
Super User
БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты, «Білім берудегі» менеджмент кафедрасның ұйымдастыруымен «Мен педагог мамандығын таңдаймын!» аты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізіліп, үздік жас түлектер анықталды.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.
ЖУРНАЛИСТПЕН ЖҮЗДЕСУ
«Мұнай, газ және механика» факультетінің ұйымдастыруымен «Парасат жолы: Армандар орындалады» тақырыбында журналист, ақпарат саласының үздігі Әбдиев Ерман Қанжанұлымен кездесу болды.
Елдегі етек алған жағдайға байланысты іс-шара Zoom платформасы арқылы өтті. Аталған жүздесуге оқу ордамыздың ұстаздары, студенттер қатысты.
Алғашқы сөз тізгінін алған «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы Кенжеғали Шилібек кездесу қонағы Ерман Әбдиевке шынайы алғысын білдіріп, көптің көкейінде жүрген сұрақтарды айта отырып салихалы сұхбат жүргізді.
АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КІТАП ҚОРЫ ЖАҢАЛАНЫП, ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ...
Дулати университеті 2019 жылдан бері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында облыстың шалғай ауылында орналасқан мектеп кітапханасын қолдау мақсатында 100 аталым бойынша электронды оқу залын орналастырып, электронды мобильді кітапхананы (100 аталым бойынша), сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтардың QR-коды қойылған баннерді, жаңа кітаптарды сыйға тарту жұмыстарын жүргізуде. Дәстүрге айналған іс-шараны Дулати университеті бүгін Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бәйтерек ауылындағы Т.Тастандиев атындағы орта мектепте ұйымдастырып келді.
Мұндағы басты мақсат - Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау, толықтыру бойынша және Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы негізінде облыста шалғайда орналасқан ауыл мектептері кітапханаларына оқу-әдістемелік көмек көрсету, кітап қорын арттыруға ықпал ету, мұғалімдер мен оқушылардың жаңа көркем шығармаларды оқуына мүмкіндік жасау.
Іс-шара барысында Кітапханалық-ақпарат орталығының директоры Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы қатысушыларға еліміздегі кітапхана желісінің сапалы адами капиталды қалыптастыру мен қоғамдық сананы жаңғыртудағы ролін баса айтты, сондай-ақ оқушыны кітап оқуға қызықтыру үшін алдымен, сапалы кітап қоры жинақталған кітапхана және оның визуалды көрінісінің көзтартарлық болу керектігін ескертті. Мектеп кітапханасына арнайы әкелінген кітаптардың мазмұнымен таныстырды. Соның ішінде Дулати университетінің профессоры Құламанова Зиба Абдуллақызының да жеке кітап қорынан сыйға тартылған оқулықтарды көрсетті. Орталықтың ІТ маманы Өтеген Сәния қатысушыларға электронды кітапханамен жұмыс жасау нұсқаулығын түсіндірді. Мектеп директоры Жорабекова Гүлнар Молдакуловна тосыннан жасалған осындай игі іс үшін Дулати университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлына алғысын білдірді. Себебі ауыл мектептерінің кітапханаларында көркем туындылар мен әдебиеттер тапшы, тіпті қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз екендігін, оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейтіндігі жайында сөз қозғады.
Ал, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алиева Гульвира Кәдірбековна бұл сауапты істің мектеп кітапханасын жаңғыртудың құтты қадамы болғандығын жеткізді. Ауыл мектебі кітапханасының кітап қоры аздығы болмаса, мұғалімдер мен оқушылардың жұмыс жасау үшін интернеттің қолжетімді екендігін тілге тиек етті. Мектеп кітапханашысы кітапхана жұмысымен таныстырып, кітапхананы заманауи жабдықтауда оқу ордамыздың мамандарымен тәжірибе алмасатындығын мәлімдеді. «Оқуға құштар мектеп» жобасының басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу екендігін жеткізіп, сол бойынша атқарылатын жоспарымен бөлісті.
Қазіргі ақпарат ағыны қарқынды дамыған заманда дұрыс ақпарат пен адамға рухани тәрбие беретін кітап оқу маңызды. Осы тұста кітапханашының ролі зор. Себебі алдына келген оқырманның талғаммен кітап оқуын қалыптастыратын бірден-бір тұлға – кітапханашы. Кітап пен кітапханашының ағартушылық қызметінің мәні еш уақытта жоғалмайды.
Сонымен қатар оқушылардың оқу, сөйлеу мәдениетін арттыруда мектеп кітапханасының орны ерекше. Заманауи кітапханалардың көбеюі еліміздің интеллектуалды деңгейінің артуына зор ықпал ететіндігін ескерсек, Дулати университеті мұндай пайдалы іс-шаралар жүйесін кешенді түрде жүргізуді жалғастыра береді.
«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің
маманы Мырзабаева Балмира
ИНФОРМАЦИОННО-РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА В СФЕРЕ РЕЛИГИИ В ИСПРАВИТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЯХ
Согласно от 14.04.2021 г. письма-запроса Департамента уголовно-исполнительной системы по Жамбылской области главный специалист Центра религиоведения Таразского регионального университета им. М. Х. Дулати Б.К.Алпысбаев, в период с 27 по 29 апреля провел информационно-разъяснительную работу в сфере религии в исправительных учреждениях 158/2, 158/4. На этой встрече были обсуждены вопросы реализации Закона РК «О религиозной деятельности и религиозных объединениях», «Программы по противодействию религиозному экстремизму и терроризму на 2018-2022 годы» и призвал остерегаться идеологии нетрадиционных религиозных течений. Был показан видеоролик и даны ответы на поставленные вопросы.
ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАР
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14.04.2021ж. күні жолдаған сұраныс хатына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев 27-29 сәуір аралығында УЖД 158/2, УЖД 158/4 түзету мекемелерінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесуде сотталғандарға ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы, ҚР «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасының» бағыт-бағдарын жүзеге асыру және мемлекеттің ішкі тұрақтылығына нұқсан келтіретін дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болу шақырды. Сонымен қатар, А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы қазақ ойшылдардың рухани мұралары: «Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас», «Ел бастайтын жастар жай жатпауы керек. Ғылымға аш болуы керек» дегендей адамның бойындағы ең басты құндылығы ар-ұяты мен білімі туралы айтылды. Бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
СЕССИЯ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін университет ректорының м.а. Ержан Әмірбекұлы жазғы сессияның өту форматына байланысты әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып студенттер сұрағына жауап берді.
Жамбыл облысының қызыл аймаққа ену қаупі туындауына орай студенттер сессияны онлайн форматта тапсыратын болады. Эфир барысында ректор емтихан тапсыру барысын түсіндіріп берді: – Кей пәндер жиынтық балл арқылы бағаланса, кей пәндер Google Classroom, Platonus, Sirius, Moodle платформалары арқылы жазбаша және тест тапсыру арқылы бағаланады. Емтихан прокторинг жүйесі арқылы қадағаланады. Пән жиынтық балл арқылы бағалану үшін студент деканатқа өтініш жазуы керек. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда студент апеллияциялық комиссияға шағымдануына болады,- деді ректор.
Сессия тәртібін түсіндірген Ержан Әмірбекұлы егер студент коронавирустық инфекцияға шалдығып, емтихан тапсыра алмаған жағдайда ол студентке жаздық емтиханды тегін тапсыруға мүмкіндік берілетінін айтты. Сондай-ақ, интернет желісі нашар ұстайтын алыс ауыл-аймақтағы студенттеріміз университет жатақханасына орналасып, жатақхананың Wi-Fi желісін пайдалана алады.
Университет басшысы студенттер тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта да жағдайға байланысты тікелей эфирлер ұйымдастырылатынын айтты.
Медиа-қызмет
СТУДЕНТЫ ВОЕННОЙ КАФЕДРЫ ОЗНАКОМИЛИСЬ С ЗАКОНОМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН «ОБ ОБОРОНЕ».
Студенты военно-патриотического клуба «Болашак сардар»Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати активно знакомятся с Законом Республики Казахстан «Об обороне». Закон содержит обязанности, выполняемые органами власти и управления. По закону органы государственной власти и управления несут ответственность за действия всех учреждений, находящихся в их ведении.
Согласно Конституции защита Отечества и Служба в ВС РК-долг и обязанность каждого казахстанца. Государство обеспечивает целостность, неприкосновенность, неделимость своей территории.
ӘСКЕРИ КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚОРҒАНЫС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫМЕН ТАНЫСТЫ.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүше студенттері Қазақстан Республикасының «Қорғаныс туралы» Заңымен қызу танысуда. Заңда билік пен басқару органдарының атқаратын міндеттері қамтылған. Заң бойынша мемлекеттік билік пен басқармалары өз қарамақтарындағы барлық мекемелердің іс-әрекеттері үшін жауап береді.
Конституция бойынша Отан қорғау мен ҚР ҚК-де қызмет ету әрбір қазақстандықтардың міндеті мен парызы. Мемлекет өз аумағының бүтіндігін, қолсұқпаушылығын, бөлінбеушілігін қамтамассыз етеді.
ЕСТЕЛІК ДӘРІСІ
2021 жылдың 23 сәуірінде әскери кафедраның оқытушысы, запастағы майор Қ.А. Оңалбеков үшінші курс студенттеріне «ҚР бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» атты тақырыпта дәріс өткізді.
Запастағы майор ҚА. Оңалбеков өз сөздерінде ел үшін қиын уақытта әскер басқарған Сағадат Қожахметұлы өмірінің жарқын сәттері туралы айтып берді.
ЛЕКЦИЯ ПАМЯТИ
23 апреля 2021 года преподаватель военной кафедры майор запаса Оналбеков К.А. провел лекцию для студентов третьего курса на тему «Первый Министр обороны РК Халык Қаһарманы С. Нурмагамбетов».
В своих выступлениях майор запаса Оналбеков К.А. рассказал о ярких эпизодах из жизни Сагадата Кожахметовича, который возглавил армию в непростое для страны время.