыздың басына сәйкес келеді) орын алған. Эсфирді мадақтап, еврейлер Пурим мерекесін тойлай бастаған.  Бастапқыда мейрамның уақыты ауыспалы болғанмен, 1910 жылы дәл 8-наурыз күніне сәйкес өткізілген екен.

Тарихи дерек  Біріккен ұлттар ұйымы 1975 жылды – Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, 8 - наурызды ресми түрде мереке етіп бекіткенін дәлелдейді. Батыс елдерінде, осы күні Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулыларына (БҰҰ) сәйкес, Әйелдер құқықтары үшін Халықаралық күрес күніне және Халықаралық Бейбітшілік ретінде белгіленген.

Содан бері 8 Наурыз - әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әйелдер күні болып белгіленген. Бүгінгі таңда 8-Наурыз мерекесі Қазақстанмен қоса барлық посткеңестік мемлекеттерде тойланады. Қазақстанда бұл күн - мереке және демалыс күні. Әзірбайжан, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдавия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Беларусь елдерінде Әйелдер күні ретінде аталып өтсе, Армения мен Өзбекстанда Аналар күні болып саналады. 

Азаттық үшін қозғалыс Батыста пайда болғанына қарамастан, қазіргі кезеңде, бұл мереке посткеңестік елдердегі тойлануына қарағанда айтарлықтай үлкен мағынаны білдірмейді. Бұл күн - барлық әйелдердің күні және махаббат, сұлулық пен мейірімділіктің шырқалатын кезі. Соңғы кездері осы мерекені тойлауға қарсы көзқарастар көрініп қалатын болды. Олардың уәжі-мерекенің батыстан келуі, алғашқы саяси мазмұны. Меніңше, бұл - жаңсақ пікір, бүгінде бұл мереке өзінің алғашқы саяси мәнін жоғалтқан.

Негізі, әйел атаулыға сыйлық сыйлап, көңілдерін қуанту үшін бір күннің болуы міндетті емес, әрине. Себебі, әйелдер әр күні бақытты болуға лайықты емес пе?! Сұлулық пен нәзіктікті, қажыр мен қайсарлықты бiр бойына жинаған арулардың мейрамы күлiмдеген көктеммен қатар келедi. Бұл мейрамның көктеммен қатар келу себебі, ана – өмiрдiң алтын дiңгегi, бар адамзатқа өмiр сыйлаушы. Ал көктемде табиғат ана қайта құлпырып, айналасына шуақ шашады емес пе?! Cондықтан  арнайы тағы бір күні аналарымызды ардақтап жатсақ,оның несі артық! Осыған орай, біздің Дулати университетінің аяулы жандарын Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын! Мен олардың әрқашан әдемі, ақылды және өз ісінің кәсіби шебері болуын қалаймын.

Құрметті аяулы арулар! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

Күлзинат Қарымбаева ф.ғ.к., доцент,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті

«Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі

Пятница, 05 марта 2021 05:19

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІН ЕСКЕ АЛЫП...

«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп серт еткен ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай, Рухани жаңғыру жобалық офисі, Жастар ісі жөніндегі комитет, Кітапханалық ақпарат орталығының бірлесіп ұйымдастыруында  «Алаш және ұлттық рух» атты белгілі журналист «Алаш айтқан асыл сөз» кітабын құрастырушы, Алаш тақырбындағы көптеген мақаланың авторы Серік Жолдасбаймен кездесу болып өтті.

Кеш қонағы Серік мырза 5-наурыз ұлы тұлға Әлиханның туған күні екенін еске сала отырып, Алаш арысының қазақ тәуелсіздігі жолында күрескен батырлық рухын, ел шекарасын шегелеуде сіңірген еңбегін ерекше атап өтті, Әлиханның демократ басшы болғандығы, Әлихан мен Мұстафа арасындағы байланыс, Әлихан масон ұйымына мүше болды ма деген сияқты жұрт көкейінде жүрген сұраққа байланысты ойларын ортаға салды.

Кешке қатысушы қонақтар, студенттер Серік Жолдасбайға көкейде жүрген сауалдарын қойып, өз ойларын  ортаға салды.

Медиа-қызмет

Четверг, 04 марта 2021 10:32

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жарық көріп, биыл да жалғасын тапты.

«Биылғы байқау – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы жылдар ішіндегі еліміздің табыстары – ел азаматтарының ерен еңбегінің жемісі. Жақсыдан үйрен деген халқымыз жас ұрпақты осындай адамдардан өнеге алуға тәрбиелеген», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева

Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.

Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде фальсификацияға жүгіну сынды немесе өзге де құқық бұзушылық актілері анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығарып жіберуге құқылы.

Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енеді.

Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында жоба жеңімпаздары болып атанады.

Алдағы бірер айда біз Отанымыздың халық ризашылығына лайықты және Егемен еліміздің жаңа келбеті атанатын есімдермен таныс боламыз.

Бүгін Дулати университеті қабырғасында «Welcome to Erasmus+ family» тақырыбында Эразмус+ жобасының консультациялық сессиясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – бағдарламаны жүзеге асыру  тиімділігін арттыру, команда мүшелеріне жаңа жобаны таныстырып, керекті кеңес беру.

Сессияға университет ректорының м.а. Ержан Әмірбекұлы, Эрасмуз+ бағдарламасының Ұлттық офисінің директоры Шайзада Тасбулатова және университетіміздің жоба мүшелері қатысты.

Шайзада Өмірзаққызы Эразмус+бағдарламасымен таныстырып, мақсат-міндеттеріне тоқталды. "Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру" жобаларын іске асыруға ұсынымдар айтып, аталмыш жоба ЖОО студенттері мен оқытушылары үшін де үлкен мүмкіндік екенін түсіндірді.

Эразмус+ білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламасы. Ол еуропалық елдер мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасындағы осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктерді ұсынады. Ынтымақтастық пен ұтқырлықтың жаңа жобалары жыл сайын Эразмус+ өтінімдері конкурсы шеңберінде іріктеледі.

Консультациялық сессияның келесі бөлімінде REILEAP жобасы туралы айтылды. Жоба былғары өндіру және одан жасалған бұйымдарды жобалау бойынша жабдықталған және функционалдық орталықтарды Өзбекстанда және Қазақстанда құруға бағытталған. Біліктілігін арттырған персоналы бар орталықтар былғары және былғары өнімдерін өндіруші компаниялар үшін жаңа қызметтер ұсынады. Ұсынылатын қызметтер былғары бұйымдардың сапасын бағалауды, семинарлар, ақпараттық іс-шаралар өткізуді қамтиды.

Іс-шара Эразмус Мундус (Erasmus Mundus Design Measures) бірлескен магистрлік бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі шаралар туралы ақпараттық сессиямен жалғасты.

Медиа-қызмет

2021 жылдың 2 наурызында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы С.М.Кантарбаеваның  ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Алғыс айтамын» және «Ұлтаралық татулық және ынтымақтастық» тақырыптарында факультет деңгейінде онлайн дөңгелек үстел  өтті. Дөнгелек үстелдің басты қонақтары «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Д.Д. Кульбаева,  «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушылары: Г.Б.Еменова, Г.У.Мырзапайызова, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.К.Масалимова, Технологиялық факультетінің және «Химия және химиялық технология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 1-3 курс студенттері.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстан халқына деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Шараның мақсаты-адамдарға қамқорлық жасау, мейірімділік, адамның жанашырлық сезімдерін ояту, көмекке келуге деген құлшынысын, қарт адамдарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқу залында Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Сухамбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының журналистика ардагері Тұрсынхан Толқынбайұлы, Байзақ ауданының Құрметті азаматы, М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің профессоры Үсембаев Болат Үсембайұлы шақырылды. Ардагерлер қоғамынан Түйебеков Нұржан Жапарұлы және әскери кафедраның аға оқытушысы, магистр, отставкадағы подполковник Жұмабеков Ұлықбек Жұмабекұлы қатысты.

25 февраля 2021 года в читальном зале Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати  проведено мероприятие, посвященное 100-летию Героя Советского Союза Агадилу Сухамбаеву. На это мероприятие были приглашены: Турсынхан Толкынбайулы – ветеран журналистики Республики Казахстан, почетный гражданин Байзакского района, профессор Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Усембаев Болат Усембаевич. От общества ветеранов присутствовал Туебеков Нуржан Жапарулы и старший преподаватель военной кафедры, магистр, подполковник в отставке Жумабеков Улыкбек Жумабекович.

Страница 291 из 452
Top