Іс-шара ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын AP23485390 «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты Білім беру үдерісіне практикалық философия мен дизайн-ойлауды интеграциялаудың заманауи тәсілдерін талқылау, философиялық рефлексияның жаңа бағыттарын айқындау және гуманитарлық пәндерді оқытудағы инновациялық модельдер ұсыну.
Семинардың модераторы — Ермағамбетова Құралай Серғабылқызы, тәжірибелі философ, білім беру саласындағы білікті маман. Ол практикалық философия, этика және қазіргі білім беру әдіснамасы бағыттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып келеді. Құралай Серғабылқызы семинар барысын жоғары кәсіби деңгейде жүргізіп, баяндамашылар мен тыңдаушылар арасындағы талқылаудың мазмұнды әрі тиімді өтуіне мүмкіндік жасады. Оның модераторлық қызметі іс-шараның ғылыми деңгейін арттырып, пікірталас мәдениетін нығайтты. Баяндамалар мазмұны Құранбек Әсет Абайұлы P4C және оның Қазақстандық моделін қалыптастыру жолдары Балаларға арналған философия (P4C) бағдарламасын ұлттық контекстке бейімдеу мәселелері талқыланып, рефлексивті ойлау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Аташ Берік Мұратұлы Гуманитарлық пәндерде креативті және сыни ойлауға үйрету әдістемесі
Спикер заманауи білім алушылардың аналитикалық дағдыларын дамытуға бағытталған әдіснамалық тәсілдерді ұсынды. Нұрадин Гүлхан Болатқызы Қозғалыстағы практикалық философия және интеллектуалдық қызмет Практикалық философияның динамикалық сипаты және оның интеллектуалдық әрекетпен байланысы туралы тың көзқарастар айтылды. Аккулиева Асия Ертаевна Цифрлану дәуіріндегі адамгершілік пен жауапкершілік құндылықтары Цифрлық қоғамдағы моральдық таңдау, цифрлық этика және жауапкершіліктің жаңа формалары философиялық тұрғыдан талданды. Семинардың нәтижелері Семинар практикалық философияның теориялық және әдіснамалық қырларын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар: философиялық ойлауды білім беру жүйесіне интеграциялаудың нақты жолдары ұсынылды; дизайн-ойлау әдістерін қолданудың тиімділігі көрсетілді; әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда қолдануға болатын практикалық ұсыныстар жасалды. Іс-шара қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз етіп, жобаның ғылыми-теориялық және қолданбалы мәнін күшейтті.
Қатысқан барлық спикерлер мен тыңдаушыларға алғыс айтамыз! Практикалық философияны білім беру кеңістігіне енгізу бағытындағы зерттеулеріміз әрі қарай да жалғасады.


