ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ ОРТАЛЫҒЫ

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ» ОРТАЛЫҒЫ

УСЕНОВА САНДУГАШ МЕЙРАМБЕККЫЗЫ

УСЕНОВА САНДУГАШ МЕЙРАМБЕККЫЗЫ

Орталықтың аға үйлестірушісі

Психология магистрі, «ҚР ЖОО үздік оқытушысы - 2018» атағының иегері

Телефон: 8 (705) 998-80-16

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көш. 60, 2.6-100/A


РАХЫМБАЙ ЕРЖАН ЖАНҒАЛИҰЛЫ

Қызметі: Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығының (үйлестіруші) маманы

Байланыс телефоны: +7 700 245 99 14

E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көш. 60, 2.6-100/A

Қызмет бағыты

Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ  2016 жылдан бастап инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келеді. Университетте 2016-2017 оқу жылында мүмкіндіктері шектеулі 20 студент және 2 магистрант білім алса, 2017-2018 оқу жылы 34 студент, 2018-2019 оқу жылында 43 студент, 2019-2020 оқу жылында 61 студент, 2020-2021 оқу жылында 51 студент білім алуда 2018 жылы қаңтар айында Университет ректорының бұйрығымен «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығы ашылды.

ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ:

Мүмкіндігі шектелген студенттерді  сүйемелдей отырып, көмекші бағдарламамен қамтамасыз ету. Арнайы әдебиеттермен қамсыздандырып, ғимаратқа кіруге, оқу материалдарына, дәрістерге, тесттер мен емтихандарға студенттер үшін барынша оңтайлы түсінікті тұрпатта қолжетімділік орнату және ЖОО-дағы білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы білім беруге қолжетімділік деңгейін жоғарылату бағытында жағдай жасау. 

Орталықтың аға үйлестірушісі С.М.Үсенова инклюзивті білім беру бойынша Түркияның Арел университетінде және Берлин (Германия), Москва (Ресей), Бішкек (Қырғыстан) және Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Қарағанды, Шымкент қалаларында өткен біліктілікті жоғарылату курстарын тәмамдаған.

Қазіргі таңда университетте «Инклюзивті білім берудің  психологиялық-педагогикалық қолдауы» 11.01.2017. ережесі қолданысқа еніп, мүмкіндіктері шектеулі студенттерді жалпы білім беретін ортада бірігу нысандары анықталып, ЖОО-да мүмкіншіліктері шектеулі студенттерді қолдау орталығы туралы ережесі әзірленді. «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетіне «Инклюзивті білім беру негіздері» пәні енгізілді. Инклюзивті білім беру бойынша кітаптарға тапсырыс берілді.

Сертификаттар мен дипломдар

Жетістіктер

Loading...

Top