Кездесу мақсаты — жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді коммерцияландыру жолдарын қарастыру. Сонымен қатар, олардың негізінде университет жанынан стартап-компаниялар ашу мүмкіндіктерін талқылау.
Қатысушылар стартап жобаларға айналдыруға болатын ғылыми идеялар мен өнімдердің техникалық және экономикалық жағынан тиімділігін саралады.
Кездесу соңында қатысушылар университеттің ғылыми әлеуетін күшейту және ғылым нәтижелерін нақты экономикалық тиімділікке айналдыру бағытында бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті.

