"Заманауи дизайнер: мансаптың, жұмысқа орналасудың, еңбек нарығындағы сұраныстың өзекті мәселелері"тақырыбы бойынша «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасында дөңгелек стол өтті.

"Заманауи дизайнер: мансаптың, жұмысқа орналасудың, еңбек нарығындағы сұраныстың өзекті мәселелері"тақырыбы бойынша «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасында дөңгелек стол өтті.

Дөңгелек столға кафедраның меңгерушісі Байжанова С.Б., профессор оқытушылар құрамы, Технологиялық факультет деканы т.ғ.к., доцент Садибаев А.К., Жамбыл облысы кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрағасы Кариева Ш.К., ЖК «Самғау» директоры Бикеев А.М., ЖК «Сагила» директоры Сагилаева Г.А., ЖК «Дана-дель» директоры Токтыбаева Б.Е., ЖШС «Rian»дизайнері Горбатенко Г., «SURET DESIGN» өнер орталығының директоры Мамбеталы А.Е., ЖК «КАН» директоры Кан Ю.Ч., ЖШС «Рысбаева и К» директоры Рысбаева С.М., және «SURET DESIGN» өнер орталығының оқушылары, «Аспара» колледжінің студенттері қатысты.

Дөңгелек столдың мақсаты– заманауи дизайнер мамандығына қатысты мансап жолының қалыптасуы, жұмысқа орналасу үдерісі, еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс берушілердің талаптары туралы ақпарат беру. Сондай-ақ, дизайнерлердің кәсіби дағдыларының дамуы, нарықтық тенденциялар мен өзгерістерді ескере отырып, олардың мансаптық мүмкіндіктерін арттыру жолдарын талқылау. Осы мақсатқа жету үшін, заманауи дизайнер мамандығының ерекшеліктерін, еңбек нарығындағы қажетті дағдыларды, сондай-ақ, дизайнерлердің бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек нарығындағы орнын анықтауға бағытталған.

Қазіргі заманда дизайнерлердің рөлі үлкен өзгерістерге ұшырап, жаңа талаптар мен мүмкіндіктерге бейімделуде. Дизайнерлік мамандықтар әртүрлі салада кеңінен таралуда, әсіресе технологиялар мен цифрлық өнімдер саласында. Мансап жолында жетістікке жету үшін дизайнерлерге тек шығармашылық қабілеттері ғана емес, сонымен қатар, жаңа технологияларды меңгеру, коммуникация дағдылары және бизнес талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды.

Дөңгелек стол барысында осы мәселелер мен трендтер талқыланып, дизайнерлердің кәсіби дамуы, еңбек нарығындағы сұраныс және болашақтағы өзгерістер туралы маңызды пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

круг стол1111

круг стол222

круг стол333

 

Top