


Ағымдағы жылдың 20 мен 22 сәуір аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының базасында оқытушылар құрамымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-мен бірлескен, Тараз қаласында алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың 25 оқытушы-ұйымдастырушыларына кезекті біліктілікті жоғарылату курстары өткізілді.


