ТОЛҚЫНБАЕВ ТЕМІРХАН ӘНӘПИЯҰЛЫ

DSC 6226 (1)М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры міндетін атқарушы техника ғылымдарының докторы, профессор.
Ресей сәулет және құрылыс ғылымдары Академиясының шетелдік мүшесі, Халықаралық Инженерлік Академия (Мәскеу қаласы), Ұлттық Инженерлік Академия және Ұлттық Жоғары Мектеп Академияларының Академигі.

1984 жылы Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын (қазіргі - М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті) үздік белгімен бітірген. Мамандығы инженер –құрылысшы.

2005 жылы Қазақ – Америка еркін университетін бітірген. Мамандығы- заңгер.

Институтты бітіргең соң еңбек жолын Қызылорда облысындаы Түркістан совхозының құрылыс цехында жұмысшы болып бастады.

1985-2000 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік–құрылыс институтында (М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде) кіші ғылыми қызметкер,ассистент, аға оқытушы, доцент,деканның орынбасары, факультет деканы.,профессор болып қызмет атқарды.

1987-1991 жылдары В.В. Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының ізденуші – оқытушысы, күндізгі бөлім аспиранты болып саналды.

1992 жылғы наурызда В.В. Куйбышева атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының арнайы Кеңесінде техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

1997-1999 жылдары Мәскеу Мемлекеттік Құрылыс Университетінің докторлық диссертациясын аяқтау үшін ғылыми тағылымдамадан ( докторантура) өтті.

1999 жылы 2 шілдеде мерзімінен бұрын (38 жасында) Томск Мемлекеттік Сәулет - Құрылыс Университетінде техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады.

2000-2001 жылдары Қазақ Мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында профессор, кафедра меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2001-2004 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университетінің құрылыс-сәулет институты директоры лауазымын атқарды.

2004-2007 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Жетісу институты жанындағы білікті жетілдіру институтының директоры болып қызмет атқарды.

2008-2014 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы және қосымша Ректордың кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2014-2016 жылдары «Астана» Университетнің проректоры,бірінші проректоры, Ректоры болып қызмет атқарды.

2016-2019 жылдары «Тұран-Астана» Университетінің ғылым жұмыстары және халықаралық байланыстар,стратегиялық даму, ғылым және инновация жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды.

2019 жылғы 26 тамыздан бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати« атындағы Тараз мемлекеттік университеті Ректорының кеңесшісі болып қызмет атқаруда.

2020 жылғы 01 ақпаннан бастап М.Х. Дулати« атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Бірінші проректоры міндетін атқарушы болып қызмет атқаруда.

Профессор Т.Ә. Толқынбаев құрылыс саласындағы белгілі ғалым. Оның тікелей қатысуымен қыскы жағдайдағы біртұтас ғимараттар тұрғызудағы бетон жұмыстарының сапасын бақылау және оның технологиясын жетілдірудің ғылыми бағдары құрастырылған. Тікелей жетекшілігімен 3 докторлық, 5 кандидаттық және 18 магистрлік диссертациялар даярланған.

Профессор Т.Ә. Толқынбаев 300-ден астам ғылыми және оқу- әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде 2 монография Мәскеу қаласында жарық көрген. 3 монография, 2 оқулық және 22 оқу құралы жарияланған. 6 жаңалыққа алдын-ала патент алған.

Т.Ә.Толқынбаев Шығыс Қазақстан және Алматы областары әкімдігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі, ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сараптау кеңесініңмүшесі, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰҮ докторлық диссертация қорғау кеңесініңмүшесі болып қызмет атқарды.

Т.Ә.Толқынбаев сәулет-құрылыс және дизайнлерлік мамандықтар бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің докторлық диссертация қорғау кеңесінің(Челябі қ.),«Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің хабаршысы» журналының редколлегия,ҚР БҒМ « Ізденіс» халықаралық ғылыми журналының мүшелері болып табылады.

ҚР БжҒ Министрлігі «Ғылымды дамытуда атқарған еңбегі үшін», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төс белгілерімен, Астана қаласы Әкімі және Сарыарқа ауданы «Нұр Отан» филиаалының Алғыс хаттарымен және Туризм индустриясы комитеті төрайымының және ЕҰҮ Ректорының Құрмет Грамоталарымен марапатталған.«2009 жылғы ЖОО- үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері. «Қазақстанның құрметті құрылысшы» төс белгісінің иегері. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Отбасылы.Зайыбы- Байхожаева Бахыткүл Ұзаққызы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰҮ кафедра меңгерушісі. Екі қыздың әкесі.

Top