Мақсат – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер мен тұрғындардың кәсіпкерлік және технологиялық сауаттылығын арттыру.
Курсты университеттің білікті профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізіп, тыңдаушыларға өздерінің ғылыми білімі мен тәжірибесін ұсынды.
Оқу бағдарламасы тыңдаушылардың өтініштері мен қажеттіліктеріне сай дайындалып, үш негізгі бағыт бойынша жүргізілді:
1. «Азық-түлік өндірісінің заманауи тәсілдері: ғылымнан тәжірибеге дейін»;
2. «Биочарды өндіру мен қолданудың озық технологиялары және өсімдік шаруашылығында органикалық өнім өндіруді ұйымдастыру»;
3. «Тоқыма және аяқ киім: бірегей бұйымдарды жасау өнері».
Курс барысында теориялық дәрістермен қатар зертханалық тәжірибелер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Тыңдаушылар университеттің заманауи зертханаларында өз өнімдерін сынақтан өткізіп, өнім сапасын арттыруға бағытталған ғылыми әдістермен танысты. Бұл тәжірибе оқу үдерісі мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етті.
Курс соңында барлық тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Абдықадыров университеттің оқытушылар құрамына алғысын білдіріп, білікті әрі сапалы оқытқаны үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл курс қатысушылардың кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, олардың ауылдық кәсіпкерлік саласындағы нақты жетістіктерге жетуіне сенімділік береді.


