Студенттерге арналған лекция барысында Доктор Карина Чича өнімнің даму процесі туралы, оның ішінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін талдау, пайдаланушыға бағытталған өнім идеяларын құру және пайдаланушылардың мотивациясын түсіну туралы айтты. Сонымен қатар, доктор Паулина Рутекка мұндай идеяларды тезенгізуге және MVP-де тексеруге мүмкіндік беретін "кодсыз" (no-code) әдістерді қолдана отырып, қалай жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.
Кафедра оқытушыларына «Жасанды интеллект негізінде эмоцияларды тану» тақырыбында ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Дискуссия барысында жаңа идеялар айтылып, бірге ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары талқыланды. Сонымен қатар, келген профессорлар «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары және лабораториялармен танысты.
Дәрістер Erasmus+ оқытушыларының ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.