Қазан қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға оқытушылардың қатысуы

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының оқытушылары Жаппарова А.К. мен Мукаева А.М. Қазан қаласында өткен «Ресей–Шығыс» (Шығыс базары) халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалі аясында ұйымдастырылған «Шығыс және Азия елдерімен мәдени ынтымақтастық: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысты.

«Дәстүрлі костюм: тарихы және заманауи үрдістер» секциясының жұмысы аясында қатысушылар дәстүрлі костюмді маңызды мәдени код ретінде қарастыратын, сондай-ақ оны сақтау және әлеуметтік-мәдени практикаларға интеграциялаудың заманауи тәсілдеріне арналған ғылыми баяндама жасады.

На выставке народной художественной культуры были представлены три яркие коллекции костюмов кафедры «Дизайн и индустрия моды»:

Халықтың көркем мәдениеті көрмесінде «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының үш жарқын костюм коллекциялары ұсынылды:

  • «Жібек жолы» – Ұлы Жібек жолының бай мұрасын бейнелейтін, шығыс өрнектері мен заманауи силуэттердің үндесуі;
  • «Томирис» – аңызға айналған патшайымның бейнесінен шабыт алған, этникалық сұлулық пен заманауи материалдарды біріктірген коллекция;
  • «Шығыстың шұғыласы» – шығыс мәдениетінің нәзіктігі мен байлығын ашық түстер және дәстүрлі өрнектер арқылы жеткізетін коллекция.

Ұсынылған коллекциялар Халықаралық форум қатысушылары тарапынан жоғары бағасын алды.

Біздің университет пен Қазан мемлекеттік мәдениет институты (Қазан қ., Ресей) арасындағы ынтымақтастық білім, мәдениет және өнер салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған, ол 2020 жылдан бастап белсенді түрде дамып келеді. Оған костюмдер мен сән дизайны бойынша біліктілікті арттыру курстары, бірлескен сән көрсетілімдері, байқаулар мен конференциялар кіреді.

Қазан мемлекеттік мәдениет институты басшылығымен өткен жұмыс кездесуінде серіктестікті кеңейтуге екі тараптың да мүдделі екені атап өтілді. Талқылау барысында «Дизайн» бағыты бойынша магистратураның қос дипломды оқу бағдарламасын іске қосу жобасы таныстырылды. Бұл бастама түлектерге бірден екі жоғары оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар халықаралық сән көрсетілімдерінде таныстырылуы жоспарланған бірлескен студенттік коллекциялар құру жобасын қарастырды. Бұл бастама шығармашылық ынтымақтастықты қолдауға және академиялық байланысты нығайтуға бағытталған.

Конференция аясындағы кездесу мәдениетаралық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамы болып, екі жоғары оқу орны арасындағы болашақ ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашты.

сайтка1111

сайтка2222

сайтка33333

сайтка444

сайтка55555

 

Top