Super User
«ӨҢІРТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«ӨҢІРТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы
«Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Тел.: 8(7262)50-05-59, моб.: 87014702054
E-mail:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығы 2018 жылы университетін құрылымдық бөлімі ретінде ашылды.
ҒЗО-ның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын Әулиеата өңірінің тарихын студенттерге, жалпы әлеуметке және әртурлі деңгейдегі қауымдастық мүшелеріне Отанымыздағы қоғамдық процестерді, олар өздері көріп-біліп жүрген жергілікті деңгейдегі қоғамдық құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда түйсіндіріп, насихаттау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі міндеттері мынадай:
- Әулиеата өңірі тарихына қатысты библиографиялық тізбе дайындау.
- Облыс аумағында орналасқан мемлекеттік мәндегі тарихи ескерткіштерді, осыларға жауапты мекемелермен бірлесе отырып сараптап-зерттеу және осы негізде магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қою.
- Әулиеата өңірі тарихына қатысты деректемелік негіз көздерін тауып, оны ғылыми тұрғыда өңдеп дайындау арқылы оқу процесіне енгізу.
- Тарихи салада қалыптасқан алдыңғы қатарлы тәжірибені үйрену мақсатында жоғарғы дәрежелі мамандарды республикамыздың жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарына стажировкаға жіберу.
- ҚР заңдылықтарына кереғар келмейтін басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетуларді жүзеге асыру.
- Әулиеата өңірінің республикамыздағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық маңыздылығын нақтылай отырып, осыған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, оның тарихын қазіргі заман тұрғысындағы көзқараста қайта жазып шығу.
- Әулиеата өңірі тарихының атаулы кезеңдеріне (күндеріне) сәйкес түрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп тұру.
- Магистранттар мен білімгерлерге арналған түрлі тақырыптардағы оқу және оқу-әдістемелік құралдарын дайындау.
- Оқытушылардың, магистранттар мен білімгерлердің түрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуына жағдай жасап, ғылыми тұрғыда консультациялар беру.
«ТАЛАС-ШУ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ
«ТАЛАС-ШУ ФОЛЬКЛОРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ

Карибекова Акторгын Жамаубаевна
«Талас-шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент), филол.ғ.к.
Тел.: 8(7262)50-05-59, моб. телефон: +7 707 200 0901
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Талас-Шу фольклоры және халық әдебиеті» ғылыми орталығы 2015 жылы «Филология және журналистика» кафедрасының жанынан құрылды. Оның жұмысына кафедра профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер кеңінен тартылды.
ҒО - жұмысы Талас-Шу өңіріндегі ауыз әдебиеті түрлері мен халық әдебиеті үлгілерін жинауға, оны ғылыми тұрғыдан жүйелеуге, зерттеуге бағытталады.
Ғылыми орталықтың қызметі Шу және Талас өңірі ауыз әдебиеті түрлері мен халық әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелеу, зерттеу және жастардың елжандылық, танымдық қасиеттерін күшейту, зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
Осыған орай мынандай міндеттер орындалады:
- өлкетану жұмысын жолға қою, ел, жер тарихына қатысты материалдарды студенттердің қатысуымен жинау, ғылыми жүйелеу және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- фольклорлық, диалектологиялық экспедицияларды жүзеге асыру;
- Ұлттық Ғылым Академиясының қолжазба қорымен жұмыс істеп, Талас-Шу өңіріне қатысты материалдарды қарастыру, ҒО қорына қосу; мұрағаттармен жұмыс істеу;
- өткен жыларда мерзімді басылым беттерінде және кітаптарда жарияланған Талас-Шу өңіріне қатысты материалдарды жинау.
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ
ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ

Калмаханова Маржан Сеитовна
Физика-химиялық зерттеулер орталығының директоры, PhD, доцент
Тел.: 8(7262) 45-59-97
E-mail:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Физика-химиялық зерттеулер орталығы 2014 жылы «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында ашылды.
Физика-химиялық зерттеулер орталығы қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
- концентрациялау, экстракциялық фосфор қышқылын тазарту және диаммоний фосфатын алу процесін зерттеу;
- мыс, титан және хром қосылыстарына негізделген экологиялық зиянсыз гетерополиядролық кешендердің физика-химиялық қасиеттерін синтездеу және зерттеу;
- бейтарап электролиттердің карбоксил, амид-функционалды полиэлектро-литалардың дисперсті жүйелермен әрекеттесу процесіне әсерін зерттеу;
- фосфор өнеркәсібінде карбоксил-, амид - функционалдық полиэлектролиттерді қолдану технологиясын әзірлеу;
- өтпелі металдармен цистеин негізіндегі нано энтеросорбенттердің физика-химиялық қасиеттерін синтездеу және зерттеу;
- қоршаған орта объектілерінде поллютанттарды анықтау әдістерін әзірлеу.
«КРЕАТИВ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ
«КРЕАТИВ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ

Абилдаев Султан Таласбаевич
«Креатив» ҒӨО директоры, доктор PhD, қауымдастырылған профессор
Тел.: 8(7262)51-94-10
E-mail:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
"Креатив" ғылыми-өндірістік орталығы білім алушыларды семинарлар мен инновациялық менеджмент, маркетингтік зерттеулер және т. б. ұйымдастыру және өткізу үшін құрылған.
"Креатив" ҒӨО қызметінің мақсаттары:
- қосымша арнайы білімі бар жоғары кәсіби кадрларды даярлау үшін қолайлы орта құру;
- өңірлік бизнесті дамытуға жәрдемдесу;
- М. Х. Дулати инновациялық университет ретінде Университет имиджін нығайту.
«Креатив» ҒӨО қызметінің бағыттары:
- жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға бизнестің әр-түрлі аспектілері бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерін ұйымдастыру;
- университет қызметкерлерін, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерін кәсіптік оқытуға қызмет көрсету;
- конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, пікірта- ластар ұйымдастыру;
- бизнес-жоспарлау, белгілі бір тауарларға, қызметтерге, технологияларға және т.б. нарықтарға маркетинг және мониторинг жүргізу саласындағы қызметтер көрсету;
- бизнес және басқару консалтинг; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті билік органдарына көмек көрсету.
- жергілікті билік органдарына экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу.
«АЛГОРИФМ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ
«АЛГОРИФМ» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ

Ералиева Бахыт Шынжырбековна
Алгорифм» ҒӨО директоры, Магистр «АжБ», аға оқытушы
моб.: 87084896005
E-mail:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
ҒӨО қызметінің негізгі мақсаты өлшеу мен деректерді жинауды автоматтандыруға арналған заманауи цифрлық аппараттық-бағдарламалық кешендерді әзірлеу саласындағы өзекті мәселелерді шешу, жаңа автоматтандырылған зертханалық стендтер құру және оларды оқу процесіне енгізу болып табылады.
"Алгорифм" ҒӨО қызметкерлері ДК базасында әмбебап бақылау өлшеу кешенін (ҮИКК) құрды.
ҒӨО жанында CISCO желілік академиясы жұмыс істейді, ол желілерді құру және қызмет көрсету бойынша білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады, сондай-ақ CISCO желілік академияларына консультациялық және техникалық қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар Орталық қызметкерлері ұйымдардың кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша Бұлтты және Мобильді қосымшаларды әзірлеумен айналысады.
Қазіргі уақытта ҒӨО қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл филиалы үшін интернет-портал әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.
ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҚ «ТҰЛПАР»
ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҚ «ТҰЛПАР»

Ибылдаев Муратбай Хыдырович
«Тұлпар» ҒӨО директоры, техника ғылымдарының докторы, доцент
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Тұлпар» ҒӨО қызметінің мақсаты: халыққа ғылыми және өндірістік қызметтер көрсету; көлік құралдарының агрегаттары мен қондырғыларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; көлік құралдарын сервистік күтуге арналған жаңа технологияларды жасау.
«Тұлпар» ҒӨО «В» категориялы жүргізушілерді, трактористерді, манинистерді, газоэлектросварщиктерді және автослесарлерді дайындау бойынша Жамбыл облысының тұрғындарына қызмет көрсетеді.
Жыл сайын орталықтан орташа есеппен 150 адам жұмысшы мамандығын алады.
«Тұлпар» ҒӨО «В» категориялы жүргізушілердің 8 тобы дайындалады. «Аutoсad» алгоритмді бағдарламаны пайдалану бойынша тыңдаушыларды жүйелі түрде дайындау жүргізіледі және осы бағдарлама бойынша 48 студент және МГжМ факультетінің оқытушылары сертификат алды. Жалпы соңғы 3 жылда орталықпен 2,5 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ «СЕНІМДІЛІК»
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ «СЕНІМДІЛІК»

Әлімбаев Базартай Әлімбайұлы
Директор ҒЗИ «Сенімділік», техника ғылымдарының докторы, профессор
Тел.: 8(7262)50-14-65, 87772435638
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Сенiмдiлiк» ҒЗО мақсаты - Жамбыл облысындағы кәсiпорындарға, ұйымдарға және халыққа конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс жағдайын бағалауға, сондай-ақ алдын ала төтенше және төтенше жағдайлар кезiнде құрылыс алаңдарын нығайтуға және қайта жаңартуға инженерлік қызметтер көрсету болып табылады.
«Сенiмділік» ҒЗО қызметінің негізгі бағыттарына жататындар:
- көне Тараздың архитектуралық ескерткіштерін тексеру және паспорттарын жасау;
- өндірістік, азаматтық және су нысандарының жаңа және қайта құру құрылысының жобаларын әзірлеу;
- өндіріске және университеттің оқу процесіне ғылыми әзірлемелерді енгізу;
- докторанттар, магистранттар мен студенттердің құрылыс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- құрылыс және жобалау ұйымдарына ғылыми және әдістемелік көмек көрсету және консультациялық қызметтер көрсету;
- құрылыс саласында халықаралық тәжірибе негізінде мамандарды даярлау және тәжірибеден өту.
«БАУЫРЖАНТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
2004 жылы Жамбыл облысы әкімдігі басқармасы, ішкі саясат жанынан «Бауыржан Момышұлы XXI ғасыр көгінде» атты ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерекесі өткен соң 2011 жылдың 4 қаңтарынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы деп қайта құрылды. 2020 жылы 3 маусымынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жабылып, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне қосылуына байланысты бүгінгі күні М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өз жұмысын жалғастырып келеді.
Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері – педагогика ғылымдарының магистрі Найзабаев Әлімбай Аманбайұлы.
«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты – жауынгер жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының академиялық 100 томдық шығармалар жинағын даярлап, әдеби мұрасын келешек ұрпақ қолына рухани ұлттық мұра ретінде ұсыну.
Осыған орай «Бауыржантану» орталығының:
- Б. Момышұлының өмірі мен әдеби мұрасы туралы қазақ пен бүкіл әлем тілдерінде жазылған деректерді жинастыру болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Орталық Мемелекеттік Мұрағатында сақталған Әзілхан Нұршайықов, Ілияс Омаров, Қасым Қайсенов, Қаллибек Қуанышбаев, Мәлік Ғабдуллиннің және тағы басқа адамдардың жеке қорларынан Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты жаңа материалдар мен фотоқұжаттарды іздестіріп табу, оларды жинап жүйелеу және көптомдық кітап етіп баспадан шығару.
Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 томдық шығармалар жинағын дайындалып баспадан шықса, 2021 жылы 31, 32 томдары жарық көрді.
«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының атқарған жұмыстарын оқырман жылы қабылдағанын ескерсек, онда орталықтың болашақта атқаратын жұмыстары одан да көп. Бауыржан Момышұлы жайлы жазбаған Қазақстанда ақын-жазушылар, ғалымдар мен журналистер жоқтың қасы. Солардың шығармаларын жинақтағанда жобамен алпыс томға жуық материалдарды жариялауға болады. Қазіргі уақытта 33-34-35 ші томдардың қолжазбасы дайындалып, баспадан шығаруға дайын.
Сонымен қатар республикалық, аймақтық басылымдарда «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінің жүзден астам ғылыми-зерттеу, публицистикалық мақалалары жарияланып, теле-радио бағдарламаларда «Бауыржантану» орталығы туралы сұхбаттар берілді.
Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен ТарМПИ-дың 50 жылдығына орай Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған кинохроника мен фотоқұжаттар, батырдың өлеңдеріне құрылған «Жүрекпен жырлап толғаймын» атты әдеби-сазды сахналық кеш өтті.
Орталықтың маңызды жетістіктері:
1.«Бауыржантануға кіріспе» атты оқу құралы – соңғы жылдары мектеп пен жоғары оқу орындарында арнайы оқытыла бастаған тұңғыш оқулық.
Оқу құралында қамтылған тапсырмалар батырдың нақыл сөздері, өлеңдері мен хаттары, әңгіме, повесть, естеліктері арқылы азаматтық тұлғасын тануға лайықталып іріктелген.
- Бұл библиографиялық көрсіткіште түркі халықтарының әскери әдебиетіне негіз салған жауынгер-жазушы Б.Момышұлының 1941-2011 жылдар аралығында жарық көрген төл туындылары және көркем шығармалар мен естеліктер, зерттеулер толық қамтылған.
- Мұхамеджан Кәтімханұлының «Төрт тұлға» атты кітабынан Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Шерхан Мұртаза туралы оқырманға беймәлім болып келген тың деректерді оқи аласыздар.
- Бұл еңбекте тарихи тұлғаларды сомдаудағы көркемдік ізденістер мен дәстүр жалғастығы терең талданады. Б.Момышұлының көркем бейне ретінде қалыптасуы мен дамуы жайлы тың ізденістер, әдеби талдаулар жасалады. Оқу құралы филология мамандығы бойынша білім алатын студенттер мен қалың оқырманға арналады.
- Белгілі жазушы, драматург Елен Әлімжанның бұл кітабына қазақтың біртуар ұлы, Совет Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған бір әңгіме, бір драмалық шығармасымен бірге бірнеше публицистикалық туындысы топтастырылған. Бұлардың бәрінде де Баукеңнің қаһармандық, адамдық, ұлтжандылық қасиеттері жан-жақты көрініс тапқан.
- Бүгінгі таңда Бауыржан Момышұлының отыз екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
«ДУЛАТИТАНУ ЖӘНЕ ӨҢІР ТАРИХЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
«ДУЛАТИТАНУ ЖӘНЕ ӨҢІР ТАРИХЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы
«Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.
Мекен-жайы: Төле би № 62а 305 каб.
Тел.: 87014702054
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығы 1999 жылы Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтілуіне орай, универсиетте 1999 жылғы 18 қаңтарда шыққан «О создании центра по изучению творчества М.Х.Дулати» атты №10 бұйрығына байланысты құрылды.
«Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесі тарихын зерттеу орталығының» алғашқы құрылтайшысы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты. (Хаттама №1, 1 қыркүйек 2014 жыл).
2023 жылы екі орталық бірігіп «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы болып аталды.
Орталықтың негізгі мақсаты – ғұлама ғалым, көрнекті қоғам қайраткері және тарихшы, ақын, әрі дипломат Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын жан-жақты зерттеу, насихаттау болып табылады. Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру, қордаланған материалдардың негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау. Ғылыми орталықтың бастамасымен 1999 жылдан бері ғылыми-зерттеу жинақтары және дәстүрлі «Дулати оқулары» конференция материалдары тұрақты шығып келеді.
Ғылыми орталықтың соңғы уақыттағы ғылыми-ізденіс жұмыстары: Университетте дәстүрлі түрде «Дулати оқулары» өткізіледі. Осы уақытқа дейін М.Х. Дулатидің өмірі мен шығармашылығына арналған 11 рет Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді. Конференцияға Отандық және шетелдік дулатитанушы ғалымдар үнемі ғылыми-зерттеу мақалаларын талқылап, жариялап отырады. М.Х.Дулати мұраларын ұлықтау ісі жан-жақты насихатталып, өзінің ылайықты жалғасын таба бермек.
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

Садибаев Абилхан Килибаевич
Директор АТӨӨҒЗИ, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Тел.: 8(7262)45-36-60, 87017424749
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

АТӨӨҒЗИ қызметінің мақсаты - тағамдық және ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу саласындағы өзекті ғылыми проблемаларды шешу, қайта өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жаңа импортты алмастыратын, ресурс үнемдейтін қалдықсыз технологиялар мен жоғары тиімді құралдарды құру болып табылады.
Азық-түлік өнімдерін өндіру ғылыми-зерттеу институтында өсімдік майын, нан өндіру және нантоқаш өнімдері бойынша, сонымен қатар ұлттық қышқылсүт сусындарын өндіру және қайта өңдеу бойынша технологиялық схемалар жасалған. Талаптарға сай келетін және жоғары сапалық көрсеткіштері бар бидай, арпа жармаларының және басқа тағамдық өнімдердің тәжірибелік партиялары шығарылды.
АТӨӨҒЗИ келесі инновациялық жобалар жасалынды:
- Өсімдік тектес шикізат композиттік қоспасын пайдалану негізінде ұлттық қышқылсүт сусынын өндіру бойынша технологияны жасау;
- Ұзақ мерзімге сақтауға қымыз өндіру технологиясын жасау.
