Комплаенс-қызмет
Құрметті оқырман!
«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» комерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметінің парақшасына қош келдіңіз!
«Compliance» ағылшын тілінен аударғанда «сәйкестік» дегенді білдіреді, «to comply» - сәйкес болу етістігінен шыққан.
«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» комерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі-Қоғам) жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі (бұдан әрі-Комплаенс-қызметі) Қоғам қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
Комплаенс-қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді.
Комплаенс-қызметінің негізгі міндеттері сыртқы нормативтік талаптар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша озық халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және қайта бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді жүзеге асыру болып табылады.
Комплаенс-қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығы), Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандартына
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2020 жылғы 4 мамырдағы № 174 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзге де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері және университеттің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Ұсыныстар мен консультациялар алу үшін немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша хабарламамен Тараз қаласы Сулейманов көшесі, 7-үй, №1.2.107-кабинетінде орналасқан Комплаенс-қызметінің кеңсесіне хабарласуға болады.
Байланыс жасайтын тұлғаның өтініші бойынша біз 100% анонимділікке кепілдік береміз!
Университет қонақтарына, студенттеріне және қызметкерлеріне арналған комплаенс қызметі барлық нысандарда ақпараттық парақшаларды орналастырды.
Біздің байланыс телефонымыз: 8(7262) 51-00-12
Қабылдау графигі аптаның әр бейсенбі күні сағат 10.00-ден сағат 12.00-ге дейін
Біздің адрес
Сатпаева 28а
Корпус: 6.1
Кабинет: 6.1.207
Должность: Бас маман