Болон процесі және академиялық ұтқырлық бөлімі

Фаизова Эльмира Ричардовна

Фаизова Эльмира Ричардовна
Начальник отдела Болонского
процесса и академической мобильности

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Макеева Айгуль Жумабаевна

 

 

 

 

 

Макеева Айгуль Жумабаевна
Руководитель сектора отдела Болонского
процесса и академической мобильности
по работе с иностранными студентами

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 Тоқтағұл Тоқнұр Нұржанұлы

Тоқтағұл Тоқнұр Нұржанұлы
Переводчик отдела Болонского
процесса и академической мобильности

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қожахмет Қ.

Қожахмет Қаршыға Зиятұлы
Руководитель сектора отдела Болонского
процесса и академической мобильности

e-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Болон процесі және академиялық ұтқырлық бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімі және бөлім ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректорға тікелей бағынады.
ТарМУ БПжАҰБ өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын және университет Жарғысын нұсқаулық етеді. БПжАҰБ-ң жұмысы ректордың бұйрығымен реттеледі.
БПжАҰБ-ң қаржыландырылуы орнатылған тәртіп бойынша қаржыландыру мақсатына қарай жасалады.
ТарМУ БПжАҰБ білімгерлер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру үшін және университеттің оқу үрдісіне ECTS негізгі параметрлерін енгізу мақсатында құрылған.
Академиялық ұтқырлық – бұл білімгерлердің, оқытушылардың немесе білім саласына қатысы бар университет қызметкерлерінің белгілі бір академиялық кезеңге басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге оқуға, дәріс беруге, зерттеу жұмыстарын жүргізуге баруы. Академиялық ұтқырлық кезеңі аяқталған соң білімгер, оқытушы немесе зерттеуші өзінің негізгі оқу орнына оралады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытудың мақсаты - білім беру сапасын арттыру, әртүрлі халықтар мен мәдениеттер арасындағы өзара түсінушілікті жақсарту, халықаралық ақпараттық қауымдастықта өмірге және жұмысқа дайын жаңа буынды тәрбиелеу.
БПжАҰБ – бұл ТарМУ-дің коммерциялық емес білім беру бөлімі.

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
БПжАҰБ-ң мақсаты М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2016-2019 жылдарға арналған стратегиясында қарастырылған міндеттер мен шараларды академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу арқылы ішкі және халықаралық академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастық негізінде кәсіптік білім беру сапасын арттыру арқылы іске асыру;
БПжАҰБ-ң негізгі міндеттері:
• университет қызметкерлерінің ұтқырлығын жоспарлау, әкімшілік және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін басқару;
• ұлттық және халықаралық ұйымдармен, қорлармен және бағдарламалармен өзара іс-әрекет жасау арқылы мұғалімдердің, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын нығайтуға және өсіруге ықпал ететін бірлескен халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу;
• университеттің білім беру және ғылыми қызметтеріне деген шет елдердің, ұйымдардың, шетел азаматтарының қажеттіліктерін зерттеу;
• академиялық ұтқырлық саласында перспективалы бағыттар мен нысандарды анықтау;
• шет елдердің және Қазақстанның басқа ЖОО-ның академиялық ұтқырлық құрылымдық бөлімдерімен серіктестік қарым-қатынасты дамыту;
• академиялық ұтқырлықты ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
әлемдік ғылым және білім беру нарығында университеттің ұжымдық өкілеттілігін қамтамасыз ету.

БӨЛІМНІҢ ФУНКЦИЯСЫ
БПжАҰБ-ң негізгі мндеттері:
• академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға өтініш беруге құжаттар дайындау бойынша консультация беру;
• шетелдік серіктес университеттер мен өкілділіктердің ұсынған білім беру және ғылыми бағдарламары бойынша презентациялар өткізу;
• академиялық ұтқырлыққа мамандандырылған дерекқорларды құру және енгізу үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, мүдделі ақпараттармен алмасу;
• академиялық ұтқырлықты дамытуға бағытталған Қазақстандағы және шетелдегі ғылыми және оқу семинарларын, мектептерін, конференцияларын, симпозиумдарын, конгресстерін, съездерін және көрмелерін ұйымдастыруға қатысу;
• халықаралық білім беру бойынша ғылыми зерттерулер жүргізу, оның ішінде білім беру қызметтерінің халықаралық нарығын маркетингтен өткізу;
• БПжАҰБ-ң барлық қызмет түрлерін дамытуға арналған университет қызметкерлерінің бастамасын қолдау;
• шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқуға студенттер арасында іріктеу жүргізу;
• ұтқырлық координаторларының жұмысын үйлестіру және ұтқырлықты ұйымдастыруда университет құрылымдық бөлімшелеріне көмек көрсету;
• халықаралық білім беру, ғылыми жобалар мен бағдарламалар саласындағы сараптама және кеңес беру;
• оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, оқу үрдісіне жаңа әдістемелер мен оқытудың техникалық құралдарын енгізу;
• жекелеген ұтқырлық бағдарламаларын іске асыру нәтижелері туралы есептерді қарастыру және университеттің басшылығына келісу үшін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша ұсыныстар беру;
• университет құрылымдық бөлімдерінің халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуы үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсету;
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне аналитикалық-ақпараттық материалдарды және есептерді дайындау;
• шетелдік студентерді оқуға қабылдау бойынша жұмыстар атқару;
• шетелдік студенттердің елдерінің елшіліктерімен өзара қарым-қатынасты дамытуды қамтамасыз ету;
• университетте академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастыру;
• университет ресми сайтындағы «Академиялық ұтқырлық» бөлімінің ақпараттармен толықтырылып тұруын қамтамасыз ету;
• академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру үшін қажетті негізгі ережелер мен ECTS түсіндіру бойынша семинарлар өткізу;
• академиялық ұтқырлықты қолдауға бағытталған бағдарламалардың қажетті сапасын қамтамасыз ету;
• университет басшылығына тұрақты түрде аналитикалық материалдарды дайындау;
• М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың даму стратегиясында қарастырылған 2016-2019 жылдарға арналған міндеттерді орындау, жүзеге асыру.

БӨЛІМНІҢ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
- бөлім академиялық ұтқырлыққа студенттер мен оқытушылардың контингетін қалыптастыру үшін және академиялық ұтқырлық арқылы студенттер мен оқытушыларды қабылдауда факультеттермен және кафедралармен өзара әрекет етеді.
- бөлім студенттердің академиялық тарихы туралы ақпаратты қалыптастыру және оқу-әдістемелік материалдармен алмасу бойынша Тіркеу офисымен өзара әрекет етеді.
- бөлім студенттерді есепке алу және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімдерімен академиялық ұтқырлықта құжаттама бойынша өзара әрекет етеді.
- Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы (ЖАТО) БПЖАҰБ-ң өтінімімен бейне таратулар мен видеоконференциялар ұйымдастыру үшін аудио және видеоматериалдар дайындайды;
- оқу процесіне ECTS ендіру үшін ортақ әдістемелік құжаттамаларды дайындауда бөлім Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаментімен өзара әрекет етеді.
- бөлім факультеттердегі академиялық ұтқырлық координаторларымен бірігіп жұмыс істейді.
- бөлім академиялық ұтқырлық бойынша құжаттамаларды рәсімдеуде ұйымдастыру-мамндар жұмысы жөніндегі бөлімімен өзара әрекет етеді.
- бөлім жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетімен магистранттар мен докторанттардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру бойынша өзара әрекет етеді.
- БПжАҰБ көптілді білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімдерімен үміткерлердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы үшін шет тілдерін оқытуды ұйымдастыру бойынша өзара әркеттеседі.

Top