Кураторлық сағатқа арнайы қонақ ретінде Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры Мырзаева Умит Амирханқызы шақырылды. Умит Амирханқызы студенттерге нашақорлық туралы нақты мысалдар келтіре отырып,нашақорлықтың бүкіл қоғамға тигізетін залалын түсіндірді.Кездесу барысында топ студенттері Умит Амирханқызына есірткіге қатысты, қылмыстық заңдар ,қылмыстық жауапкершілік, нашақорлықтың алдын-алу шаралары туралы сұрақтар қойды.
Куратор сағатына кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы,профессор Т.Р.Абдыкадырова,кафедраның тәрбие жұмыстарына жауапты,аға куратор Ж.Д.Қалиева қатысты.
Куратор сағатында кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Р. Абдыкадырова жастар арасында нашақорлықпен күресудің маңыздылығы туралы айта отырып,”Нашақорлық – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның проблемасы. Бүгінде жастардың бұл зиянды әдетке бой алдыруы – үлкен алаңдаушылық тудырады. Біз, ПОҚ студенттерді зиянды әрекеттерден аулақ болуға шақырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасауымыз керек. Білім мен тәрбие егіз ұғым, сондықтан жастардың саналы, жауапкершілікті азамат болып қалыптасуы – басты міндетіміз. Осындай кездесулер жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруге көмектеседі,-деді Профессор Абдыкадырова студент -жастарды құқықтық білімдерін тереңдетуге шақырып, университет қабырғасында осындай танымдық іс-шараларды жиі өткізу қажеттігін баса атап өтті.