![]() |
ЖАНҚУАНЫШЕВ МӘРТЕБЕ ҚҰТТЫҚИЯҰЛЫ Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-72-53 |
ҒЗЖ ұйымдастыру және үйлестіру бөлімі (ҒЗЖҰҮБ) М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ғылым және технологияларды коммерцияландыру басқармасының бөлімшесі болып табылады
ҒЗЖҰҮ бөлімі меншіктің түрлі түріндегі ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру үрдістерін терең ұғыну және ғылыми негіздеуге, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ғылыми және практикалық қызметтің өзара байланысын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
ҒЗЖҰҮБ негізгі міндеттері:
* ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруда университеттің құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс - қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
* жасаушылардың зияткерлік меншігін және авторлық құқығын қорғау арқылы ЖОО ғылымын нығайту және дамыту үшін жағдай жасау;
* университет ғалымдарының және басқа да жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми, жобалық, тәжірибелік-конструкторлық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың ғылыми-техникалық жетістіктерін насихаттау;
* университет қызметінің бейіні бойынша оқу және ғылыми мекемелермен, шет елдердің өндірістік фирмаларымен халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту;
* оқытушылар мен білім алушыларды ғылыми қызметке тарта отырып, университет кафедраларында оқу жұмыстарымен ғылыми зерттеулердің тығыз байланысын орнату;
* білім беру, ғылыми және инновациялық үдерістерді интеграциялау негізінде университеттің ғылыми-зерттеу саласындағы инновациялық және халықаралық қызметін дамыту;
* оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді ғылыми-инновациялық қызметке тарту;
* студенттік инновациялық құрылымдарды дамыту;
* университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
* конкурстар, семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу.
ҒЗЖҰҮБ негізгі функциялары:
* ТарМУ ҒЗЖ тақырыптық жоспарында қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауды ұйымдастыру және тиісті білім саласы бойынша олардың даму перспективаларын анықтау;
* зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің әдістері мен құралдарын таңдау, қойылған міндеттерді шешу жолдары;
* бөлімшенің перспективалық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу және оларды университет басшылығына ұсыну;
* жоспармен қарастырылған тапсырмалар мен шарттық міндеттемелерді орындау;
• студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының тақырыптарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
* ҚР ғылыми-технологиялық кешенінің перспективалық, басым бағыттары бойынша ТарМУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйлестіру;
* ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында кафедра арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
* перспективалық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.
ҒЗЖҰҮБ құрамы:
ҒЗЖ және СҒЗЖ секторы;
патенттер және метрология секторы;
Университетте ғылыми зерттеулер бағыттардың кең спектрімен сипатталады және іргелі, қолданбалы және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтиды. Университет оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы келесі түрлерге бөлінеді: университеттің тақырыптық жоспарына сәйкес орындалатын және ПОҚ жеке жоспарларының құрамына кіретін іздестіру-инициативтік; республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ кәсіпорындармен және ұйымдармен шаруашылық шарттар негізінде қаржыландырылатын; халықаралық шарттар шеңберінде орындалатын және халықаралық ұйымдармен қаржыландырылатын.
Қазіргі уақытта университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары 2018-2021 жылдарға арналған ҒЗЖ бекітілген жоспарына сәйкес 15 ғылыми бағыт бойынша жүргізіледі, ол 104 бастамашылық-іздестіру тақырыптарын біріктіретін, Жамбыл аймағы мен республиканың экономикалық, экологиялық, техникалық-технологиялық, әлеуметтік, білім беру, заңдық және басқа да өзекті мәселелерін шешуді қамтиды. Олардың 2 - і іргелі, 92 – і қолданбалы және 10-ы тәжірибелік-конструкторлық болып табылады. Университеттің ғылыми-зерттеу қызметі 7 факультетте, 42 кафедрада, 2 ғылыми-зерттеу институттарында, 10 ғылыми-зерттеу орталықтарында және 1 инженерлік бейіндегі ғылыми-зерттеу зертханаларында жүзеге асырылады.