МҰСАЕВ САБЫРЖАН АЛТЫНБАЙҰЛЫ

mysaevМ.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты.

Мұсаев Сабыржан Алтынбайұлы 1967 жылы Жамбыл облысы Луговой ауданының Құлан ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтын гидромелиорация жұмыстарын механикаландыру және 2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1983 жылы Луговой ауданының «Восток» колхозының ветеринарлық санитарынан бастады.

Ауғаныстан Республикасында 1985 жылдың қарашасынан 1987 жылдың желтоқсан айына дейін шектелген әскери контингент қызметі құрамында болған уақытта үш жауынгерлік төсбелгімен марапатталған. Ауған соғысының ардагері.

Жоғары жауапкершілігі, еңбекқорлығы мен іскерлігімен ерекшеленіп 1990-1995 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының /қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті / студенттер кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды.

Кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі ескеріліп 1995-1998 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды. 1998-2000 жылдар аралығында аспирантурада оқыды. 25.00.36 - «Геоэкология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2001 жылы Дулати университеті күзет қызметінің бастығының орынбасары, 2008 жылы күзет қызметінің бастығы қызметтерінде жұмыс істеп, 19.08.2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі проректордың қызметін абыроймен атқаруда.

Мемлекетіміздің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «От благодарного афганского народа», «70 лет Вооруженным Силам», «Ветерану войны в Афганистане» медальдарымен, КСРО Жоғарғы Кеңес Президиуымының Грамотасымен, «За активную работу в студ.отряде» және «Участнику ликвидации последствий землетрясения в Восточно-Казахстанской области» ЦК ВЛКСМ белгілерімен марапатталды.

Top