7 наурыз күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ ПМНО 22-1,5 топ студенттері (кураторлары: З.Қашқынбаева, Ж.Абдықалықова) «САРҚЫЛМАЙТЫН ЖЫЛЫЛЫҚ, АНА АТЫ – ҰЛЫЛЫҚ» атты мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мерекелік кештің қонақтары аяулы ұстаз-аналар болды. Кеш барысында «Ана туралы» бейне ролик көрсетіліп, «Әлемнің жарығы» атты хор орындалды. Сонымен қатар, аналар жайлы өлең шумақтары оқылып, көңілді эстрада жұлдыздарының «Құттықтауы» менқонақтармен сыр-сұхбатжүргізілді. Кеш соңында қонақтарға гүл шоқтары таратылды.