СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ БОЙЫНША XVIІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2025 жылдың 29-30 сәуір аралығында КеАҚ Торайғыров университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарында В076 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағыты бойынша оқитын студенттер арасында XVIІ Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Оғанкафедраның аға оқытушысы, PhD доктор Ораз Гулзат Тайырқызының жетекшілігімен 6В07511 – «Стандарттау және өнеркәсіптегі сапаны басқару» білім беру бағдарламасының 3-ші курс студенттері Жылгелды Нұрасыл Жылгелдыұлы және Өксікбай Нурдаулет Кадірбайұлы қатысты.

Пәндік олимпиадаға Алматы, Астана, Тараз, Атырау және еліміздің басқа да қалаларынан келген студенттер қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер студенттер дипломдармен, сертификаттармен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Марапаттау рәсімін Торайғыров университетінің ректоры Нұрлан Медетов жүргізді. "Стандарттау, сертификаттау және метрология" тек техникалық пән ғана емес, бұл өндіріс пен денсаулық сақтаудан бастап, экология мен энергетикаға дейінгі өмірдің әртүрлі салаларындағы сенімділіктің, қауіпсіздіктің және сенімнің негізі. Бұл саланың мамандары-біздер күнделікті өмірде байқамайтын, бірақ онсыз қазіргі қоғамды елестету мүмкін емес сапаны қамтамасыз ететіндер, - деп атап өтті ректор Нұрлан Медетов.

Осы олимпиаданың нәтижесі бойынша жүлделі 3-ші орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Жылгелды Нұрасыл иеленді.

стандарт1111

стандарт2222

стандарь33333

стандарть4444

стадарт5555

 

Top