Super User

Super User

Вторник, 12 октября 2021 11:55

ДЕНЬ БИБЛИОТЕКИ В УНИВЕРСИТЕТЕ

Уважаемые профессорско-преподавательский состав, молодые ученые и студенты!
Приглашаем вас 15 октября в 11.00 час. на ДЕНЬ БИБЛИОТЕКИ В УНИВЕРСИТЕТЕ «#ОткрытостьКреативностьНовизна_2021», организованный Библиотечно-информационным центром Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати, посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан.
Место проведения: Технологический комплекс, Библиотечно-информационный центр, 2 этаж, читальный зал №2
Телефон для справок: 8 (7262) 45-74-33

Құрметті профессорлық –оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен студенттер!
Сіздерді 15 қазанда сағ. 11.00 -де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «#АшықтықКреативтікЖаңашылдық_2021» атты УНИВЕРСИТЕТТЕГІ КІТАПХАНА КҮНІНЕ шақырамыз.
Өтетін орны: Технологиялық кешені, Кітапханалық-ақпараттық орталық, 2 қабат, №2 оқу залы
Анықтама телефоны: 8(7262) 45-74-33

При подготовке к отопительному сезону зданий университета выполнены следующие работы:

Произведена гидроопрессовка внутренних систем отопления 30 зданий:

Ревизия задвижек и запорной арматуры во всех бойлерах зданий;

  1. Административный корпус №1.1;
  2. Учебный корпус № 1.2-1.3;
  3. Учебный корпус № 1.4;
  4. Учебный корпус № 2.1 Тех;
  5. Учебный корпус № 2.2 Тех;
  6. Учебный корпус № 2.3 Тех;
  7. Учебный корпус № 2.4 Тех;
  8. Учебный корпус № 2.5 Тех;
  9. Учебный корпус № 2.6 Тех.;
  10. Общежития №1 Тех.;
  11. Здание АХЧ;
  12. Столовая «Жастар Әлемі»;
  13. Учебный корпус № 3.1;
  14. Учебный корпус № 3.2;
  15. Учебный корпус № 3.3;
  16. Учебный корпус № 4.1;
  17. Учебный корпус № 4.2;
  18. «Музей» (Мечникова);
  19. Служебный дом по ул.Рахимова 3А;
  20. Учебный корпус № 5.1 Пед;
  21. Учебный корпус № 5.2 Пед;
  22. Учебный корпус № 5.3 Пед;
  23. Учебный корпус № 5.4 Пед;
  24. Общежития №2 Пед;
  25. Учебный корпус № 6.1 Гидро;
  26. Учебный корпус № 6.2 Гидро;
  27. Учебный корпус № 6.3 Гидро;
  28. Дворец Молодежи;
  29. Дом тенниса;
  30. Общежития №3 Гидро;

Заменены в корпусах сгнившие металлические трубы: d-20 – 62 м, d-32 – 48 м, d-40 – 18 м, d-76 – 21 м. А также заменены чугунные батареи в количестве 28 штук, биометаллические – 12 штук.

Все корпуса и общежития университета готовы к подаче тепла.

Университет ғимараттарын жылыту маусымына дайындау кезінде келесі жұмыстар орындалды:

2. Ғимараттардың барлық бойлерлерінде ысырмалар мен бекіту арматурасын тексеру;

1. 30 ғимараттың ішкі жылыту жүйелерін сумен сығымдау жүргізілді:

1) № 1.1 Әкімшілік ғимараты;

2) № 1.2-1.3 оқу ғимараты;

3) № 1.4 оқу ғимараты;

4) № 2.1 оқу ғимараты Тех. кешені;

5) № 2.2 оқу ғимараты Тех. кешені;

6) № 2.3 оқу ғимараты Тех. кешені;

7) № 2.4 оқу ғимараты Тех. кешені;

8) № 2.5 оқу ғимараты Тех. кешені;

9) № 2.6 оқу ғимараты Тех. кешені;

10) №1 Жатақхана Тех. кешені;

11) ӘШБ ғимараты;

12) "Жастар Әлемі" асханасы;

13) № 3.1 оқу ғимараты;

14) № 3.2 оқу ғимараты;

15) № 3.3 оқу ғимараты;

16) № 4.1 оқу ғимараты;

17) № 4.2 оқу ғимараты;

18) "Мұражай" (Мечникова);

19) Рахимов көшесі, 3А үй;

20) № 5.1 Пед. оқу корпусы;

21) № 5.2 Пед. оқу корпусы;

22) № 5.3 Пед. оқу корпусы;

23) № 5.4 Пед. оқу корпусы;

24) №2 Жатақхана Пед;

25) № 6.1 оқу ғимараты Гидро;

26) № 6.2 оқу ғимараты Гидро;

27) № 6.3 оқу ғимараты Гидро;

28) Жастар Сарайы;

29) Теннис үйі;

30) № 3 Жатақхана Гидро ;

Корпустардағы шіріген металл құбырлары d-20 – 62 м, d-32 – 48 м, d-40 – 18 м, d-76 – 21 м. жаңасымен ауыстырылды. Сонымен қатар, 28 дана шойын батареялар, биометалл-12 данасы жаңасымен ауыстырылды.

Университеттің барлық ғимараттары мен жатақханалары жылу беруге дайын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше барша отандастарымызға арналған жыл сайынғы Жолдауын баяндады. Елбасы мемлекеттің тиімділігі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар мен міндеттерді жариялады. Сонымен қатар, ол білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып, оларды әрі қарай дамытудың нақты бағыттарын белгіледі.

Сапалы білім беру мен сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін қажетті жағдай жасау – Дулати университетінің басты міндеті. Бүгінгі күні 241 білім беру бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне енгізілді. Жоғары білім сапасын арттыру бағытында академиялық адалдық принциптерін енгізу алты жыл бойы жүзеге асып келеді. Дереккөздер түпнұсқаларына сілтемелерді көрсетпеу жағдайларын және автордың өзіндік үлесін анықтау мақсатында барлық дипломдық жұмыстар плагиатқа тексеріледі.

Біздің жоғары оқу орны оқытушыларды ынталандыру мен қолдау мақсатында жалақыны көбейтуді іске асырды. Егер бұған дейін әрбір оқытушы 128 273 теңге алатын болса, осы оқу жылынан бастап 200 831 теңге, аға оқытушы 134 290 теңгенің орнына 230 916 теңге алады, доцент жалақысы, тиісінше, 209 790 теңгенің орнына 260 183 теңге, профессор 302 810 теңгеден 350 475 теңгеге артты. Президент мұғалімдердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде бір рет өткізіп отыру қажеттілігіне тоқталды.  Жылдам өзгеріп отыратын өмір жағдайында бұл өте маңызды шешім.

 
 

Педагогикалық жұмысты ұйымдастыру процесінің тиімділігі мен оқушылардың білім сапасы мұғалім қызметінің сапасына, оның біліктілігі мен шығармашылық ойлау қабілетіне тікелей тәуелді. Мемлекет басшысы әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы балаларды қолдауға ерекше назар аударды. Дулати университетінде «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімдеу» орталығы жұмыс істейді. Білімге қолжетімділік деңгейін жоғарылату үшін барлық жағдай жасалған: студенттер арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етілген, оқу материалдары  қолжетімді. «Мен өмірді сүйемін» байқауы өтіп жатыр.

Мемлекет басшысының ғылыми гранттар мерзімін үш жылдан 5 жылға дейін ұлғайту туралы хабарламасы ғалымдар үшін жағымды жаңалық болды. Бұл гранттық қаржыландыру көлемін ұлғайтуға, еліміздің стратегиялық маңызды бағыттарында қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Дулати университеті Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бойынша жоспарлы және жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.

Понедельник, 11 октября 2021 11:28

МЕНІҢ АРМАНЫМ

Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Менің арманым» атты суреттер байқауыны ұйымдастырылды.

Байқау «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолдауымен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті инклюзивті білім беру орталығы қолдауымен ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021  жылдың  7 қазан күні  ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ  беретін  мұғалімдер  үшін  «Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру жолдары»  тақырыбында облыстық  семинар өткізді. «Zооm» бейнебайланыс режимінде өткен іс-шараға 150 педагог,   аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектептің әлеуметтік педагогтері,  психологтары,  ерекше білім беруге  қажеттілігі бар оқушыларға  сабақ беретін мұғалімдер қатысты. Іс-шара барысында "Ән-Нур-Фат" халықаралық біліктілікті  арттыру  және кәсіби қайта даярлау академиясының ректоры Ф.Бизақова мен  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетенің «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі, психология ғылымының магистрі С.Үсенова инклюзивті білім берудің теориясы мен технологиясы және ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудың әдістемесі  бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Электронды материалдар таратылып, ақпараттық-әдістемелік көмек берілді.

 
 
Понедельник, 11 октября 2021 10:32

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 24 қыркүйек пен 5 қазан күндері «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиядасы өткізілді.

Аталмыш жарыста, пара жүзу спорт түрінен Дулати университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Искра Айбек жеңіс тұғырынан көрінді.

 
 

Студентіміз S-13 дисциплинасы бойынша «Брасс» әдісімен 100 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп, одан бөлек S-13 дисциплинасы бойынша еркін жүзу әдісі бойынша 400 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп отыр. 100 метр қашықтықта жеңіс тұғырынан көрініп еркін жүзуден І орынды қанжығасына байлап қайтты.

Айта кетейік, университетіміздің спортшы студенттері облысымыздан бастап әлемдік додаларда бақ сынап, өз шеберліктерін айқын көрсетіп келеді. Жеңісіміз көп болғай!

Ректор Талғат Ешенқұлов Қаратау қаласына Тау-кен технологиялық колледж ұжымымен кездесу үшін іссапармен барды. Колледж тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы уақытта бұл білім ордасының жұмысын жандандыру мақсатында іс-шара жоспарын әзірледі.

Алдағы уақытта өңірдегі тау-кен мамандарын дайындайтын жалғыз колледждің мастер-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын жүргізіп, химия өндірісіне бағытталған жаңа мамандықтарды ашуды мақсат қойды. Колледж базасында өңіріміздің тау-кен саласындағы үлкен өндіріс мекемелеріне қажетті маман иелерін дайындауға міндетті алғышарттарды атап өтті.

Понедельник, 11 октября 2021 10:07

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 24 қыркүйек пен 5 қазан күндері «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VI Спартакиядасы өткізілді.

Аталмыш жарыста, пара жүзу спорт түрінен Дулати университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Искра Айбек жеңіс тұғырынан көрінді.

 
 

Студентіміз S-13 дисциплинасы бойынша «Брасс» әдісімен 100 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп, одан бөлек S-13 дисциплинасы бойынша еркін жүзу әдісі бойынша 400 метр қашықтықта ІІ орынды иеленіп отыр. 100 метр қашықтықта жеңіс тұғырынан көрініп еркін жүзуден І орынды қанжығасына байлап қайтты.

Айта кетейік, университетіміздің спортшы студенттері облысымыздан бастап әлемдік додаларда бақ сынап, өз шеберліктерін айқын көрсетіп келеді. Жеңісіміз көп болғай!

Страница 240 из 452
Top