
Super User
Марапаттау
«Қарулы Күштері Ардагерлері» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы подполковник Р.Н. Тартықов әскери кафедра оқытушыларын студент жастармен тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстарға қосқан үлесі үшін марапаттады:
- «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» медалі - С.А. Мұқышев
- «Құрметті ардагер» төсбелгісі - М.Ф. Әлібеков, Ж.П. Наурызбаев, Н.Қ. Егізеков
Награждение
Председатель Жамбылского областного филиала «Қарулы Күштерінің Ардагерлері» подполковник в отставке Тартыков Р.Н. наградил преподавателей военной кафедры за вклад в воспитательную и военно-патриотическую работу со студенческой молодежью:
- Медаль «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» - Мукушев С.А.
- Нагрудной знак «Кұрметті ардагер» - Алибеков М.Ф., Наурызбаев Ж.П., Егизеков Н.К.
ОҚУШЫЛАРМЕН КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
2023 жылғы 8 маусымда студенттік жастарға кәсіби бағдар беру және әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің бірінші курс оқушылары М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды.
Әскери кафедра оқытушылары әскери кафедра аумағы бойынша экскурсия өткізді, әскери дайындық бағыттары мен қабылдау ережелері туралы әңгімелеп, оқушыларды оқу материалдық базасымен, оқу қару-жарағымен және техникасымен таныстырды.
ПРОФОРИЕНТАЦИОННАЯ РАБОТА С УЧАЩИМИСЯ
В рамках профориентационной работы и военно-патриотического воспитания студенческой молодежи 8 июня 2023 года учащиеся первого курса Каратауского горно-технологического колледжа посетили военную кафедру Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати.
Преподаватели военной кафедры провели экскурсию по территории военной кафедры, рассказали о направлениях военной подготовки и правилах поступления, ознакомили учащихся с учебной материальной базой, учебным вооружением и техникой.
Вопросы развития научно-технической сферы обсудили в онлайн-системе
Сегодня представители Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции РК встретились с представителями вузов страны. Встреча прошла в онлайн режиме. В коллаборации активное участие приняли представители областного КТРиМ и преподаватели Таразского регионального университета им.М.Х.Дулати, а также студенты, обучающиеся по направлению стандартизация, сертификация и метрология.
Во время встречи были обсуждены важные вопросы, связанные с развитием научно-технической сферы в Казахстане как одного из приоритетов государственной политики страны. По итогам содержательного мероприятия, руководство Комитета технического регулирования и метрологии выразило готовность всячески сотрудничать с вузами и поддерживать научные исследования в данной области.
Онлайн жүйеде ғылыми-техникалық саланы дамыту мәселелер талқыланды
Бүгін ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті. Кездесу онлайн режимінде өтті, бұл шараға облыстық ТРж/еМ Комитетінің өкілдері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары, сондай-ақ стандарттау, сертификаттау және метрология бағытында оқитын студенттер де қатысты.
Кездесу барысында еліміздің мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі ретінде Қазақстанда ғылыми-техникалық саланы дамытуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Мазмұнды іс-шараның қорытындысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшылығы жоғары оқу орындарымен жан-жақты ынтымақтасуға және осы саладағы ғылыми зерттеулерді қолдауға дайын екендігін білдірді.
Техникалық байқау
2023 жылғы 6 маусым аралығында Тараз гарнизонының әскери полиция бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының механикалық көлік құралдарына техникалық байқау жүргізді. Ескертулер жоқ.
Технический осмотр
6 июня 2023 года отделом военной полиции Таразского гарнизона был проведен технический осмотр механических транспортных средств военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати. Замечаний нет.
«Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі
2023 жылдың 2-4 маусымы аралығында Тараз қаласында өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шет елдерден келген өнер шеберлері мен жергілікті қолөнершілер арасында тәжірибе алмасу мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасымен «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесі өткізілуде.
Көрмеге алыс-жақын шет елдері қолөнершілерімен қатар, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтар, халықаралық сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысуда.
Көрмеге «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының «Шебер» ғылыми-оқу-өндірістік бөлімшесінің «Басқұр» технологиясымен тоқылған бұйымдары және кафедраның зертхана меңгерушісі Бурдеева С.Н. киізден және былғарыдан қолдан жасалынған бұйымдары ұсынылып, кафедраның оқытушылары Рахманова Ж.С., Маханбеталиева К.Т., Касымова Ғ.А., Сарыбаева Э.Е., Тулендиева Г.О. және «Инновациялық текстиль» БББ студенттері белсенді қатысты.
Түлектер 50 жыл бұрынғы факультет деканымен кездесті
Жарты ғасырға жалғасқан жолдастыққа себепкер болған – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде түлектер 50 жылдық кездесу өткізді.
Бұрынғы Жамбыл ирригация-құрылыс институтының 1973 жылы бітірген түлектері мұндай кездесулерді әр 10-15 жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Қонақтар Дулати университетінің музейін аралап, ескі кездерді естеріне алды.
50 жылдан кейінгі осы бір басқосуда 30-дан астам түлек келіп, өздерінің студент кезінде сабақ беріп жол көрсеткен деканы Генадий Постуховпен кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті.
Марс Үркімбев атындағы Жастар сарайы, Гидрокешеніндегі оқу кабинеттері мен өздерінің құрдасы Жүніс Бектасовтың құрметіне ашылған оқу аудиториясын аралап көрді.
Кеш соңында университет басшылығымен бірге еркін микрофон форматында студенттермен сұхбат жүргізіп, өздерінің студенттік кездеріндегі қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеш соңында 1973 жылғы түлектер атынан университет ұжымына «ЕЖЕЛГІ САҚ ҰРПАҚТАРЫ» атты картинаны сыйға тартты.