ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» КАФЕДРАСЫ
Қызметі Кафедра меңгерушісі м.а., магистр
Ғылыми дәрежесі магистр
E-mail Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы корпус 503 , ауд. 313
Мақсаты: «Физика және ІТ» кафедрасының негізгі мақсаты ғылыми және білім беру саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Осының негізінде білім беру бағдарламаларының миссиясы қоғам мен мемлекеттің жаңа буынның ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы адами және ғылыми ресурстарымен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар білім мен ғылымның ішкі жүйелерін қамтитын Қазақстанның инновациялық экономикасының тұрақты дамуына тұрақты қолдау көрсетуге бағытталған.
Білім беру бағдарламалары еңбек нарығындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жасалады. Жұмыс берушілердің айтуынша, білім беру бағдарламасы білім саласында қажетті білімі бар мамандар даярлауға бағытталған.
Сонымен қатар ағылшын тілін білетін, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіптік қызметті келесі бағыттарда жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті физика және информатика мұғалімін даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру; білім алушыларда физика және информатика саласында жүйеленген білімді қалыптастыру; қазіргі заманғы деңгейде физика және информатика сабақтарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; ғылыми зерттеулерді, жобаларды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру.
«Физика және ІТ» кафедрасына қарасты «Механика», «Молекулалық физика», «Оптика», «Атом және ядролық физика», «Радио-электроника» оқу лабораториялары, «Мектеп экспериментінің техникасы» оқу-өндірістік шеберханасы қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.Лабораториялық жұмыстарды орындауға қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар университет кітапханасында жеткілікті және оқу залында бірнеше данадан қойылған.
Бакалавриат
6В01502 – «Физика мұғалімдерін даярлау»;
6В01503 – «Информатика мұғалімдерін даярлау»;
6В01510 – «Физика және информатика мұғалімдерін даярлау»;
Магистратура
7М01502 – «Физика педагогтерін даярлау»;
7М01503– «Информатика педагогтерін даярлау»;
Докторантура
8D01502–«Физика педагогтерін даярлау»
Қызметі: доцент, профессор
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
E-mail: t.bizhigitov@dulaty.kz
Қызметі: доцент, профессор
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
E-mail: k.zholdasova@dulaty.kz
Қызметі: доцент
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
E-mail: es.musabekov@dulaty.kz
Қызметі: доцент
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
E-mail: bzh.kushkimbaeva@dulaty.kz
Қызметі: доцент
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
E-mail: ssh.egemberdieva@dulaty.kz
Қызметі: Қауымдастырылған профессор, PhD
E-mail: gt.erkebulan@dulaty.kz
Қызметі: оқытушы,лаборант ассистент
E-mail: at.nurberdiev@dulaty.kz
Қызметі: лаборант ассистент
- М.Танк атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университеті;
- Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
- Ж. Жабаев атындағы №5 мектеп-гимазия (практика базасы);
- Облыстық біліктілікті арттыру институты;
- К.Тұрысова атындағы №53 мектеп-гимназия;
- Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп.
Білім беру бағдарламасының іске асырылуы түлектердің максималды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының еңбекақысы артып, Педагог мәртебесі көтеріліп келеді. Осыған байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді.
«Информатика» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикаллық бағыты) – информатика пәнінің мұғалімі;
- информатика және ақпараттық технологиялар саласының маманы;
- өндірістік-технологиялық бағыты – программист;
- ұйымдастыру-басқармалық бағыты – компьютерлендіру менеджері;
- ғылыми-зерттеу саласында ғылыми қызметкер;
- Web-бағдарламалаушы, IT-технологиялардың маманы;
- басқару мекемелері, банктер, бизнес құрылымдары, мәліметтер қорын жобалаушы
«Физика» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, жүргізуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:
- орта білім беру ұйымдары;
- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;
- білім бөлімдері мен басқармалары;
- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Қызметі: доцент, профессор
Ғылыми дәрежесі: Физика-математика ғылымдарының кандидаты
E-mail: k.zholdasova@dulaty.kz