Көрме ақпараттық технологиялар, робототехника және қолданбалы ғылыми зерттеулер салаларындағы озық бағыттарды қамтитын 150 ғылыми жобаны біріктірді. Дулати университеті екі секция бойынша 9 жобаны ұсынып, өз жетістіктерін жоғары дәрежеде көрсетті:
- Робототехника және автоматтандыру – 3 жоба
- Веб және мобильді қосымшаларды әзірлеу – 6 жоба
- Студенттердің жобалары Доумчариева Ж.Е., Маматаева Д.У. және Хасанова М.В. жетекшілігімен дайындалды.
Дулати университетінің екі студенті жүлделі орындарға ие болды:
- 1-орын — Ардашев Абдурахим, «Биогаз қондырғысын модельдеу және әзірлеу» жобасымен
- 3-орын — Пазылханов Ерзат (ББ 6В06114), «HelpNow – халық қауіпсіздігіне арналған қосымшаны әзірлеу» жобасымен
- Дулати атындағы университетінің қатысушылары сертификаттармен марапатталды:Анасов Д., Болатов Е., Райымбеков Н., Сейдерәлі Р., Тәңірберген А., Тоқсанбаев М., Искандаров Н., Шабденбек А.
Осындай табысты жетістіктер ғылыми жолды жалғастыруға, дамуға және жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді.