
Super User
НА ГОРИЗОНТЕ НАУКИ
С 1 по 4 сентября 2021 года в Афинах (Греция) прошла 17-я Международная конференция по экологическим наукам и технологиям (CEST 2021). Международная научная конференция организована Глобальной сетью экологических наук и технологий совместно с Эгейским университетом (Греция) и Афинским национальным университетом им. Каподистрии (Греция). CEST 2021 академически поддерживается Университетом Салерно (Италия), Университетом Цинциннати (США) и Имперским колледжем Лондона (Великобритания), а также группой выдающихся ученых - членов Научного комитета конференции.
Тематические направление и темы конференции CEST 2021 охватывают все последние тенденции в области экологических наук и технологий, а также основные области исследований. Сессии разделены на девять тематических областей:
Очистка и повторное использование воды и сточных вод; Гидрология и водные ресурсы; Управление отходами; Экологический менеджмент и политика; Загрязнение окружающей среды; Экология и управление экосистемами; Анализ экологических систем; Состояние окружающей среды; Инновационные экологические решения.
В конференции участвовали исследователи из 82 стран шести континентов мира. 550 докладов было представлено в рамках конференции. В столь престижной научной конференции приняла участие Калмаханова Маржан Сеитовна, PhD и и.о. доцента кафедры химии и химической технологии технологического факультета Таразского регионального университета им. М. Х. Дулати. Маржан Сеитовна выступила с докладом на английском языке на тему «New pillared clays for the removal of pollutants from wastewater by treatment with oxidation processes» в секции «Advanced Oxidation Processes». Всего в этой секции было презентовано 35 докладов, а участникам были представлены специально подготовленные презентации.
Желаем нашей коллеге, Маржан Сеитовне, творческих успехов и научных достижений!
Хотим поблагородить Председателя Правления - ректора Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати Талгата Ильясовича Ешенкулова за поддержку участия молодых ученых в Международной конференции!
Заведующая кафедрой химии и химической технологии
к.х.н., профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна
ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНДЕ
2021 жылдың 1 - 4 қыркүйегі аралығында қоршаған ортаны қорғау ғылымы мен технологиясы бойынша 17 -ші халықаралық конференция (CEST2021) Грецияның Афина қаласында өткізілді. Халықаралық ғылыми конференцияны экологиялық ғылымдар мен технологиялардың ғаламдық желісі Эгей университеті (Греция) және Афинаның Каподистрия ұлттық университеті (Греция) бірлесе ұйымдастырған. Сондай-ақ, CEST 2021-ге академиялық тұрғыда Салерно университеті (Италия), Цинциннати университеті (АҚШ) және Лондондағы Империал колледжі (Ұлыбритания), сонымен бірге конференцияның ғылыми комитетінің мүшелері - белгілі ғалымдар тобы қолдау көрсеткен.
CEST 2021 конференциясында қамтылған ғылыми бағыттар мен тақырыптар экологиялық ғылым мен техниканың барлық соңғы тенденцияларын, сондай - ақ негізгі зерттеулерді айқындайды. Соның ішінде, «Су мен ағынды суларды тазарту және қайта пайдалану», «Гидрология және су ресурстары», «Қалдықтарды басқару», «Экологиялық менеджмент және саясат», «Қоршаған ортаның ластануы», «Экология және экожүйені басқару», «Экологиялық жүйелерді талдау», «Қоршаған ортаның жағдайы» және «Экологиялық инновациялық шешімдер» деген өзекті тақырыптар конференцияның негізгі секцияларының арқауы болып таңдалған.
Аталған конференцияға алты құрлықтан (Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Австралия) 82 ел қатысып, 550 баяндама қатысушылар назарына ұсынылған. Осындай мәртебесі жоғары ғылыми конференцияға Қазақстан Республикасы, тараз қаласы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының PhD Қалмаханова Маржан Сеитқызы қатысып, «Advanced Oxidation Processes» секциясында "New pillared clays for the removal of pollutants from wastewater by treatment with oxidation processes" тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады. Бұл секцияда барлығы 35 баяндама тыңдалып, арнайы әзірленген презентациялар қатысушылар назарына ұсынылған.
Әріптесіміз Маржан Сеитқызына ғылым жолында шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы - ректор Талғат Ілиясұлы Ешенқұловқа жас ғалымдардың Халықаралық конференцияға қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз!
«Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі
х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ-ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУЫ
Ағымдағы жылдың 24-27 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының базасында оқытушылар құрамы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен бірлесіп, 20 академиялық сағат көлемінде Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 25 алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларымен онлайн форматта кезекті курстар өткізді.
ПОВЫШЕНИЕ КВАЛИФИКАЦИИ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ-ОРГАНИЗАТОРОВ НАЧАЛЬНОЙ ВОЕННОЙ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДГОТОВКИ
С 24 по 27 августа текущего года на базе военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати преподавательским составом совместно с АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» проведены очередные курсы в онлайн формате с 25 преподавателями-организаторами начальной военной и технологической подготовки города Тараз и Жамбылской области в объеме 20 академических часов.
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Құрметті ұжым, қымбатты білім алушылар және ата-аналар!
Міне, жаңа оқу жылы да келіп жетті. Әр жаңа оқу жылынан жаңалық күтетініміз бар. Сіздерді 1-қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, биылғы оқу жылындағы басты жағымды жаңалықтармен бөлісуді жөн көрдім:
- биылғы оқу жылында 5000-нан астам талапкер Дулати университетіне сенім білдіріп, білім беру бағдарламаларын таңдады;
- бакалавриат бойынша 907 грант, магистратура бойынша 127 грант, докторантура бойынша 13 грант иегерлері оқуға түсті;
- профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 35%-ға артты;
- Дулати университетінде Академиялық шеберлік орталығын құруға 4 млрд. теңге тұратын мемлекеттік инвестициялық жоба бойынша келісім-шарт жасалынды;
- Университет 241 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайтын болады;
- жаңа «Өнер және спорт» факультеті ашылды;
- спорттық құрылымдарды жаңа үлгіде жаңарту жоспары еңгізілді;
- жаңа 5 қабатты 516 орынды жатақхана қолданысқа берілуі жоспарлануда;
- шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында алдағы оқу жылында шетелдің озық әдістері мен үлгілері бойынша дәріс беру үшін Бразилия, АҚШ, Турция, Германия елдерінің мамандарымен келісім шарттар жасалуда.
Құрметті білім алушылар, бірінші курс студенттері Дулати университетіне білдірген сенімдеріңіз үшін ұжымның атынан алғысымды білдіремін! Сіздер 60 жылдан астам тарихы бар, оқу және ғылыми тәжірибесі мол оңтүстік өңірдегі ең ірі жоғары оқу орны - Дулати Университетінің студенттері атандыңыздар. Алда қызықты әрі мазмұнды студенттік өмір күтіп тұр! Оқуда озат болыңыздар, Сіздерге ғылымда шығармашылық пен табыс тілеймін!
Біздің университетімізде өз ісіне адал, білікті де білімді мамандар жұмыс жасайды. Білім алушылардың бізге артқан сенімдерін аманат ретінде қабылдап, сапалы білім беріп, отандық және халықаралық еңбек нарығында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап шығады деген сенімдемін.
Баршаңызға зор денсаулық, амандық және оптимизм тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығымыз үшін жетістіктерге, кәсіби және шығармашылық жеңістерге толы жыл болсын.
Басқарма төрағасы - Ректор
Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы
1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІМЕН!
01.09.2021 ж. М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік унверситеті «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандық туралы мағұлмат бере отырып, жастарымыздың ел болашығы ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.
АЙБАРЫ АСҚАҚ АТА ЗАҢ
1 сентября 2021 года в онлайн-формате прошло онлайн-мероприятие, посвященное Дню Конституции и Дню знаний на тему «Айбары Асқақ Ата Заң». Организаторы мероприятия - студенты 2 курса образовательной программы Химии- 6В05314 кафедры «Химия и химическая технология» технологического факультета Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати и куратор группы, магистр химии Мамешова Саят Алишериевна. В торжественном собрании приняли участие заведующая кафедрой «Химия и химическая технология», кандидат химических наук, профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна, кураторы и студенты группы.