
Super User
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ ФОРМАТЫ
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды.
IELTS, TOEFL ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТУРАЛЫ
Құрметті IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының иегерлері!
Егер Сіз 2022 жылғы ҰБТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілесеңіз, онда қалауыңыз бойынша «Ағылшын тілі» пәнінен ҰБТ тапсырудан босатыласыз.
МАҢЫЗДЫ: Ағылшын тілі бойынша балл ҰБТ сертификатында көрсетілмейді.
Ұсынылған сертификаттардың түпнұсқалығын білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде жоо-ның қабылдау комиссиясы тексереді.
Сертификаттың жарамдылығы тексерілгеннен кейін Сізге 45 балл есептеледі.
Докторантураға түсушілерге арналған әңгімелесу кестесі
Студенттер назарына!
2022 жылдың ақпан айынан бастап мемлекеттік оқу гранты негізінде білім алып жатқан студенттерге қысқы және жазғы каникул кезеңінде үйіне барып-келу үшін қалааралық теміржол және автомобиль көлігімен (таксиден басқа) қатынаған кезде төленетін жол жүру өтемақысы жол жүруді растайтын құжаттар (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жол жүру бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана төленеді.
Студенттерге жол жүру өтемақысы жазғы каникулға тек растайтын құжаттар болса ғана қайтарылады. Жазғы кезеңге жол жүру өтемақысына қарастырылған қаржы министрліктен әлі түскен жоқ. Қаржы тек тамыз айында түседі.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурсы басталды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
2022 жылы әрбір грантқа 3 млн.теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.
Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы) Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына қабылданады.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);
3) шығыстар сметасының жобасы;
4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.
Айта кетейік, 2021 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев еліміздің 30 жас азаматына «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті. Оның ішінде 5 жас адам «Мәдениет» бағыты бойынша, 6 адам - «Ғылым», 5 адам - «Ақпараттық технологиялар», 5 адам - «Медиа», 9 адам - «Бизнес». ҚР Мемлекеттік хатшысының 2022 жылғы 25 ақпандағы №2 Өкімімен грант алушылар Намурадин Айсана мен Наумова Динара ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің құрамына кірді.
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫМЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСУҒА БОЛАДЫ?
Call-center: 8 7262 55-67-20
Whatsapp: 8 747 492 51 45
Сайт: talapker.dulaty.kz
ҚАЗАҚСТАНДА ҒЫЛЫМИ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда ғылыми коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы басталды.
Соңғы 3 жылда елімізде белгілі бір коммерциялық әлеуеті бар перспективалық жобалардың пулы қалыптасты.
Отандық ғылыми әзірлемелерге негізделген үздік инновациялық тауарлар мен қызметтер мемлекеттік қолдауға ие болып, қаржыландырылады және экспортқа шығарылады.
Ғалымдар өз жобаларын жүзеге асыру үшін 300 млн теңгеге дейін қаржы ала алады.
Жобалар экономиканың денсаулық сақтау, сапалы білім беру, цифрландыру, геологиялық барлау, энергетикалық кешенді жаңғырту, өңдеу өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, экология, агроөнеркәсіптік кешен, металлургия, металл өңдеу, туризм және т.б. сияқты салаларды қамтуы мүмкін.
Бұл байқауда ашықтық пен транспаренттілікке бағытталған жаңашылдықтар пайда болды. Коммерцияландыру жөніндегі арнайы құрылған ұлттық кеңестің өкілдері қаржы бөлу үшін жобаларды іріктейді. Оның құрамына жетекші ғалымдар, венчурлық бизнестің, салалардың өкілдері, инновация саласындағы сарапшылар кіреді. Кеңес Үкімет қаулысымен бекітіледі.
Байқау талаптарына сәйкес жоба 3 жыл ішінде аяқталып, сатылымға шығуы керек, ал қоса қаржыландыру грант сомасының кемінде 20%-ын құрауы тиіс. Командалар құрамында 5 адамға дейін қатыса алады.
Өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 6 маусымда басталып, 5 шілдеде аяқталады. Өтініштерді «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, яғни www.is.ncste.kz.дет сілтемесі арқылы жіберуге болады.
Қажетті құжаттар тізімі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің (www.gov.kz/memleket/entities/sc?lang=ru), «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition) және «Ғылым қоры» АҚ - (ww.science-fund.kz) веб-сайттарында орналастырылған.
АРНАУЛЫ ЕМТИХАНДАР БАСТАЛДЫ
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсушілер!
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» білім беру салаларына түсу үшін тапсырылатын арнаулы емтихандар (психометриялық тестілеу) басталды. Бұл емтихандар жоғары оқу орындарында өткізіледі. Қатысу сұрақтары бойынша қабылдау комиссияларына хабарласу керек.
Әрбір жоо емтихан тапсыру мерзімін дербес айқындайды.
Грант конкурсына қатысу үшін емтиханды 13 шілдеге дейін,
Ақылы оқуға түсу үшін 20 тамызға дейін тапсыру керек.
Емтихандар дәстүрлі форматта, яғни офлайн өткізіледі.
Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
Нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.
Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнаулы емтихан ТАПСЫРУ ОРНЫНА ҚАРАМАСТАН жоо-ға ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді беріледі.
Шығармашылық емтихандар туралы
Шығармашылық емтихандарды өткізу бағдарламалары
Шығармашылық кестелерді бекіту туралы бұйрық
Шығармашылық емтихандардың консультация кестесі
Шығармашылық емтихандарды өткізу кестесі
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша арнаулы емтихан кестесі
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7 «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы және маманының бос лауазымдарына орналасуға конкурс бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7.
Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар. «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы үшін: жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімінің болуы, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімінің, тәжірибесі мен біліктілігінің болуы, ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы, біліміне сәйкес кәсіби салада жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы, Қоғам қызметінің ерекшелігін білуі.«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің маманы үшін: жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімінің болуы, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жеткілікті білімінің, тәжірибесі мен біліктілігінің болуы, ұйымдастырушылық және талдамалық қабілеттері мен дағдыларының болуы, біліміне сәйкес кәсіби салада жұмыс өтілі кемінде үш жыл, Қоғам қызметінің ерекшелігін білуі.
Конкурсқа қатыса алмайды:
- 1) жиырма бес жасқа толмаған;
- 2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;
- 3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
- 4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
- 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
- 1) белгіленген нысандағы өтініш;
- 2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- 3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағы қызмет тізімі;
- 4) салыстыру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;
- 5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- 6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;
- 7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
- 8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- 9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Тараз қ., Ы.Сүлейменов көш., 7 (каб. 1.1.108), тел.: 8 7262 457978.
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫММЕН ӨТКЕН ДӘРІС
Өткен жылы ғылыми жоба жетекшілері «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к, қауымдастырылған профессор Масалимова Бакытгуль Кабыкеновна және PhD Калмаханова Маржан Сеитовна Небраска университеті (АҚШ) және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасымен бірлесіп ұсынылған «Аmerican Councils for International Education Kazakhstan Universities Partnerships funding» бағдарламасы бойынша «Science with a Purpose: Improving Environmental Science Capacity in Kazakhstani Universities» халықаралық ғылыми жоба 2021-2022 жылдарға 38000$ көлемінде грант жеңіп алған болатын.
Осы жобаны жүргізу мақсатында 2022 жылдың 27-30 маусымы аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасына PhD доктор, профессор-зерттеуші, Роберта Догерти атындағы азық-түлікке арналған су институтына қарасты Небраска су орталығының профессоры және табиғи ресурстар мектебінің директоры Дэниел Сноу кафедраның 2, 3-ші курс 6В05314 – «Химия» білім беру бағдарламасының көп тілді топтарының студенттеріне арнайы тақырыпта дәріс оқыды.