ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
Байланыс нөмірлері: 8 (7262) 51-00-66
Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16а
«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті таңдаған спорт түрлері бойынша спортшылар және дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдерін дайындаумен қатар бәсекеге қабілетті, заман талабына сай, сапалы білім мен саналы тәрбиені жоғары деңгейде қамтамасыз ететін жаңа буын педагогтарын даярлайтын
университеттің іргелі құрылымдық бөлімі болып табылады.
2006 жылдың тамыз айында педагогика факультетінен бөлініп, «Шығармашылық мамандықтар», 2015 жылы «Спорт және өнер» факультеті болып құрылды, 2023 жылы факультет «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» болып өзгертілді..
Факультеттің 3 кафедрасы 3 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды, олар:
1) «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасы келесі БББ бойынша:
6В01405 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау».
6В01407 - «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау».
Түлектер мына төмендегі орындарда қызмет атқара алады:
- білім беру саласындағы және қоғамдық ғылымдар саласындағы оқытушы, колледж;
- орта мектеп мұғалімі;
- мектептердің (гимназиялар, лицейлер, техникумдар, колледждер) инспекторы;
- кәсіби бағдарламалар бойынша әдіскер (тренингтер, қайта даярлау және біліктілікті арттыру);
- білім беру мәселелері және кәсіби қызмет мәселелері жөніндегі кеңесші;.
2) «Спорт пәндерінің әдістемесі» және «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедралары келесі БББ бойынша:
6В01421 – «Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет».
Түлектер мына төмендегі орындарда қызмет атқара алады:
- орта мектеп мұғалімі, дене шынықтыру және спорттық туризм оқытушысы, колледж;
- ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі, дене шынықтыру, спорт мектебінің және фитнес нұсқаушы-әдіскері;
- дене кемістігі бар тұлғалар үшін оқытушылар;
- жаттықтырушы;
- спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы;
- спорт төрешісі.
Факультеттің негізгі миссиясы кәсіптік педагогикалық білім беру кезеңдерінің сабақтастығы мен сабақтастығы қағидаттарын жүзеге асыру мақсатында бір бейінді білім беру мекемелерін: мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді, жоғары оқу орындарын, педагогикалық кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру мекемелерін біріктіруді мақсат етеді.
Факультет ғылыми-педагогикалық кадрлармен және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Профессорлық-оқытушылық құрамында профессорлар, доценттер, ғылым кандидаттары, халықаралық дәрежедегі тренерлер, спорт шеберлері, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері бар.
Факультет деканы
педагогика ғылымдарының магистрі
Байланыс телефоны: 8-775-937-5687
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, 5.4-206
Сұрақ қоюОқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары
т.ғ. магистрі
Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-00-66
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, 5.4-206
Деканның ғалыми жұмыс жөніндегі орынбасары
педагогика және психология магистрі
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, 5.4-206
Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Өнер және спорт факультетінің кәсіподақ жетекшісі
Ұялы телефоны: 8-707-213-12-07
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Мекен-жайы: Тараз қаласы Төле би 60. 2.4. 302
«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртіпке сай. Факультетте 2 оқу ғимараты, 1 жатақхана, спорт залдар, арнайы аудиториялар бар.
Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық»факультетінің базасында:
1 Арнайы тактикалық кабинет;
1 Электронды оптикалық автоматпен ату лабораториясы;
2 стадион;
5 спорт зал;
5 ойын алаңдары;
2 гимнастика залы;
2 бокс залы;
3 тренажер залы;
2 күрес залы;
3 үстел теннис залы;
1 Street Workout алаңы;
1 «Гамбит» шахмат клубы бар.
Университеттің спорттық базаларында спорттың 15 түрінен 32 спорттық үйірмелер жұмыс атқарады.
6В01405 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің жетістігі:
2019-2020 оқу жылында Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша өткен Республикалық пәндік олимпиададан I орын игері;
2020-2021 оқу жылында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша өткен Республикалық пәндік олимпиададан II орын игері;
2021-2022 оқу жылында Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша өткен Республикалық пәндік олимпиададан II орын игері.
6В01421 – «Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет» білім беру бағдарламасы бойынша мақтаныштарымыз:
Сибирякова Яна Александровна 3 курс.Жеңіл атлетика/Халықаралық дәрежедегі спорт шебері КГКП Спорт клуб ЛОФВ УФК И С
Руслан Равильевич 3 курс. Велоспорт/Спорт шебері, КГУ ОСДЮСШ N4
Чауаш-оглы Ахмед Дурсунович3курс. Армрестлинг/Спорт шебері,Спортивная школа №1
Ан Максим 3 курс. Таеквондо/Спорт шебері, Спортивный клуб ДЖОН
Мұхтар Санжар 3 курс Еркін күрестен/ Спорт шебері, «Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубы.
Каратаев Тимур3 курс. Кигбоксинг / Спорт шебері, «Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубы
Джуамуратов Нурлан3 курс. Каратэ-до Шотокан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубы
Сағындыкова Мейірім 3 курс. Каратэ-до Шотокан, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубы
Домнина Дарья Александровна 1 курс. Жүзуден Республикалық турнир жеңімпазы
Царёв Михаил Константинович 2 курс. Жүзуден Универсиада жеңімпазы.
Сауханбек Бибарыс Кенжежанұлы 4 ус. Кик-бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері, Бангкок 2022ж.Кик-бокстан ҚР Кубогының І-орын иегері, Атырау 2023 ж.
Кияшова Әдемі Ерланқызы 3ус Волейболдан ҚР чемпионатының жүлдегері
Жарасқызы Жібек Қазақстан Республикасы 5-Жастар спорт ойындарында бокстан III-орын иегері.т.б.
Нұрлан Сәкенұлы Ақүрпеков бокстан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық Д. Шопоков турнирінің жеңімпазы (1994 ж.), КСРО-ның қарулы күштерінің біріншілігінің жеңімпазы (1986 ж.). М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры»,бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР дене шынықтыру және спорт Құрметті қайраткері. Нұрлан Ақүрпеков бокспен 1983–1994 жылдар аралығында шұғылданған. 1992 жылдан бері Тараз қаласындағы Гидромелиоративті институтында жатықтырушылықпен айналысады.
Нұрлан Ақүрпеков Афинада өткен Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы - Бақтияр Артаевтың жеке бапкері. Нұрлан Сакенұлы басқа да топ жарып жүрген спортшылардың жаттықтырушысы, олар Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл. Қазіргі таңда «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас жаттықтырушысы болған.
Серік Керімбекұлы Қонақбаев - Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмысы жөніндегі вице-президенті.
Қрықпай Ғалымжан – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3- курс студенті. Дзю-до күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР ЖОО студенттерінің ІХ- жазғы универсиадасының қола жүлдегері (2017 ж.). Республикалық «Халық Барысы» турнирінің қола жүлдегері(2019 ж.). . ҚР ЖОО студенттерінің Х- жазғы универсиадасының қола жеңімпазы. Италияның Наполи қаласында өткен ХХХ-жазғы Бүкіләлемдік универсиадасының, абсолюттік біріншілікте жеңімпазы (2019 ж.).. ҚР Қазақ күресінен күрес клубтары арасындағы алғашқы чемпионатының жеңімпазы (2019 ж.).
Жапаров Руслан – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі. Таеквондодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесіРио-Де-Жанейрода өткен олимпиадасына қатысушысы. Рио-Де-Жанейрода өткен олимпиадасының ҚР туын ұстаушы (2016ж.). Азия чемпионатының күміс жүлдегері ( Хо-ши-мин 2018 ж.). Азия ойындарының қола жүлдегері (Индонезия 2018ж.)
Әбілхан Бекмұратұлы Аманқұл - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің В16 ФКС тобының студенті. Бокстан ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР чемпионатының жеңімпазы (Павлодар қаласы 2017ж.), Азия чемпионатының жеңімпазы (Ташкент 2017 ж.), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Гамбург 2017 ж.), (2017 жылы Гамбургте өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 Әуесқой бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері. «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының мүшесі, Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының жеңімпазы (2017ж). XVIII – Азия ойындарының күміс жүлдегері (Индонезия 2018 ж.). Токио 2020 олимпиада ойындарының қатысушысы.
Шымбергенов Асланбек – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің В15 ЮП тобының студенті. ҚР спорт шебері. Бокстан ҚР құрамасының мүшесі. Азия чемпионатының қола жүлдегері (Ташкент 2017 ж.), ҚР чемпионатының жеңімпазы (Шымкент 2017 ж.), ҚР үздік боксшысы – 2017 ж., «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының мүшесі, Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының жеңімпазы (2017ж). XVIII – Азия ойындарының күміс жүлдегері (Индонезия 2018 ж.).
Ысқақ Елдос - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Заң факультетінің» студенті. Таеквондодан ҚР ересектер құрама командасының мүшесі. VII-Унитверсиадасының жеңімпазы (2013 ж.). VIII-Унитверсиадасының жеңімпазы (2015 ж.). ҚР IX-Унитверсиадасының 1-ші орын иегері (2017 ж.). Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Азия ойындарына қатысушы (Индонезхия 2018ж.) ҚР спартакиадасының жеңімпазы (2019 ж.).
«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары «Алғашқы әскери дайындық», «Дене шынықтырудың теориясы», «Дене шынықтырудың әдістемесі» салалары бойынша заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындап, білім және спортпен ғылымды ұштастырып, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары саласында іргелі, зерттеу және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған.
Факультеттің ҒЗЖ өз алаңында белсенді ПОҚ және зерттеуге, жобалық қызметке дайын талантты жастарды біріктіреді. Соңғы жылдары факультеттің ПОҚ ғылыми еңбектері арта түсуде. ПОҚ және студенттерінің ғылыми мақалалары Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бекіткен ғылыми журналдарында және көптеген халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарық көруде.
Әдістемелік жұмыс – бұл өндірістік үдерісті оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушыларды педагогикалық шеберліктерін арттыруға, оқушылардың сыныптық және өзіндік жұмыстарын жетілдіруге, өндірістік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жағдайы мен даму перспективаларын ескере отырып, оқу жұмысының барлық формаларын, түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған шаралар кешені, ол үшін университет мамандарды дайындайды.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қолайлы жағдайлар жасау. Факультет деңгейінде факультеттің бағыттары бойынша мамандар дайындауға байланысты факультеттің әдістемелік қызметі және кафедра аралық ауқымы жүзеге асырылады.
Оқу-әдістемелік жұмыс пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, ҒӘБ енгізу нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды енгізуге, оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған және мыналарды қамтиды:
- мамандарды даярлау бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- жаңадан енгізілген пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын құру, қолданыстағы бағдарламаларды қайта қарау;
- жаңа зертханалық жұмыстарды құру және жаңарту;
- студенттердіңбілімінбақылауғаарналғаноқуматериалдарынәзірлеу;
- пәндерді оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету карталарын құру;
- кафедра меңгерушілерінің сабақты бақылауы: сабаққаөзара бару, демонстрациялық, ашық және сынақ сабақтарына қатысу;
- оқу үдерісіне қажетті оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу;
- өндірістік практиканы әдістемелік қолдау, олар үшін жеке тапсырмалар пакетін әзірлеу;
- ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін, жаңа ақпараттық оқыту технологияларын оқу процесіне енгізу;
- студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік қолдау дайындау.
«Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінде тәрбие үрдісінің түрлі бағыттары бойынша көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылады. Студентерге арналып түрлі тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар; жастар акциялары; флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер; түрлі шығармашылық жанрдағы байқаулар (ән-би байқаулары, жатақхана бөлмесінің үздік безендірілген үлгісі, студенттік үздік тағам, т.б.); спорттық жарыстар, спартакиадалар; балалар үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық акциялары; көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессиялар өкілдерімен, телеарна және республикалық, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, жазушылармен, әртістермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылып отырылады.
Факультеттің тәрбие жұмысының жоспары университетіміздің жаңа оқу жылына арналған тәрбиелік жұмыс жоспарының негізінде құрастырылып, бекітілді.
Факультетте жалпы 1988 студент білім алады. Оның ішінде:
1 – ші курста – 348 студент;
2 - ші курста – 739 студент;
3 - ші курста – 560 студент;
4 - ші курста – 341 студент;
Олардың ішінде шетелден келіп оқитын студенттер: 23
- Түркменстаннан келіп оқитындар бойынша 2 студент;
- Өзбекстаннан келіп оқитындар бойынша 16 студент;
- Қытай Халық Республикасынан келіп оқитын 4 студент
- Ресей федерациясы 1 студент.
Жалпы академиялық топтар саны –85; Жалпы кураторлар саны – 60
Факультеттің тәрбие жұмысының мақсаты: - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.
Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отан сүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 7 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.
Тәрбие жұмыстарының негізгі функциялары:
- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
- жоспарлардың тұжырымдамаларын және т.б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
- Академиялық топ кураторларының және факультеттің студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
- Факультеттің, кафедралардың, студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
- Кураторлар кеңесінің, Факультеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
- Студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
- Факультеттің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Тәрбие жұмыстары 7 бағыт бойынша жүргізеледі:
- Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
- Жастар саясаты;
- Азаматтық – патриоттық тәрбие;
- Рухани – адамгершілік тәрбие;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық тәрбие;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Студенттердің шығармашылығын дамыту;
- Студенттік жатақхана жұмысы.