ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ

Орталықтың миссиясы - заманауи әдістер мен құралдарды қолдана отырып кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау.
Орталықтың мақсаты - экономикалық дамуға және өркендеуге ықпал ететін білімдері мен кәсіпкерлік дағдылары бар мамандарды даярлаудың аймақтық көшбасшысы болу.
Құндылықтар:
- білімді құру, сақтау және тарату культіне негізделген университеттік дәстүрлер;
- кәсіпқойлық;
- оқытудың озық әдістері мен құралдары;
Орталықтың стратегиялық бағыттары:
- кәсіпкерлік білім берудегі көшбасшылық - инновациялық қабілет және кәсіптік дағдыларды қалыптастыру үшін оқыту мен консультациялық процестердің сапасы;
- инновациялар диффузиясындағы көшбасшылық - кәсіпкерлік білім беру саласындағы іс-әрекеттің кеңдігі, инновацияларды жинақтау және тарату, оның ішінде ғылыми-техникалық білімді беру және инновациялық идеялар мен өнімдерді алға жылжыту арқылы.
Орталықтың мақсаттары:
- студенттердің инновациялық және кәсіпкерлік дағдыларын нығайту, кәсіпкерлік жіне инновациялық жүйелер бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар студенттерге, оқытушыларға және барлық жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған тренингтер / семинарлар мен бизнес-кеңестер өткізу;
- жаңадан бастаған кәсіпкерлердің өз бизнесін жүргізу қабілетін бағалау және жаңа бизнес-идеяларды ұсыну бойынша инновациялық құзыреттіліктерін бағалау әдістемесін енгізу;
- тәлімгерлік институтын құру және дамыту;
- аймақтағы және елдегі инновация мәдениетін арттыру;
- инновациялық кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтарды оқытумен айналысатын барлық аймақтық құрылымдармен Орталықтың күш-жігерін шоғырландыру;
- педагогиканың инновациялық әдістерін қолдану және тарату;
- ұлттық және халықаралық ұйымдармен, қорлармен және бағдарламалармен өзара әрекеттесу арқылы оқытушылар мен студенттердің іскерлік білімін нығайтуға ықпал ететін бірлескен халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысу;
- университеттің инновациялық әлеуетін ғылыми-әдістемелік қолдау және ақпараттық қолдау.

Қызметі: Инновация және кәсіпкерлік орталығының маманы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
4. Enhancing innovation competences and entrepreneurial skills in engineering education
5. InnoCENS List of work packages
6. InnoCENS strategy plan on quality control, dissemination and sustainability
7. Logical framework matrix – LFM
9. Innovation System Syllabus descriptions
10. Syllabus Entrepreneurship for engineers