СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІ
Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру бөлімнің басшысы
Телефон:
E-mail:
Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60
Бөлімнің негізгі мақсаты университеттің даму бағдарламасы мен іс-шаралар жоспарын іске асыру үдерісін әзірлеу, үйлестіру, мониторингтеу, университеттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсерін азайту және шектеу болып табылады.
Бөлімнің қызметі 2 негізгі бағытта жүзеге асырылады:
- Университеттің даму бағдарламасын және даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сүйемелдеу, үйлестіру және іске асыру процесін мониторингілеу;
- Даму бағдарламасында және басқа да заңнамалық құжаттарда айқындалған университет қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсерін азайту және шектеу, университеттің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және кемшілік салдардың алдын алу.
- Университеттің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының ҚР ҒЖБМ-нің стратегиялық мақсаттарына және Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкестігін үйлестіру;
- Университеттің даму бағдарламаларының мақсаттары, оның әлеуетті мүмкіндіктері мен сыртқы ортаның жай-күйі арасындағы стратегиялық сәйкестікті құруға және қолдауға бағытталған стратегиялық жоспарлаудың теңгерімді жүйесін ұйымдастыру.
- Ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық менеджменттің заманауи шараларын қолдану арқылы университеттің басқару тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеуді ұйымдастыру.
Бөлімнің қызметі келесі міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
- Университеттің орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған даму бағдарламаларының іс-шараларын жоспарлау және жобалау процесін ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру.
- Ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға, жедел басқаруға және олардың орындалуын бақылауға бағытталған қызмет бағыттары бойынша (құры лымдық бөлімшелермен бірлесіп) университетті дамытудың стратегиялық бағдарламаларын қалыптастыру.
- Іздеудің, дамытудың тиімді механизмін дамытуды қалыптастыру және университет қызметінің түрлі бағыттары бойынша перспективалы Стратегиялық жобаларды дайындау.
- Барлық бөлімшелердің стратегиялық жоспарларын үйлестіру арқылы берілген миссияға сәйкес стратегиялық мақсаттарды жоспарлау және іске асыру жүйесін идеологиялық қолдау.
- Құрылымдық бөлімшелердің жиынтық есептеріне мониторинг жүргізу және университет стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалмау себептерін талдау, сондай-ақ оларды еңсеру бойынша ұсынымдар әзірлеу.
- Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарының мониторингін қадағалау.
- Университеттің ұйымдық құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру, басқару жүйесін жаңғырту.
- Университеттің даму бағдарламаларының ағымдағы жай-күйі, даму динамикасы, іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты жинауды, жинақтауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асыру.
- Университеттің даму бағдарламалары іс-шараларының орындалу тиімділігін бағалау және университеттің ішкі және сыртқы ресурстарын пайдалану, оның нәтижелері бойынша талдамалық есептілікті дайындау және анықталған ауытқулар бойынша түзету іс-шараларын әзірлеу.
- Университеттің стратегиялық дамуын іске асыру мониторингі үшін қажетті материалдарды белгіленген мерзімде құрылымдық бөлімшелерден беруді бақылау.
Лауазымы: менежджер
Телефон: +7 (747) 911 04 91
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: г. Тараз қ., Төле би көшесі, 60