Жұмабаева Айжамал Мықтыбекқызы,
Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы, п.ғ.к.
Байланыс телефоны: 8(7262) 45-46-40
е-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қ.,Сүлейменов к., 7, 403 кабинет
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылыми кеңесі «Қазақстан – 2050 Стратегиясы: аяққа тұрған мемлекеттің жаңа саяси курсы», «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», Ұлт жоспары «100 нақты қадам. Заманауи мемлекет барлығы үшін», «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту», «Цифрлік Қазақстан», БЭФ БЖИ көрсеткіштерінде (Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексі) және де бірқатар еліміздің маңызды құжаттары негізінде, жоғары білім мен ғылым саласындағы ұзақ мерзімдік басымдықтар білім және ғылымды 2016–2019 жылдары дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, ҚР БҒМ «Экономиканың жаңа моделі шеңберінде білікті мамандарды даярлау» Жол карталарында, «Орта Азияда білім беру хабын дамыту және ғылымды модернизациялау» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, университеттің Қазақстандағы ең озық ЖОО-ның бірі ретінде халықаралық рейтингтік деңгейде Орта Азиядағы ірі білім беру, ғылыми-өндірістік және әлеуметтік кешенді, инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатын жүзеге асырады.
Университеттің Ғылыми кеңесі:
-университет құрылымын бекіту туралы Бақылау кеңесіне ұсыныс береді;
-университет Жарғысын талқылайды, университет Жарғысына өзгертулер мен қосымшаларды енгізеді;
-Университеттің Даму бағдарламасын және стратегиялық мақсаттарын анықтайды;
-университеттің оқу және ғылыми бөлімшелерін құрады, қайта құрады және жұмысын тоқтатады (зертханаларды, кафедраларды, факультеттерді және т.б.);
-университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастыруда негізгі мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды;
-ректор, проректорлар, құрылымдық бөлім басшыларының жыл сайынғы есептерін, оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржылық, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізудің түрлері мен әдістері туралы есептерін тыңдайды;
-университеттің қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады;
-бюджеттен тыс қаражатты қолдану тәртібін, сондай-ақ университеттің ақылы білім беру қызмет көрсету және өңделген өнімді өткізу арқылы алынған табыстың қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
-оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын, академиялық күнтізбені бекітеді;
-ақылы негізде оқитын студенттерді білім беру грантына ауыстыруға және студенттерді экстернат оқу түріне ауыстыруға шешім қабылдайды;
-университеттің алдыңғы қатарлы студенттері арасынан атаулы шәкіртақы алуға үміткерлерді бекітеді;
-қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беруге ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне ұсыныс жасайды;
-мәртебелі атаққа, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткерлері атағына, мемлекеттік сыйақылар мен сыйлықтар беруге ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасайды;
-оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар мен монографияларды бекітіп, басылымға ұсынады;
-университет Жарғысында карастырылған, коллегиалды шешімді талап ететін күнделікті жұмыс барысындағы басқа да сұрақтарды қарастырады.
М.Х. Дулати атындағы ТарӨУ-дің Ғылыми кеңесінде сұрақтарды дайындау, енгізу және қарау
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Ғылыми кеңесінің күн тәртібіне енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін университет Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысына мәжіліс белгіленген күннен 7 күн бұрын:
1) баяндама (қағаз бетіне түсірілген және электронды түрде);
2) шешім жобасы ұсынылуы тиіс.
Қажетті құжаттарды немесе материалдарды ұсыну уақыттарын дұрыс ұстанбаған жағдайда университеттің ғалым хатшысы Ғылыми кеңестің төрағасының алдында осы сұрақты күн тәртібінен алып тастау туралы ұсыныс жасайды.