Новая версия сайта

Super User

Super User

Goal 1

Мақсат 12: Оңтайлы тұтыну мен өндіру үлгілеріне өтуді қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

  • Барлық елдердің қатысуымен Тұтыну мен өндірудің оңтайлы үлгілерін пайдалануға көшу бойынша іс-қимылдардың Он жылдық стратегияны жүзеге асыру, ең алдымен дамушы елдердің дамуы мен әлеуетін ескере отырып, оған дамыған елдер алғашқы болып кірісуі тиіс.
  • 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды оңтайлы игеру мен тиімді пайдалануға қол жеткізу.
  • 2030 жылға қарай жеке және тұтынушылық деңгейлердегі тағам қалдықтарының бүкіләлемдік мөлшерін халықтың жан басына қайта есептегенде екі есеге қысқарту және өндіру-өткізу тізбектеріндегі азық-түлік шығындарын, соның ішінде түсімді жинаудан кейінгі шығындарды азайту.
  • 2020 жылға қарай халықаралық келісілген қағидаттарға сәйкес химиялық заттар мен барлық қалдықтарды олардың тіршілік кезеңінің барысында экологиялық оңтайлы пайдалануға қол жеткізу және олардың адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға деген жағымсыз әсерін мейлінше қысқарту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін барынша қысқарту.
  • 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуының алдын алу, оларды қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қолдану арқылы қалдықтар көлемін едәуір қысқарту.
  • Компанияларға, әсіресе ірі әрі трансұлттық компанияларға өндірістің орнықты әдістерін қолдануды және өз есептерінде ресурстарды оңтайлы пайдалану туралы ақпаратты көрсетуді ұсыну.
  • Ұлттық стратегиялар мен басымдылықтарға сәйкес мемлекеттік сатып алулардың тұрақты тәжірибесін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • Жұмыс орындарының құрылуына, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдердің өндірісіне ықпал ететін орнықты туризммен тұрақты дамуға деген әсерді мониторингілеу құралдарын әзірлеу және енгізу.
  • Ұлттық талаптарды ескере отырып, нарықтық теңсіздіктерді жою арқылы, соның ішінде салық салуды қайта ұйымдастыру және зиянды субсидиялар қолданылатын жерден олардың экологиялық салдарын есепке алу үшін олардан біртіндеп бас тарту арқылы, халықтың мұқтаж және осал топтарының мүдделерін қорғайтындай, дамушы елдердің айрықша қажеттіліктері мен жағдайларын толығымен назарға ала отырып және олардың дамуы үшін ықтимал жағымсыз нәтижелерді мейлінше қысқарта отырып, қазба отынды пайдаланудың тиімсіз ерекшеленетін, субсидиялануымен қазбалы отынды ысырапсыз тұтынылуына алып келетін, отынды пайдалану субсидиясын оңтайландыру.
Goal 1

Мақсат 11: Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай жеткілікті, қауіпсіз және қымбат емес тұрғын үйге және жаңа қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету және қалың тоғайларды абаттандыру.
  • 2030 жылға қарай жағдайы төмен тұлғалардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарт адамдардың қажеттіліктеріне баса назар аудара отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігін, атап айтқанда қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, қымбат емес, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік құралдарын пайдалануын қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай барлығына ашық және экологиялық тұрақты қалаланудың және елді мекендерді кешенді және тұрақты жоспарлау және оларды барлық елдерде қатысу негізінде басқару мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейту.
  • Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау және сақтау бойынша күш-жігерді жандандыру.
  • 2030 жылға қарай ауа сапасына және қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару арқылы халықтың жан басына қайта есептегендегі қалалардың жағымсыз экологиялық әсерін азайту.
  • 2030 жылға қарай қауіпсіз, қолжетімді және барлығы үшін арналған ашық жасыл аймақтар мен қоғамдық орындарға, әсіресе әйелдер мен балалар, қарт адамдар мен мүгедектер үшін жалпыға ортақ қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • Ұлттық және өңірлің дамытуды жоспарлау сапасын арттыру негізінде қалалық, қала маңындағы және ауылдық аудандар арасындағы жағымды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық байланыстарды қолдау.
  • 2020 жылға қарай әлеуметтік кедергілерді жоюға, ресуртарды пайдалану тиімділігін арттыруға, климаттың өзгеру нәтижелерін жұмсартуға, оның өзгерісіне бейімделуге және табиғи апаттарға қарсы тұру қабілеттілігіне бағытталған, кешенді стратегиялар мен жоспарларды қабылдаған және жүзеге асыратын қалалар мен елді мекендердің сандарын едәуір ұлғайту және 2015-2030 жылдар бойынша апаттардың пайда болу қаупін төмендету бойынша Сендай негіздемелік бағдарламасына сәйкес барлық деңгейдегі апаттармен байланысты туындайтын қауіп-қатерлерді кешенді басқару бойынша шараларды әзірлеу және енгізу.
Goal 1

Мақсат 10: Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай халықтың ең аз қамтылған 40 пайызының табыс өсімін біртіндеп ел бойынша орташадан жоғары деңгейге жеткізу және ұстап тұру.
  • 2030 жылға қарай барлық адамдардың жасына, жынысына, мүгедектігіне, ұлтына, этникалықшығутегіне, шығутегіне, дініне және экономикалық немесе басқа мәртебесіне қарамастан әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді араласуын заңнамалық жолмен қолдау және көтермелеу.
  • Тиісті саясатты, әсіресе бюджеттік-салықтық саясатты және еңбекақы мен әлеуметтік қорғау мәселелеріндегі саясатты қабылдау және біртіндеп көбірек теңдікті қамтамасыз етуге ұмтылу.
  • Ғаламдық қаржылық нарықтарды және мекемелерді реттеу және мониторингілеу әдістерін жетілдіру және мұндай әдістерді неғұрлым жүйелі қолдану.
  • Ғаламдық халықаралық экономикалық және қаржылық мекемелерді неғұрлым тиімді, беделді, есепті және заңды ету мақсатында олардағы шешім қабылдау үдерістеріндегі дамушы елдердің басым өкілділігін және басым дауыс беру құқығын қамтамасыз ету.
  • Адамдардың реттелген, қауіпсіз, заңды және жауапты болуына көші-қоны мен жұмылғыштығы атап айтқанда жоспарланған және ақылға салынған көші-қон саясатын жүргізу көмегімен жәрдемдесу.
  • Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне сәйкес дамушы, әсіресе ең аз дамыған елдер үшін айрықша және сараланған тәртіп қағидатын жүргізу.
  • Дамыту мақсатында ресми көмекті және қаржы ағынын, соның ішінде тікелей шетел инвестицияларын неғұрлым мұқтаж мемлекеттерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге, африка елдеріне, шағын аралдағы дамушы елдерге және олардың ұлттық жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге бөлуді көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай мигранттардың ақшалай қаражаттарды аударуымен байланысты операциялық шығындарын аудару сомасынан кем дегенде 3 пайызға дейін қысқарту және бұл шығындар 5 пайыздан асатын ақша аудару арналарын жою.
Goal 1

Мақсат 9: Берік инфрақұрылым құру, ауқымды және орнықты индустриализация мен инновацияларға жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында барлығына бірдей қымбат емес және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге айрықша назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылыммен бірге сапалы, сенімді, орнықты әрі берік инфрақұрылымды дамыту.
  • Жалпыны қамтитын және орнықты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейін және ұлттық талаптарға сәйкес жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптік өндіріс үлесін едәуір арттыру және ең аз дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есеге арттыру.
  • Әсіресе дамушы елдерде ұсақ өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындардың қаржылық қызметтерге, соның ішінде қымбат емес кредиттерге қолжетімділігін арттыру және олардың өндіру-өткізу тізбектері мен нарықтардағы интеграциясын күшейту.
  • 2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды тұрақты етіп қайта жабдықтау.
  • Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін өсіру, соның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында (ҒЗТКЖ) 1 миллион адамға есептегенде жұмыскерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір арттыру арқылы.
  • Африка елдерін, ең аз дамыған елдерді, дамушы елдерді, теңізге шыға алмайтын елдерді және шағын аралдағы дамушы мемлекеттерді қаржылық, технологиялық және техникалық қолдауды арттыру есебінен экологиялық орнықты және берік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу.
  • Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулерді және инновацияларды, соның ішінде, атап айтқанда өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларындағы қосылған құнды ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызатын саяси климатты жасау арқылы қолдау.
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және 2020 жылға қарай ең аз дамыған елдерде интернетке деген жалпыға ортақ және қымбат емес қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылу.
Goal 1

Мақсат 8: Алға бағытталған, ауқымды және тұрақты экономикалық өсуге, барлығы үшін толық және өнімді жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • Халықтың жан басына шаққандағы экономикалық өсімді ұлттық жағдайларға сәйкес және атап айтқанда, ең аз дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің өсімін жылына кем дегенде 7 пайыз деңгейінде қолдау.
  • Әртараптандыру, техникалық жетілдіру және инновациялық қызмет ету арқылы, соның ішінде жоғары қосылған құны бар секторларға және еңбекті көп қажетсінетін секторларға айрықша назар аудару арқылы экономикада өнімділіктің жоғарылауына қол жеткізу.
  • Өндірістік қызметке, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін дамуға бейімделген саясатты жүргізуге жәрдемдесу және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну арқылы микро, шағын және орташа кәсіпорындардың ресми танылуы мен дамуын көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлерді,соның ішінде жастар мен мүгедектерді де толық және өнімді кәсіппен және лайықты жұмыспен және теңдей бағалы еңбек үшін бірдей жалақымен қамтамасыз ету.
  • 2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, білім оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастардың үлесін едәуір қысқарту.
  • Мәжбүрлеп еңбек еткізуді, заманауи құлдықпен және адам саудасын тамырымен жою үшін шұғыл әрі тиімді шаралар қолдану және жалдау және балаларды әскерге пайдалануды қоса алғандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу мен жоюды қамтамасыз ету, ал 2025 жылға қарай балалар еңбегінің барлық нысандарын жою.
  • Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек-мигранттарын, әсіресе әйел-мигранттарды және тұрақты кәсібі жоқ адамдарды қосқандағы барлық еңбек етушілер үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
  • 2030 жылға қарай жұмыс орындарын құруға, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдерді шығаруға ықпалын тигізетін тұрақты туризмді көтермелеу стратегияларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
  • Ұлттық қаржылық мекемелердің қабілеттілігін күшейту және барлығына бірдей банктік, сақтандыру және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті көтермелеу және кеңейту
  • «Саудаға көмек» бастамасының аясында көрсетілетін дамушы елдерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге қолдау көрсетуді, соның ішінде Сауда саласында ең аз дамыған елдерге техникалық көмек көрсету үшін Кеңейтілген кешенді негіздемелік бағдарлама бағыты бойынша қолдау көрсетуді ұлғайту.
  • 2020 жылға қарай жастарды жұмыспен қамту ғаламдық стратегиясын әзірлеу және қолданысқа енгізу және Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс орындары туралы Ғаламдық келісімді жүзеге асыру.
Goal 1

Мақсат 7: Қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздерінің барлығы үшін жаппай қолжетімділігін қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға қарай жалпыға ортақ қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын көздерден энергия үлесін едәуір арттыру.
  • 2030 жылға қарай энергиялық тиімділіктің ғаламдық көрсеткішін екі есеге арттыру.
  • 2030 жылға қарай экологиялық таза энергетика саласындағы жаңартылатын энергетиканы, энергиялық тиімділікті арттыру және қазбалы отындарды пайдаланудың неғұрлым таза технологияларын қоса алғандағы зерттеулер мен технологияларға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және энергетикалық инфрақұрылымға және экологиялық таза энергетикаға салынатын инвестицияларды көтермелеу.
  • 2030 жылға қарай дамушы елдерде, негізінен, ең аз дамыған елдерде, шағын аралдағы дамушы мемлекеттерде және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде, олардың тиісті қолдау бағдарламаларын ескере отырып, барлығын заманауи және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту.
Goal 1

Мақсат 6: Барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету

Тапсырмалар:

    • 2030 жылға қарай барлығы үшін қауіпсіз және арзан ауызсуға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетілділікті қамтамасыз ету.
    • 2030 жылға қарай тиісті санитариялық-гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетілділікті қамтамасыз ету және қауосал жағдайдағы әйелдер мен қыздардың және адамдардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, ашық дефекацияны тоқтату.
    • 2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтар төгіндісін жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған ақаба сулар үлесін екі есеге қысқарту және бүкіл әлемде ақаба сулардың кері айналымы көлемін едәуір арттыру және қауіасіз қайта пайдалану арқылы судың сапасын көтеру.
    • 2030 жылға қарай барлық секторларда суды пайдалану тиімділігін едәуір жоғарлату және судың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін тұщы суды орнықты түрде алу мен беруді қамтамасыз ету және судың жетіспеушілігінен зардап шегуші адамдар санын барынша қысқарту.
    • 2030 жылға қарай барлық деңгейлерде, соның ішінде қажет болған жағдайда трансшекаралық ынтымақтастық негізінде су ресурстарын кешенді басқаруды қамтамасыз ету.
    • 2020 жылға қарай сумен байланысты экожүйелерді, соның ішінде тауларды, ормандарды, сулы-балшықты жерлерді, өзендерді, су тұтқыш қабаттар мен көлдерді қорғау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
    • 2030 жылға қарай үстіңгі ағынды суды жинау, суды тұщыту, суды пайдалану тиімділігін арттыру, ақаба суды тазарту және кері айналым мен қайта пайдалану технологиясын қолдануды қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сумен қамту мен санитария саласындағы қызметпен бағдарламаларды жүзеге асыруда дамушы елдер әлеуетін нығайту ісіне қолдау көрсету.
    • Су шаруашылығы мен санитарияны жақсартуға жергілікті қауымның қатысуын қолдау және нығайту
Goal 1

Мақсат 5: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

Тапсырмалар:

  • Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жаппай жою.
  • Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты қоғамдық және жеке салаларда, атап айтқанда адам саудасы мен сексуалды және басқа да пайдаланудың барлық нысандарында жою.
  • Балалық, ерте және мәжбүрлі некелесу және аналық жыныс мүшелеріне жарымжан ететін оталар жасау секілді барлық зақым келтіретін тәжірибе түрлерін жою.
  • Коммуналдық қызметтерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік қорғау жүйелерін ұсынумен және ұлттық жағдайларды ескере отырып, шаруашылықты жүгізудегі және отбасындағы жалпы жауапкершілік қағидасын мадақтаумен үй шаруасын жүргізу және күту бойынша төленбейтін еңбекті мойындау әрі бағалау.
  • Әйелдердің жан жақты және шынайы қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі шешім қабылдаудың барлық деңгейіндегі көшбасшылық үшін бірдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету.
  • Сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау саласында және Халықаралық конференцияның Тұрғын халық пен даму бойынша іс-әрекеттер бағдарламасына, Әрекеттердің Пекиндік платформасына және оларды орындау барысын қарастыру бойынша конференцияның қорытынды құжаттарына сәйкес өрбіту құқықтарын іске асыруға жалпыға ортақ қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • Әйелдерге экономикалық ресурстарға тең құқықтарды, сондай-ақ жерді және басқа да меншік түрлерін иеленуге және басқаруға, қаржылық қызметтерге, мұраға қалдырылған мүлікке және ұлттық заңдарға сәйкес табиғи ресурстарға деген қолжетімділікті ұсыну мақсатында реформалар жасау.
  • Тиімділігі жоғары технологияларды, негізінен ақпараттық-коммункациялық технологияларды әйелдердің құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін белсендірек пайдалану.
  • Гендерлік теңдікті мадақтау және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін бүкіл деңгейлерде кеңейту мақсатында парасатты стратегиялар мен міндетті түрде сақталуы тиіс заңдарды қабылдау және жетілдіру.
Goal 1

Мақсат 4: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балалардың талап етілетін және тиімді оқу нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін ақысыз, сапалы және тең құқылы бастауыш және орта білімге ие болуын аяқтауды қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балаларды бастауыш білім алуға дайын болатындай сапалы даму, күту жүйелерімен және мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды оқытуға қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін барлық әйелдер мен еркектерді қымбат емес және сапалы кәсіптік-техникалық және жоғарғы біліммен, соның ішінде университеттік біліммен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін талап етілетін машыққа, атап айтқанда жұмысқа орналасу, лайықты жұмысқа ие болу және кәсіптік қызметпен айналысу үшін кәсіптік-техникалық машыққа ие жас және ересек адамдардың мөлшерін анағұрлым ұлғайту.
  • 2030 жылға дейін білім беру саласындағы гендерлік теңсіздікті жою және халықтың осал топтарын, атап айтқанда мүгедектерді, байырғы халық өкілдері мен осал жағдайдағы балаларды білімге және барлық деңгейдегі кәсіптік-техникалық даярлауға деген бірдей қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін барлық жас адамдар және еркектерді де, әйелдерді де қосқандағы ересек халықтың анағұрлым көп үлесі оқи алатындай, жаза алатындай, санай алатындай жасау.
  • Балалардың мүдделерін, мүгедектердің ерекше қажеттіліктерін және гендерлік аспектілерді ескеретін білім ордаларын құру және жетілдіру және барлығына бірдей қауіпсіз, зорлықтан және әлеуметтік тосқауылдардан еркін және тиімді білім алу ортасын қамтамасыз ету.
  • 2020 жылға дейін дамыған және басқа да дамушы елдерде кәсіптік-техникалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, техникалық, инженерлік және ғылыми бағдарламаларды есептегенде жоғары білім алу үшін дамушы, әсіресе ең нашар дамыған елдерге, шағын аралдық дамушы мемлекеттер және африка елдеріне ұсынылатын шәкіртақылар мөлшерін бүкіл әлем бойынша көбейту.
  • 2030 жылға дейін білікті мұғалімдер санын дамушы, әсіресе ең нашар дамыған елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде мұғалімдерді даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастық арқылы көбейту.
Goal 1

Мақсат 3: Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға дейін ана өлімінің ғаламдық коэффициентін 100000 тірі туу бойынша кем дегенде 70 оқиға көрсеткішіне дейін төмендету.
  • 2030 жылға дейін нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлімдерін тоқтату, бұл жағдайда елдер неонатальдық өлімді 1000 тірі туу бойынша 12 оқиғадан аспайтын көрсеткішке, ал бес жасқа дейінгі өлімді 1000 тірі туу бойынша 25 оқиғадан аспайтын көрсеткішке төмендетуге тырысуы тиіс.
  • 2030 жылға дейін ЖИТС, туберкулез, безгек індеттерін және тиісті назар аударылмайтын тропикалық ауруларды жою және сары аурумен, су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз қазаларды профилактика, емдеу және психикалық денсаулық пен саулықты қолдау арқылы үштен бірге кеміту.
  • Психикалық белсенді заттарға, соның ішінде есірткі құралдары мен алкогольдік ішімдіктерге деген тәуелділіктен алдын ала емдеуді және емдеуді жақсарту.
  • 2020 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жол-көлік апатының салдарынан болған өлімдер мен жарақаттар санын екі есе азайту.
  • 2030 жылға дейін отбасын құруды жоспарлау, ақпарат беру және білім беруді қоса алғанда сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау бойынша қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті және ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардағы өрбіту денсаулығын сақтау мәселелерін ескеруді қамтамасыз ету.
  • Денсаулық сақтау қызметтерін жаппай қамтамасыз ету, соның ішінде қаржылық қауіптерден қорғанысты, негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге деген қолжетімділікті және қауіпсіз, тиімді және барлығына арналған қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналарды қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін қауіпті химиялық заттардың әсер етуі және ауа, су және топырақтың ластануы мен улануы нәтижесінде болатын өлімдер мен аурулардың мөлшерін айтарлықтай азайту.
  • Қажет жағдайда, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясын жүзеге асыруды іске қосу.
  • Бірінші кезекте дамушы елдерге қатысты жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды емдеуге арналған вакциналар мен дәрілік заттарды даярлау мен зерттеулерге жәрдемдесу, дамушы мемлекеттерге халықтың денсаулығын сақтау мақсаттары үшін және негізінен, барлығына бірдей дәрілік заттарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін икемділікті ұстануға қатысты Келісімнің зияткерік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ережелерін толық көлемде пайдалануға рұқсат берілетін «ТРИПС бойынша келісім және әлеуметтік денсаулық сақтау» Дохалық мәлімдемесіне сәйкес қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • Ең нашар дамыған елдерде, әсіресе шағын аралдық дамушы елдерде денсаулық сақтауды қаржыландыруды және медицина қызметкерлерін жинау, дамыту, мамандыққа даярлау және қызметте ұстау көрсеткішін анағұрлым көбейту.
  • Алғашқы ескерту, қауіптерді төмендету және денсаулық үшін ұлттық және ғаламдық қауіптерді реттеу саласында барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің әлеуетін арттыру.
Страница 11 из 458
Top