«ӨҢІРТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы
«Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Тел.: 8(7262)50-05-59, моб.: 87014702054
E-mail:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
«Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығы 2018 жылы университетін құрылымдық бөлімі ретінде ашылды.
ҒЗО-ның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы тарихының құрамдас бөлігі болып табылатын Әулиеата өңірінің тарихын студенттерге, жалпы әлеуметке және әртурлі деңгейдегі қауымдастық мүшелеріне Отанымыздағы қоғамдық процестерді, олар өздері көріп-біліп жүрген жергілікті деңгейдегі қоғамдық құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда түйсіндіріп, насихаттау болып табылады.
Ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі міндеттері мынадай:
- Әулиеата өңірі тарихына қатысты библиографиялық тізбе дайындау.
- Облыс аумағында орналасқан мемлекеттік мәндегі тарихи ескерткіштерді, осыларға жауапты мекемелермен бірлесе отырып сараптап-зерттеу және осы негізде магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолға қою.
- Әулиеата өңірі тарихына қатысты деректемелік негіз көздерін тауып, оны ғылыми тұрғыда өңдеп дайындау арқылы оқу процесіне енгізу.
- Тарихи салада қалыптасқан алдыңғы қатарлы тәжірибені үйрену мақсатында жоғарғы дәрежелі мамандарды республикамыздың жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарына стажировкаға жіберу.
- ҚР заңдылықтарына кереғар келмейтін басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетуларді жүзеге асыру.
- Әулиеата өңірінің республикамыздағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық маңыздылығын нақтылай отырып, осыған сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, оның тарихын қазіргі заман тұрғысындағы көзқараста қайта жазып шығу.
- Әулиеата өңірі тарихының атаулы кезеңдеріне (күндеріне) сәйкес түрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіп тұру.
- Магистранттар мен білімгерлерге арналған түрлі тақырыптардағы оқу және оқу-әдістемелік құралдарын дайындау.
- Оқытушылардың, магистранттар мен білімгерлердің түрлі деңгейлердегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуына жағдай жасап, ғылыми тұрғыда консультациялар беру.