Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!» атты шығармашылық концерт өтті. Бұл мәдени шараның мақсаты – оқу орнының профессор-оқытушылар қауымының өнерге деген сүйіспеншілігін танытып, студенттермен рухани байланысты арттыру, білім ордасының шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсету болды.

Кафедра аясында тұңғыш рет ұйымдастырылған ПОҚ концерт барысында іс шара шымылдығын кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет қайраткері, Қауымдастырылған профессор, өнертану доценті, Құрмет орденнің иегері Кабиева Айгүл Кабиқызы ұлттық дәстүрмен Студенттерге шашу шашып ашты. ПОҚ өкілдері өздерінің вокалдық,  би және театрландырылған орындаушылық шеберліктерін ұсынып, Студенттердің қызықты сәттерінен видеороликтер көрсетіліп, білімгерлерге көтеріңкі көңіл күй, ерекше сезім сыйлады.

Мұндай формат студенттер үшін ПОҚ жаңақырынан танып, олардың бойындағы талант пен шығармашылықтың алуан қырын көруге мүмкіндік береді. «Оқытушы – тек білім беруші ғана емес, ол – рухани бағыт-бағдар беретін, шабыт сыйлайтын тұлға.

Бұл концерт – Оқытушы бен студент арасындағы шығармашылық үндестікті қалыптастыратын маңызды алаң», – дейді шара ұйымдастырушылары.

Іс шара мақсаты – студенттердің мәдени өмірін жандандыру, оқу үдерісін рухани байытатын игі дәстүрлерді қалыптастыру және жас ұрпақты шығармашылыққа ынталандыру.

Шараға барлық студенттер, кафедра оқытушылар шақырылды.

алма1111

алма1222222

алма33333

 

Top