Super User

Super User

Понедельник, 01 ноября 2021 06:03

«IQ-STAN» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫ

2021 жылдың 27 қазан Мүмкіндігі шектеулі жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында «IQ-stan» атты интеллектуалдық ойыны өтті.

Байқау «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолдауымен «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті инклюзивті білім беру орталығы бастамасымен ұйымдастырылды. Интеллектуалдық ойынның сұрақтарын Тараз қаласы «Жас Отан» жастар қанаты волонтерлары дайындаған болатын. Ойын барысында студенттерге әртүрлі сұрақтар ұсынылды: 1 кезеңде - "Жеңілдетілген сұрақтар" қойылса, 2 кезең - "орташа сұрақтар», 3 кезеңде қатысушылар 3 факттен 1 жауап табулары керек болды. 4 кезең - "Фактілер мен цифралар" сайысы, 5 қорытынды кезеңде «Блиц» сұрақтар қойылып, қатысушыларды жылдам әрі дұрыс жауап беру дағдыларын сынады.

«Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 21 қазан күні ерекше білім алуға қажеттілігі бар оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер үшін «Ерекше білім алуға қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Понедельник, 01 ноября 2021 05:57

«ӨЗГЕРІС» АКЦИЯСЫ

2021 жылдың 25 қазан күні жастардың тұлғалық дамуына бағытталған «Өзгеріс» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында тұлғаны белгілі-бір іс-əрекет тəсіліне дайындық күйлерін реттейтін функциялары туралы түсіндіріліп, өмірден мысалдар келтірілді. Осындай функцияларды атқаратындар қатарында өмірлік ұстанымды, қызығушылықтар бағыттылығын, құндылықтық бағдарларды, əлеуметтік бағдарларды, субъективтік қатынастарды, жетекші түрткіні қарастыруға болады.

2021 жылдың 18 қазан айында «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін іс-шаралар ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан волонтерлар лигасының М.Х.Дулати атындағы Тараз университетіндегі филиалы, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры бірлесе отырып "BRAIN RAID" интелектуалды ойынын өткізілді. Ойын барысында студенттерге Қазақстан және спорт тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Ойынға 3 топ қатысып, 1-орынды "Қыран" тобы, 2-орынды "Жалын" тобы, ал 3-орынды "Лига" тобы иеленіп, арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.

Бүгін Талғат Ілиясұлы университетке қарасты «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының жұмысымен танысып, мүмкіндігі шектеулі студенттермен кездесті.

Қазіргі таңда 53 студент білім алып жатыр. Олар көмекші бағдарламамен, арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етілген. ғимаратқа кіруге, оқу материалдарына, дәрістерге, тестілер мен емтихандарға студенттер үшін барынша оңтайлы түсінікті тұрпатта қолжетімділік орнату және ЖОО-дағы білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы білім беруге қолжетімділік деңгейін жоғарылату бағытында жағдай жасалған.

Дулати университетінің студентттері армрестлингтен Азия чемпионатынан қос күміспен оралды.

65 кг. салмақта білек сынасқан «Дене тәрбиесі» мамандығының 3-курс студенті Хабиев Адам қос қолда да екінші орын иеленсе, осы мамандықтың 2-курс студенті Джидебаев Аят 70 кг. салмақ дәрежесінде күміс алқа иегері атанды.

Алматы облысының Жанашар қаласында өткен армрестлингтен Азия чемпионатына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Түркіменстан және Моңғолиядан 600-ден астам спортшы қатысты.

30 қыркүйек 2021 ж.

Бүгін ректор Талғат Ешенқұлов Дулати университетінің жоғары спорттық нәтижелері бар студенттермен кездесті.

«Дулати университетіндегі спорттың дамуы мен болашағы» тақырыбында өткен іс-шара «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Д.Джылысбаев 2021-2022 оқу жылына арналған жұасқосу барысында ректор мен спортшылар еркін форматта әңгіме айтып, түрлі идеялармен бөлісті.

Понедельник, 01 ноября 2021 04:11

ҚҰТТЫ БОЛСЫН 70 ЖАСЫҢЫЗ

Құрметті Мухтар Шардарбекович!

Сізді 70 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрекжарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз! Сіз ғылым және білім беру саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз.

Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой - беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет - ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын дейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

Құтты болсын 70 жасыңыз,
Сексеннің де сеңгірігінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз!
Тілек еттік шын жүректен бәріміз
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз!

«Автоматтандыру және телекоммуникация»
кафедрасы ұжымы

Студент второго курса нашего университета, Денис Черепенко, обучающийся по специальности «Нефтегазовая инженерия» завоевал золотую медаль на чемпионате мира по смешанным единоборствам, который проходил в городе Караганды.

В организованном профессиональной ассоциацией «Nomad MMA» чемпионате приняли участие спортсмены из России, Ирана, Азейрбайджана, Узбекистана, Пакистана, Бангладеша, Кыргызстана, Таджикистана и других стран. Наш Денис вышел победителем!

WhatsApp Image 2021 10 29 at 10.36.17

Вместе с тем, хочется особо отметить, что еще один наш студент Бибарыс Суханбек выиграл бронзу на чемпионате мира по кикбоксингу в Италии (город Лидо де Жасело). Являющимся мастером спорта международного класса. Наш спортсмен до этого блистал на крупных соревнованиях в Индии, Узбекистане и других странах.

Эти достижения не только ваши, но и ваших родителей, ваших тренеров и многочисленных болельщиков! Желаю вам дальнейших спортивных достижений, которые прославят не только наш университет, наш регион но и всю нашу суверенную страну!

 

Денис Черепенко Дулати университеті «Мұнай-газ инженериясы»  мамандығының студенті. Ол Қарағандыда «Nomad MMA» ересектер арасында өткен аралас жекпе-жектен әлем чемпионатына қатысып, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Бангладеш, Зимбабве және т.б. елдерінен қатысқан қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль алып келді. Денисіміз әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, ел намысын қорғаған Бибарыс Сауханбек «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті. Ол Италияда (Лидо де Жесело қаласы) өткен кикбоксинг спорт түрінен әлем чемпионатынан қола жүлдесімен оралды. Бибарысымыз бұған дейін де әлемнің Анапа, Индия, Өзбекстан елдерінен жеңіспен оралған. Ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

WhatsApp Image 2021 10 29 at 10.36.17

Ал жігіттер, біз сіздердің жеңістеріңізді жоғары бағалаймыз. Бұл жеңіс тек университетіміздің ғана емес, ата-аналарыңыздың, жақындарыңыздың, жаттықтырушыларыңыздың, Еліміздің жеңісі.

Сіздер өздеріңіздің мықты спортшы екендеріңізді тағы дәлелдеп, жанкүйерлеріңіздің үмітін ақтадыңыздар.

Университетіміздің қоржынында жеңістер көбейе берсін.

Страница 231 из 452
Top