23-24 сәуір күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Химия» кафедрасының ұйымдастыруымен «B053-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік Олимпиада өтті.

Олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде студенттер теориялық білімдерін, ал екінші кезеңде эксперимент жасау арқылы білімдерін көрсетті.

олимпиада1111

Жарыс қорытындысы бойынша «Технологиялық» факультет, «Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс студенттерінен құралған «Триумф» командасы жүлделі 3 орынды иеленді. Топ құрамы: Каримбаева Жанбике, Жиенбаева Айгерим, Максетова Асал.

Сондай-ақ, Каримбаева Жанбике қазылар алқасының шешімі бойынша үздік көрсеткіші үшін жүлделі 3 орынға ие болды.

Шын жүректен студенттерімізді және олардың жетекшілері Нұрлыбаева А.Н., Сейтбекова Г.А., Алтынбекова Д.Т. жеңістерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

олимптиада2222

 

 

Top