ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРАЛАР

Университет ғалымдары өз зерттеулерінің нәтижелерін Қазақстанда және шетелде түрлі деңгейдегі конференцияларда, симпозиумдарда және форумдарда ұсынады. Жыл сайын университет ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша аймақтық, ұлттық және халықаралық конференциялар ұйымдастырады.

«Ғылым қоры» АҚ (АО «Фонд науки») өкілдері М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылым және коммерцияландыру департаментімен бірлесіп гранттық қаржыландыру, нәтижелерді коммерцияландыру, өтінімдерді дұрыс ресімдеу, құжаттарды дайындау және т.б. мәселелері бойынша семинар өткізді.

Кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдығы оның материалдық-техникалық базасының бір бөлігі болып табылады, оның өсуі мен жетілдірілуі тауар айналымының көлемін, пайданы ұлғайтудың және олардың техникалық жарақтануын жақсартудың ең маңызды шарты болып табылады. Осы мақсатта 01.06.2023 жылы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атындағы мәжіліс залында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Халықаралық машина жасаушылар Одағының мүшесі, Шеров Карибек Тагаевичпен ғылыми өтті.

Семинарға «Механика және машина жасау», «Көлік техникасы және технологиялары», «Текстиль, материалтану және стандарттау», «Техникалық физика» кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты. Семинарда машина жасаудағы инновациялық технологиялар, импульстік салқындатумен термофрикциялық өңдеу технологиясы (төмен жылдамдықта), айналмалы денелердің бөліктерін айналмалы үйкеліспен бұру, тегіс беттерді айналмалы үйкеліспен фрезерлеу, сыртқы цилиндрлік беттерді термофрикциялық фрезерлеу және т.б. сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар ғылым саласындағы ынтымақтастық, педагогикалық ұжым мен студенттердің ішкі ұтқырлығын дамыту мәселелері қарастырылды.




2023 жылдың 18 сәуірінде Дулати университетінде «Ғылым қызметкерлері күніне» арналған салтанатты жиын өтті. Шара барысында ғылыми жобалардың көрмесі ұйымдастырылып, ғылымды дамытуға едәуір үлес қосып, ғылыми жаңалықтар ашып, жетістікке жеткен қызметкерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Ғылым ұзақ ізденісті қажырлы еңбекті қажет етеді. Сала мамандарының жобалары жоғары деңгейде бағаланып, өндірісте қолдануда. Бұл ел игілігі үшін жасалған жұмыстардың айқын көрінісі. Ғалым деген атақты иеленіп қана қоймай, жылдар бойы жаңашылтықты көздеп, талаптанып жүрген ғалымдарының еңбегі елеусіз қалған емес.

Осы ретте университет ректоры Мұхтар Байжұманов бірқатар ғалымдарды Дулати университетінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, аталған жиында 12 сәуір ғылыми қызметкерлер күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапатына ие болған профессор, ғалымдар да құрметке ие болды.

– Біздің ғалымдар соңғы 3 жылда 26 ғылыми-зерттеу жобасын іске асырды, оның ішінде: гранттық негізде 14 және шарттық негізде 9 жоба, 3 халықаралық жоба. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалпы қаржыландыру шамамен 362,4 млн. теңгені құрап, алдыңғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есе ұлғайды. Университеттің профессор оқытушы құрамы ғылыми нәтижелері дәстүрлі түрде мақалалар, баяндамалар, монография және патенттер түрінде жарияланады. Соңғы 3 жылда 120 патент алынды, 70-ке жуық монография жарық көрді,-дейді ректор Мұхтар Қазыбекұлы.

Салтанатты жиын өнерлі студенттердің сахналық қойылымдарымен жалғасын тапты. Жүректі тербетер, рухты әндер шырқалып ерекше көріністер тарихтағы оқиғалардан сыр шерткендей әсер қалдырды.



 
 


2023 жылғы 12 сәуірде А.С.Грибоедов атындағы Мәскеу университетінің М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен құрылтай кеңесі өтті.

Онлайн форматтағы кездесуге А.С.Грибоедов атындағы Мәскеу университетінің бірінші проректоры Н.В. Автионов және Экономика және құқық факультетінің басшылығы қатысты.

Кеңесте бұған дейін қол қойылған Білім беру және ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес ынтымақтастықтың кейбір мәселелері, сондай-ақ алдағы 5 жылға ЖОО арасында ынтымақтастықтың Жол картасын құру мәселелері талқыланды.

Серіктес жоғары оқу орындары келесі мәселелерді қарастыруда:

  • ПОҚ пен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын іске асыру;
  • бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыру;
  • бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге және іске асыру,
  • ғылыми семинарларды, конференциялар мен вебинарларды бірлесіп ұйымдастыру.


Ғылыми прогреске қосқан үлес – ғалым үшін орны бөлек табыс. Сағатбек Мырзашевтің бұл салада бағындырған биігінің өзі бір белес. Техника ғылымдарының докторы, профессордың 70 жасқа толуына орай 2023 жылдың 17 сәуірінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияда әріптестері мерейтой иесінің өмір жолында қол жеткізген осынау жетістіктері мен табыстарына көбірек тоқталды.

Конференция гидрокешен қалашығының негізін қалаушы, көрнекті ғалым Марс Үркімбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. Мерейтойлық іс-шараны педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізіп отырды.

Конференцияда техника және гидромелиоративтік-құрылыс салаларының маңдайалды ғалымдары түрлі тақырыптарда баяндамалар жасап, терең қабаттарда жатқан жерасты қазба байлықтарын игеру, қоршаған ортаның экологиясын сақтау, ауызсу мен мелиоративтік каналдарды тиімді пайдалану перспективаларына тереңірек тоқталды.

Сағатбек Мырзашев осы саланың ғылыми әлеуетін көтеруге көп еңбек сіңірді. Ол кісі құрастырып, жасап шыққан  қысты күні жер қазуға, жол салуға, тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған бірегей техникалық қондырғы мен жұмыс құралдары кезінде Байкал-Амур магистралінің құрылыс жұмыстарын жеңілдеткен болатын. Жиында ғалымның ғылымда қол жеткізген осы және басқа да табыстары туралы айтылды.

Конференцияда Сағатбек Мырзашевтің «Ғылым жолындағы ғұмырым» атты кітабы таныстырылып, тұсаукесер рәсімі өтті.




2023 жылдың 17 сәуірінде Дулати университетінде «Коммерцияландыру саласындағы ПОҚ-н әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.


2023 жылдың 28 наурызында «Тәуелсіз Қазақстан: тіл және ономастика» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

Түркия, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан және еліміздегі ЖОО ғалымдары қатысқан конференциясында мемлекеттік тіл мәселесі, ономастиканың тарихи жадыны жаңғыртудағы рөлі туралы сөз қозғалды. Ғалымдар осы салада тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектерге, әдістемелерге тоқталды.

Конференцияда Кастамону Университетінің  заманауи түркі тілдері және әдебиеттері кафедрасының  PhD докторы, профессор Орхан Сөйлемез: «Тәуелсіз Қазақстанда тіл, әдебиет және ұлттық бірегейлік» тақырыбындағы баяндамасында егемен ел болғалы бергі жылдардағы тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдістемесінің қандай бағыт алғанына тоқталды. Жер-су атауларын қайта қазақшалауда дұрыс саяси-мәдени бағдарламалар қабылданғанын айтып өтті. Жазуға реформа жасап, ұлттық құндылықтарды дамытуда ономастиканың бағыттарын халықаралық дәрежеде қалыптастырудың нәтижелеріне талдау жасаудың маңызды екенін жеткізді.

Әжінияз атындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Ырысты Құттымұратова «Қарақалпақстандағы топонимикалық атауларға» талдау жасады. Бауырлас елдердің сөз қолданысының ұқсастығы жер-су атауларынан көрінетінін атап өтті.

Жер-су атауларының шығуы, дамуы, қалыптасу жолдары туралы көршілес, бауырлас елдердің ғалымдары ой-тұжырымдарын ортаға салған конференцияның берері мол болды. Осы арқылы ұлттық танымдық көріністері мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі алатын орны мен рөлі айқындалды.

Айта кету керек, жиында 20-ға жуық ғалым ономастика саласының әр қырынан келген ғылыми тұжырымдамаларын алға тартты. Жер-су атауларына қатысты тың деректер айтылды.



 
 

Top