
Super User
«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ»
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің
2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру»
атты жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
2024 жылдың 10-11 сәуірінде «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ КОЛЛАБОРАЦИЯ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты Халықаралық педагогикалық оқуларын өткізеді.
Халықаралық педагогикалық оқулардың серіктестері: Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы), Нигде Омера Халисдемира университеті (Турция), С.Орбелиани атындағы Тбилиси унтверситеті (Грузия), Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті (Қырғызстан), Ферғана мемлекеттік университеті (Өзбекстан), Ұлттық құндылықтар академиясы (Қазақстан), Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасы.
Халықаралық педагогикалық оқулардың мақсаты – жаһандық білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи трендтері және цифрлық коллаборацияның басым бағыттарын айқындау; цифрлық платформалар мен технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау, инновациялық іс-тәжірибені зерделеу.
Халықаралық педагогикалық оқулардың жұмыс жасау бағыттары:
- Үздіксіз педагогикалық білім беру: өзекті проблемалары және перспективалары.
- Цифрлық білім беруді трансформациялау: цифрлық платформалар және технологиялар.
- Коллаборативті білім беру ортасындағы цифрлы педагог: әлемдік тәжірибе, инновациялық әдістеме.
Халықаралық педагогикалық оқулардың аясында «Инновациялық педагогикалық өнім-2024» онлайн байқауы өткізіледі:
- «Педагогикалық инновациялық өнім»:
- 1.1 «Үздік инновациялық сабақ».
- 1.2 «Үздік инновациялық әдістеме».
- 1.3 «Үздік инновациялық технология».
- 1.4 «Үздік инновациялық жоба».
- «Үздік оқу-әдістемелік кешен»/«Үздік электронды оқу контенті».
- «Үздік оқулық/ «Үздік оқу құралы»/«Үздік оқу-әдістемелік құрал».
- «Үздік мультимедиалық өнім»/ «Үздік электронды оқулық».
- «Үздік шебер-сынып».
Онлайн байқаудың мақсаты – цифрлық-коллаборациялық кеңістікте креативті педагогтердің инновациялық іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін және шығармашылық әлеуетін жетілдіру.
Байқаудың міндеттері:
- заманауи оқу-әдістемелік кешеннің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;
- инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;
- цифрлық-коллаборациялық ортада креативті педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әлеуетін арттыру;
- жаңашыл педагогтердің ғылыми- әдістемелік белсенділігін ынталандыру;
- педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін арттыру;
- өзара инновациялық тәжірибемен алмасу.
Байқауға қойылатын талаптар:
- байқауға ұсынылатын инновациялық өнімдер 2023 жылдың 15-наурызынан 2024 жылдың
15-наурызына дейінгі аралықта дайындалған болуы керек;
- басқа байқауға ұсынылған өнімдер қабылданбайды;
- онлайн байқауға 5- минуттық презентация дайындау қажет;
- ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет: жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық бағыттылығы және тәжірибеде қолданыс табуы.
Халықаралық педагогикалық оқулардың аясында отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтердің шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтерді онлайн, офлайн форматта ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Халықаралық педагогикалық оқулар төмендегідей форматта ұйымдастырылады:
- пленарлық мәжіліс - баяндамалар, Халықаралық педагогикалық оқулардың резолюциясын қабылдау;
- байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;
- отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары;
- психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
- онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
- секциялық мәжілістер;
- инновациялық өнімдердің презентациясы.
Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысуға арнайы шақырылады:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері;
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;
- ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, танымал ғалымдар, болашақ педагогтер, магистранттар және докторанттар;
- Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.
Халықаралық педагогикалық оқулардың жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті Халықаралық педагогикалық оқулар материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтердің Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушының өтінішін ұсынылатын тіркеу формасына сәйкес жіберу қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.
Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Халықаралық педагогикалық оқуларға _____ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.
Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады. Мысалы, қатысушы С.Ж.Бисенова файл атын келесідей ұсынуына болады: Бисенова.doc немесе Бисенова.rtf.
Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.
Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2024 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.
Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушылар арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушыларға табыс етіледі:
- Халықаралық педагогикалық оқулардың бағдарламасы;
- Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысқаны үшін сертификат;
- отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстарына қатысқандары үшін халықаралық дәрежедегі АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ;
- Халықаралық педагогикалық оқулардың жинағы ( электронды тасымалдағышта);
- байқау жеңімпаздарына АРНАЙЫ ДИПЛОМ.
МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мақаланы орналастыру реттілігі:
- ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына қойылады.
- Мақаланың атауы.
- Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі), мекеменің атауы және орналасқан жері (егер мекеменің атауынан бөлек болса), авторлардың e-mail.
- Аннотация 3 тілде: (100 сөзден артық емес: мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және қысқаша тұжырымдары).
- Кілтті сөздер (5-10 сөз).
- Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.
- Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).
- Егер мақала шетел тілінде ұсынылған болса, онда қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты, аннотация, кілтті сөздер (мақаланың соңында) .
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Мақаланың мәтіні және тіркеу формасы WORD мәтіндік редакторында терілуі тиіс, «Times New Roman» қаріпі, тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз, жоғарғы өріс - 20 мм, сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).
- Матариал көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс (суреттеді қосқанда), А4 форматтағы көрсетілген мақала көлеміне мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі, кестелер және суреттер кіреді.
- Мақала беттері нөмірленуі тиіс.
- Мақалада формула (сурет, кестелер) номерленеді.
- Мақалада әдебиеттер көздеріне сілтеме жасалынуы тиіс. Әдебиет көздерінің тізбесі ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады. Мәтінде әдебиет көздеріне сілтемелер квадрат жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме жасауға болады.
- Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы жасалуы тиіс. Жинақта барлық суреттер ақ-қара түсте беріледі.
- Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет (жұмыс орны, қызметі, электронды почта) көрсетілуі тиіс.
- Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.
- Барлық жұмыстар антиплагиатпен 15 наурыздан 25 наурызға дейін тексеріледі, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 70% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.
- Ұйымдастыру комитеті аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу, редакциялау жұмыстарын өзіне қалдырады.
- Мақала, байқау жұмыстарын келесі электронды почтаға 2024 жылдың 15 наурызына дейін жіберу керек: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- Электронды нұсқадағы файл атауы төмендегідей рәсімделеді: «Бисенова_өтініш.doc», «Бисенова_мақала.doc», «Бисенова_презентация.ppt(x)», «Бисенова_ байқау.doc».
- Мақалада көрсетілген ғылыми факті, дерексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы бойынша жауапкершілік авторда (-ларда) қалдырылады.
ОНЛАЙН БАЙҚАУДЫҢ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
«Үздік инновациялық сабақ» байқауы
- Мазмұны, жаңашылдығы;
- Инновациялық технологияларды пайдалануы;
- Жұмыстың интегративтігі (дәстүрлі, инновациялық әдістері мен формасының байланысы);
- Мультимедианы пайдалануы;
- Жұмыстың шығармашылық бағыты (көркемдік деңгейі, дизайны, безендіру сапасы);
- Әдістердің білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестілігі;
- Пәнаралық байланысы.
«Үздік инновациялық әдістеме»/«Үздік инновациялық жоба»/
«Үздік инновациялық технология» байқауы
- Әдістеме/ жоба/технология мақсаты, міндеттері;
- Мазмұндылығы;
- Бірегейлігі, идеялылығы, креативтілігі;
- Ғылымилығы, практикалық маңыздылығы;
- Жаңалылығы.
«Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені» байқауы
- ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мазмұнынына сәйкестігі;
- Пән бойынша толық оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
- Жаңашылдық деңгейі;
- Жеке жұмыс жасауға арналған әртүрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмалардың болуы;
- Пәннің бағдарламалық және мультимедиалық қамтамасыз етілуі (презентация, видеоролик, флипчарт).
«Үздік цифрлық оқу контенті» байқауы
- Бейнесабақтың болуы;
- Цифрлы дидактикалық материалдардың болуы;
- Цифрлы технологиялар, интербелсенді әдістер, цифрлы оқу платформасындағы материалдарды пайдалана алуы.
«Үздік оқулық», «Үздік оқу құралы», «Үздік оқу-әдістемелік құрал» байқауы
- Оқулық/Оқу құралы/ Оқу-әдістемелік құралдар материалдарының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкестігі;
- Өзектілігі, мазмұндылығы, жаңашылдығы, бірегейлігі;
- Жүйелілігі, бірізділігі, өзара байланыстылығы;
- Жеке жұмыс жасауға арналған әртүрлі тапсырмалардың болуы;
-Оқулық/Оқу құралы/ Оқу-әдістемелік құралдың көлемі, мазмұны және сапасы.
«Үздік мультимедиалық өнім», «Үздік электронды оқулық» байқауы
- Мультимедиалық өнім / Электронды оқу құралы мазмұнының пәнге (дидактикалық міндеттеріне) сәйкестігі;
- Құрылымы мен мазмұны;
- Интерактивті элементтердің болуы;
- Дизайн сапасы, ақпараттың дыбыстық және түстік безендірілуі;
- Креативтілігі.
«Үздік шебер -сынып» байқауы
- Инновациялық идеяның болуы және оның өзектілігі;
- Инновациялық идеяны шешудің логикалық байланыстылығы, бірізділігі;
- Технологиялылығы;
- Нәтижелілігі.
ТІРКЕУ ФОРМАСЫ
Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысу үшін 2024 жылдың 15 наурызына дейін төмендегі тіркеу формасын толтырып почтаға жіберіңіз:
№ |
Автор туралы мәлімет |
1 |
Тегі, аты-жөні (толығымен) |
2 |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) |
3 |
Жұмыс орны, мекен-жайы |
4 |
Байланыс телефоны, е-mail |
5 |
Мақала тақырыбы |
6 |
Секция |
7 |
Қажетті техникалық құралдар |
8 |
Байқауға ұсынылатын материалдар |
9 |
Қатысатын байқаудың атауы |
10 |
Қонақ үйдің қажеттілігі (ия/жоқ) |
МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна – 8 705 720 18 56;
БУПЕТАЕВА Сауле Жакиповна – 8 775 404 84 50;
УШАКБАЕВА Камшат Рахымбердиевна – 8 701 083 55 33,
ТАДЖИБАЕВА Жанна Сайдуллаевна – 8 771 231 31 21.
БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР » ФАКУЛЬТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
ПРОЕКТЫ ОТДЕЛА КОММЕРЦИАЛИЗАЦИИ
1.29 сентября 2023 года отделом коммерциализации был проведен Онлайн -питч для отбора проектов на «Реактор коммерциализации технологий» в сфере недропользования перед бизнес-тренерами и экспертами АО «Фонд науки» с целью проработки и «упаковки» проекта для потенциального бизнес-партнера/инвестора.
- 31 октября 2023 г.на финале «Реактора коммерциализации технологий» в сфере недропользования на базе КазНИТУ имени К.И. Сатпаева проект Турсунбаева Х.Д. «Производство нового биомелиоранта на основе промышленных отходов фосфорного производства» стал финалистом.
https://t.me/qaztechnologies/440
3.Проведение форума с бизнес-сообществом Жамбылской области, АО «Фонда науки» и ДУ
3 ноября 2023 года был проведен ФОРУМ «Возможности интеграции науки и бизнеса в Жамбылской области» с целью содействие ученым ДУ и предпринимателям Жамбылской области в совместной реализации проектов РННТД в рамках грантового финансирования. Форум проходил с участием руководство и ученые DULATY UNIVERSITY, Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития, Управление цифровых технологий акимата Жамбылской области, Палата предпринимателей Жамбылской области и предприниматели Жамбылской области.
- В конкурсе «Тәуелсіздік ұрпақтары» организованном молодежным общественным объединением «Центр развития JASTAR» при поддержке Управления по вопросам молодежной политики акимата Жамбылской области 6 проектов студентов, магистрантов и молодых преподавателей DULATY UNIVERSITY участвующих в конкурсе выиграли грант по 500 000 тенге.
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЕСЕБІ | ОТЧЕТ ДИССЕРТАЦИОННОГО СОВЕТА
Обсужден проект новой Программы развития университета Дулати на 2023-2029 годы
2 февраля 2024 года на расширенном заседании Ученого совета был обсужден новый проект Программы развития Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати на 2023-2029 годы.
Проректор по стратегическому развитию и интернационализации Шолпан Есимова в ходе презентации представила программу вниманию членов Совета.
Определив основные проблемы, она заявила о приверженности университета глобальным трендам Университет 4.0, включающим новые технологии в образовании, такие как State-of-the-art 5G innovation lab, использование облачной инфраструктуры, расширение доступа и интеграция данных, разработка цифровых инструментов для улучшения бизнес-процессов с помощью расширенной аналитики, машинного обучения и искусственного интеллекта.
В новой программе развития университета Дулати на 2023-2029 годы определены цели и задачи по реализации академического превосходства университета, научному лидерству и глобальному видению, операционному превосходству, развитию химико-технологической школы, обеспечению эффективного и устойчивого развития водно-энергетической отрасли, эффективной модели педагогического образования и науки, новой модели юридического и бизнес-образования.
Программа развития НАО «Таразский региональный университет им. М.Х.Дулати» до 2029 года определяет стратегическую цель и задачи развития университета как образовательного учреждения, осуществляющее инновационную академическую, социальную и исследовательскую деятельность с широким спектром образовательных программ, проектов в области технических, педагогических, естественных, гуманитарных и социальных наук.
Программа основывается на Концепции развития высшего образования и науки в Республике Казахстан на 2023–2029 годы (далее Концепция), принятой Постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2023 года № 248, которая направлена на обеспечение автономии образовательных учреждений, привлечение талантливых специалистов в высшие учебные заведения, а также повышение уровня знаний и компетенций с использованием современных образовательных программ, основанных на передовых технологиях и экономике будущего, учитывая потребности всех стейкхолдеров.
НАО «Таразский региональный университет им. М.Х.Дулати» активно выполняет социальную миссию в сфере непрерывного образования и выступает инициатором реализации социально-общественных проектов, направленных на улучшение качества жизни человека и развития «серебрянного университета».
Программа развития Университета Дулати учитывает современные тренды. Обновление содержания образовательных программ будет реализовываться с учетом спроса на рынке труда. Инновационные образовательные программы будут разработаны на основе форсайт-исследований рынка труда и потребностей стейкхолдеров.
Turkish Educational Grants
Within the framework of the "Turkey Scholarships"(Türkiye Bursları) programme from the Republic of Turkey, Kazakhstan's youth are given the opportunity to study in Turkish universities on bachelor's and master's degree programmes.
Application deadlines for undergraduate and postgraduate courses for the academic year 2024-2025 are from 10.01- 20.02.2024
For more information about the Turkey Scholarship Programme, please visit the official website: www.turkiyeburslari.gov.tr.
For presentation materials, please follow this link: www.turkiyeburslari.gov.tr/about/mediaandpresentation
If you have any questions, please contact the International Cooperation Department. (Tole bi, 62, 208 office, 2nd floor)
Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі кеңесінің отырысы өтті
2024 жылғы 1 ақпанда Дулати университетінде «Су шаруашылығы» бағыты бойынша жобаларды басқару тобының Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі (ЖБТ ОӘБ) кеңесінің отырысы өтті. Осы іс-шара аясында Қазақстан Республикасы үшін су шаруашылығы кадрларын (гидротехник инженерлерді) даярлауға байланысты бірінші кезектегі мәселелер қарастырылды.
Осы орайда «Су шаруашылығы» бағыты бойынша ЖБТ ОӘБ жоспарына енген таяу кезеңдерге арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды. Ол үшін соңғы талаптарға сәйкес су шаруашылығы мамандарының қызмет саласы біріздендіріліп, кеңейтілді және білім беру бағдарламалары бойынша пәнаралық байланыстарды ескере отырып, кадрлар даярлаудың жаңа бағыттары айқындалды. Инженерлік кадрларды даярлаудың заманауи талаптарына сәйкес «Су шаруашылығы» бағыты бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын ашу туралы ұсыныстар қарастырылды, атап айтқанда, оларға: «Мелиоративтік жұмыстарды механикаландыру», «Гидромелиорация», «Гидроэнергетика», «Су дипломатиясы», «Су шаруашылығының экономикасы» білім беру бағдарламалары жатады.
Жоғарыда атап көрсетілген мәселелерді шешу үшін және су шаруашылығы саласына арнап кадр даярлау мақсатында Дулати Университеті жоғары білім және жоғары білімнен кейінгі білім беретін негізгі ұйым ретінде белгіленді.
Қазіргі уақытта жетекші жоғары оқу орындарымен «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен су шаруашылығы саласына кадрларды бірлесіп даярлау мәселелері бойынша және Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен кадрларды даярлау және химиялық талдаулар жасау әрі суды тазарту жұмыстарын бірлесіп атқару жүзеге асырылуда.
РОӘБ кеңесінің отырысында жұмыс жоспары бекітіліп, Кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру ұсынылды, ол құрамға Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары мен су шаруашылығы саласындағы жетекші орындағы ұйымдар кірді.
Бұдан бөлек, ЖБТ ОӘБ жұмысы барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің су мамандарын даярлау бойынша 2023 жылға арналған «Жол картасын» іске асыру кезеңдері туралы ақпарат берілді.
Прошло заседание совета Республиканского учебно-методического объединения
1 февраля 2024 года в Университете Дулати прошло заседание совета Республиканского учебно-методического объединения группы управления проектами (УМО ГУП) по направлению «Водное хозяйство», в рамках которого рассмотрены первостепенные вопросы, связанные с подготовкой кадров-водников (инженеров гидротехников) для Республики Казахстан.
В этой связи определены основные направления работы на ближайшие периоды, включенные в план УМО ГУП по направлению «Водное хозяйство». Для этого были унифицированы и расширены сфера деятельности водников согласно последним требованиям и определены новые направления подготовки кадров, учитывающие междисциплинарные связи по образовательным программам. Рассмотрены предложения об открытии новых образовательных программ по направлению «Водное хозяйство» в соответствии с современными требованиями подготовки инженерных кадров, в частности таких как: «Механизация мелиоративных работ», «Гидромелиорация», «Гидроэнергетика», «Водная дипломатия», «Экономика водного хозяйства».
Для решения вышеуказанных вопросов и в целях подготовки востребованных специалистов Университет Дулати был определен базовой организацией высшего и послевузовского образования по подготовке кадров в сфере водного хозяйства.
В настоящее время проводится работа по коллаборации с ведущими вузами: Национальным исследовательским университетом «Ташкентский институт инженеров ирригации и механизации сельского хозяйства» – по вопросам совместной подготовки кадров в сфере водного хозяйства и Российским химико-технологическим университетом им. Д. И. Менделеева – по подготовке кадров и проведению химического анализа и очистных работ.
На заседании совета РУМС утвержден план работы и рекомендован новый состав Совета, куда вошли ведущие вузы и ведущие организации по водным направлениям Республики Казахстан.
Кроме того, в ходе работы УМО ГУП была дана информация об этапах реализации «Дорожной карты» Таразского регионального университета им. М.Х.Дулати по подготовке водников в 2023 году.
Межрегиональная химическая олимпиада школьников имени академика П.Д. Саркисова
ЖАС СТАРТАПЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Университет қабырғасында белсенді жастар қауымдастығын қалыптастыруға және жастардың бастамаларын қолдау мақсатында «DULATY UNIVERSITY : жетістіктері мен болашағы» салтанатты іс-шарасы өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жас дарындардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау мақсатында тағайындаған болатын. Қазіргі таңда грант аясында жастар өз жобаларын табысты жүзеге асыруда. Олардың арасында Қазақстанның IT саласындағы ғылыми зерттеулерді, экономиканың негізгі секторларындағы креативті бизнес идеяларды, мәдени мұрасын насихаттауға, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге, стартаптар мен жобаларды, іске асыруға бағытталған жоба иелері бар.
Университетімізде жастардың дамуына, оларға жаңа және ауқымды мүмкіндіктер ашуға ерекше көңіл бөлінуде.
Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Әуесжанұлы мен Коммерцияландыру бөлімінің бастығы Салтанат Өмірзаққызының басшылығымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауына студенттер, магистранттар және жас оқытушылардың жобаларын іріктеу үшін стартап-жобалардың Ішкі конкурсы өткізілді. Ішкі конкурстың жеңімпаздары республикалық, облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Іс-шараны құттықтау сөзімен Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры С.Ә.Орынбаев ашты. Еліміздегі стартап-экожүйе соңғы жылдары белсенді дамып жатқанын, жас кәсіпкерлер үшін көптеген мүмкіндіктер жасалғанын тілге тиек етті.
«Astana Hub» «IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының өңірлік менеджері А.Қ.Наурызбекова «Astana Hub» туралы презентация жасады.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауының жеңімпаздарын «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Қ.Абдыкадыров марапаттады.
«Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі корпоративтік қоры мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында 2023 жылы білім беру бағдарламалары бойынша келісімшартқа қол қойылып, осы келісім аясында «Startup Academy» кәсіпкерліктің заманауи тұжырымдамалары мен құралдарын үйренуге және жеке Стартапты бастау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуға арналған курстан университет есебінен 100 оқытушы мен білімгер өтті. Курс тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттарын «Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» басшысының орынбасары Г.Қ. Журабекова және Коммерцияландыру бөлімінің бастығы С.Ө.Бектұрғанова тапсырды.
Игі істерге мұрындық болып жүрген институт директорының және факультет декандарының ғылым жөніндегі орынбасарлары алғысхатпен марапатталды.
Состоялся визит внешних экспертов Независимого агентства аккредитации и рейтинга в Университет Дулати
Аккредитация – это акт признания государством и обществом высокого уровня конечного результата деятельности высших учебных заведений. В 2023 году университетом Дулати заключен договор №78/2-СА с «Независимым агентством аккредитации и рейтинга» на проведение специализированной аккредитации. В настоящее время университет оказывает образовательные услуги по 177 программ. Вузом подготовлены и направлены экспертам агентства НААР отчеты самооценки по 49 образовательным программам. С 22 по 31 января текущего года состоялся визит внешних экспертов IAAR в Университет Дулати.
В ходе трехэтапного процесса аккредитации внешним экспертам были организованы интервью-встречи с руководством университета, руководителями всех структур, деканами факультетов и заведующими кафедрами, преподавателями, обучающимися, представителями выпускников и работодателей. В интервью приняли участие около 700 человек. Также преподаватели и обучающиеся приняли участие в анкетировании, разработанным агентством. Кроме того, специалисты-эксперты осмотрели учебно-материальную базу кафедр, посещали занятия по расписанию и базы практик. Проверяли внутренние нормативные документы учебного процесса, наличие документированной процедуры проведения мониторинга и периодической оценки ОП для достижения целей ОП, а также оказали консультации по усилению эффективности образовательных программ. Согласно программе визитов комиссии внешних экспертов, в конце каждого этапа эксперты встречались с руководством университета и проводили заключительные встречи. На основании представленного отчета о самооценке, а также изучения представленных университетом нормативных документов, проверки материально-технической базы и интервью с сотрудниками, студентами, встреч с работодателями и выпускниками, на итоговой встрече с руководством вуза экспертная группа выработала ряд рекомендаций с целью дальнейшего повышения эффективности образовательной программы.