Новая версия сайта

Хабарландыру

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Бюджеттік қаражат есебінен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу ережесіне» сәйкес 2025 жылдың 8 қазанынан бастап АР19679604 бағдарламасы аясындағы жекелеген жоба бағыттары бойынша сатып алынатын тауарларға баға ұсыныстарын (байқау бағаларын) қабылдау жарияланғанын хабарлайды. Баға ұсыныстары мен коммерциялық ұсыныстардың (баға тізімдерінің) қабылдау мерзімі — 2025 жылдың 15 қазанына дейін.

Сатып алынатын тауарларға арналған рәсімделген баға ұсыныстары (байқау бағалары) М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің канцеляриясына мына мекенжай бойынша мөрленген конвертте ұсынылуы тиіс: 080012, Тараз қ., Сүлейманов көшесі, 13 (2-қабат, 203-кабинет), немесе сатып алу комиссиясының хатшысының электрондық поштасына жіберілуі мүмкін: [Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.](mailto:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.), (Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.).

 Материалдардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы

Толығырақ

Top