«ДІН – ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ»

2024 жылы 21 қарашада Әлеуметтік жұмыс басқармасы және «Практикалық шетел тілдері» кафедрасы өзара бірлесіп, қоғамдағы деструктивты діни ағымдарға қарсы студент жастардың дәстүрлі діни сауаттылығын арттыруына байланысты «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Б.Алпысбаев, «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының кураторлары Э.М.Бектурсынова, М.А.Байтелиева және 1-курс студенттер қатысты.

Іс-шараның мақсаты – ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының бағыт-бағдарын, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңың түсіндіру және ұлттық тәрбие құндылықтарын жеткізу. Кездесу барысында алғашқы сөзді Б.Қ.Алпысбаев дін саласындағы ақпараттарды кеңінен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, студенттердің бойында ұлттық тәрбие құндылықтары, рухани иммунитеттері жоғары болса, онда қоғамдағы радикалдық діни идеологиядан жастарымыз алыс болады. Іс-шарада студенттер сұрақ-жауап ретінде еркін өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы діни экстремизм көріністерін алдын алу үшін көптеген ұсыныстарын жеткізе білді.

ехфак дын1111

техфак дын2222

тезфак дын3333

техфак дын4444

 

 

 

Top