«Әлем таныған ұлы Абай!» атты ашық- тәрбие сағаты өткізілді

«Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Сентаева Рита Темірбекқызы 13.11.2025 жылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Асыл сөздің дастаны» онкүндік іс- шарасына орай «Әлем таныған ұлы Абай!» атты ашық- тәрбие сағатын өтті. Ашық- тәрбие сағатына   «6В02211- Тарих» білім беру

бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты. Ашық- тәрбие сағатына барысында студенттер, қазақтың ұлы ақыны, Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығына терең үңіліп, оның әлем мойындаған даналығы мен рухани мұрасының бүгінгі күнгі маңызын талқылады. Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріндег адамгершілік, білім, өркениет туралы ойлары, ұлы ойшыл мұрасының қазіргі жастар тәрбиесіндегі рөлі, әлемге танылған Абай құндылықтарының уақытпен үндестігі талқыланды.Студенттер белсенділік танытып, өз ой- пікірлерін ортаға салып, шығармашылық тапсырмалар орындады. Тәрбиелік мәні зор мазмұнды іс-  шара жастарға рухани серпіліс берді. Абайдың өмірбаянын, поэзиялары мен қара сөздерін, Абайға арнауларын оқып, Абай туралы викториналық сұрақтар қойылып, аталған іс-шараны қызықты деңгейде өткізді.

    

 

 

 

 

 

Top